Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек тор- лары. Қазақстан Республикасы аумағындағы біртұтас ко-
ординаттар жүйесі Мемлекеттік геодезиялық торға (МГТ)
негізделіп құрылады. Еліміздегі кезкелген нысанның координа-
тын анықтауға Ресей Федерациясының ғаламдық новигациялық
жерсеріктік жүйесі (ҒНЖСЖ) мен NAVSTAR GPS (Navigation
Satellite Timing and Ranging Global Positioning System – Амери-
ка Құрама Штаттарының ғаламдық навигация жүйесі) заманауи
жерсеріктік навигация жүйелері қолданылады.
Белгілі бір нүктенің референц-элипсоидқа қатысты орнын
кеңістіктік тік бұрышты координаты немесе ендігі мен бойлығын,
теңіз деңгейінен биіктігі, сонымен қатар, тік бұрышты жазық
координаты мен биіктігі түрінде алуға болады. Біздің елімізде
білігі жалпы жерлік ПЗ-90 координаттар жүйесінің білігінің
бағытына сəйкес келетін Красовский элипсоиды қабылданған.
Бірақ референц-координаттар жүйесінің бастауын айқындайтын
элипсоид орталығы массаның орталығынан 155 м шамасын-
да ығысады. Қазақстан Республикасының барлық аумағында
бастауы Кронштаттағы футштоктың нөль белгі болып табыла-
тын Балтық биіктіктік жүйесі қолданылады. Ол