Көлденең қима-сызбалар – жалпы географиялық жəне мазмұны
бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, сонымен қатар,
олардың масштабына, шартты белгілеріне негізделіп, белгілі бір бағытты
бойлай құрылатын жер бетінің көлденең қима-сызбасы.
Курвиметр – картадағы қисық сызықтардың ұзындығын өлшейтін
құрал.
Қалыпты цилиндрлі проекция – картографиялық торларды
цилиндр дің білігі глобустың білігімен сəйкес келетін цилиндрде құру
арқылы алатын прекция. Жанасатын қалыпты цилиндрде құрылған
дүниежүзі карталарының картографиялық торлары бірін-бірі перпенди-
куляр қиып өтетін түзу болады.