Мензульдық түсіру – жергілікті жердің сұлбасын (планын) дəл
құруға мүмкіндік беретін жергілікті жердегі географиялық нысандар мен
жер бедері бірдей дала жағдайында түсірілетін бұрыш сызатын (кесте)
түсіру жұмыстары.
Меридиандарды жақындату бұрышы – географиялық меридиан-
дардың солтүстік бағыты мен координаттық тордың тік шақырымдық
сызығының арасында түзілген бұрыш. Меридиандарды
жақындату
бұрышы
γ
əріпімен белгіленеді. Оның көрсеткіші 3º аспайды.
Меридиан – солтүстік жəне оңтүстік полюсті бір-бірімен қосатын РМ
Р
1
М
1
Р шартты сызығы.
Микрофиштегі карталар – картаның немесе атластың фото немесе
кинопленкадағы кішірейтілген көшірмесі. Микрофильмдеу кең көлемді
картографиялық ақпаратты сақтауға, жылдам тауып көрсетуге, карто-
графиялық өнімдердің (əсіресе ескі карталардың) түпнұсқаларын сақтау-
ға, картографиялық өндіріс пен кітапханалардағы картақоймалардың
ауқы
мын кішірейтіп, оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік
береді.
Микрометр – оптикалық теодолиттердегі дөңгелек лимбалы
көлденең шеңбер мен алидадалық шеңбердің көмегімен қажетті бағыттың
бұрышының азимутының өлшемдерін алу қызыметін атқаратын құрылғы.