Нивелирлеу бекеті –
бір-бірімен байланысатын екі нүктеге де ортақ
нивелир орналасқан нүкте.
Ортодромия – Жер элипсоидының үлкен шеңбері арқылы жүргізілген
екі нүктені қосатын сызық.
Параллель – экваторға бағыттас, меридиандарға перпендикуляр жүр-
гі зілген шартты шеңбер.
Перпендикулярлар тəсілдері – кескіндері иректелген бұлақтар
мен орман шоқтары, ірі нысандардың қоршаулары сияқты нысандарды
түсіру барысында қолданылатын тəсіл. Бұл нысандардың барлығының
кескін дері күрделі болуымен ерекшеленетіндіктен олардың нақты пішінін
жүріп өтетін жол мен нысанға дейінгі арақашықтықты перпендикуляр түзу
өлшеулер арқылы ғана анықтайды.