317
Егер өзің тұрған нүктенің орны картада белгілі болса,
бағдарлардың бағыты дұрыс анықталса,
сол жаққа қарай карта
арқылы нысаналайды. Ол үшін өзің тұрған нүктеден бағдарлайтын
нысанға бағыттап сызғыш қояды. Сызықтың қабырғасы жергілікті
жердегі нысанға сай келуі тиіс.
Түнде нашар көрінетін жағдайда жəне бағдарлық нысандарға
кедей жерлерде картада тұсбағдар арқылы бағдарлайды. Тұс-
бағдардың магниттік бағдарын босатып, 0º-180º топографиялық
картаның тік бағыттағы шақырымдық
сызығымен сай келетіндей
жағдайда орналастырып, тілін бағытқа енгізілетін түзетуге сəйкес
3 бұрыш жасайтындай жағдайға келгенше бұрамыз. Егер түзету
3º кем болса, онда 0º келгенше бұрамыз.
Адрианов тұсбағдарының лимбасының шкаласы 3ºкейін
жүргізілгендіктен жергілікті жерде бұрышты жоғары дəлдікпен
өлшеу мүмкін емес. Өзің тұрған жердің орнын жергілікті жерді
картамен беттестіріп көз мөлшерімен жергілікті нысандармен
салыстыру арқылы жəне арақашықты өлшеп немесе жүріп өту
арқылы анықтайды.
Егер нүктелік бағдарлар (жеке тұрған ағаш, бұлақ) болса, бағ-
дарлар өзі тұрған орынды картадан еш қиындықсыз таба алады.
Ашық жердегі А нүктесінің өзің тұрған нүктеден
қашықтығын
көз мөлшерімен немесе олардың арақашықтығын өлшеу арқылы
анықтайды. Тұсбағдармен бағдардың азимутын жəне оған
дейінгі арақашықтықты өлшеп, одан соң шартты белгіден өзің
тұрған нүктеге дейінгі кері азимутты анықтап арақашықтықты
масштабқа салып өлшейді. Егер өзің тұрған нүктеден бір бағдар
көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп,
кесте сызу арқылы
өзің тұрған нүктенің орны анықталады.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі
сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне
сызғышты қойып жергілікті жердегі бағдарлық нысанға
бағыттайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін
түзу сызық жүргізіп, тұрған нүктенің орнын табады.
Жергілікті
жерде қозғалғанда, картаның бетін жергілікті жермен салысты-
рып, өзі тұрған орынды оның маңында кескінделген бағдарлық
нысандардың бірінші ірісін, содан соң ұсақтарын тауып алады.
Бағытпен қозғалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру
қажет. Көріну нашар болғанда (түнде)
бағытты тек тұсбағдармен
анықтайды. Сондықтан бағытты дұрыс бақылап арақашықты
318
өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тау-
ып алу үшін оған дейінгі қашықтыкты көз мөлшерімен анықтап
картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың
соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды
жергілікті жерден табу
үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып одан нысаналайтын
затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып,
таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда
картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың
ең тиімді жолын таңдайды.
Картаның бетіне қозғалатын бағыттың сызықтарын түрлі түсті
қарындашпен сызып, жер бетіндегі
бағдарлардың арақашықтығын
өлшеп жазады. Егер жүретін жол ұзақ болса, онда тоқтап демала-
тын, қонатын жерлерді картада белгілейді. Бағытпен қозғалу ба-
рысында жергілікті жердегі нысандар мен картаның салыстырып
бағдарлық нысандарды тауып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: