Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Географиялық карталарды талдау, оқу жəне оны



Pdf көрінісі
бет158/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Географиялық карталарды талдау, оқу жəне оны 
 
пайдаланудың басқа да түрлері. 
Оқу дағдылары болмай кар-
таны пайдалану мүмкін емес. Шартты белгілі-шолу үлгісі бо-
лып табылатын картаның кешенді қасиетіне сүйеніп, шындықты 
қалпына келтіру үрдісін
картаны оқу
дейміз. 
Мектепте оқытудан бастап ғылыми зерттеулерге, соны-
мен қатар, қорғаныс пен экономикалық сипаттағы маңызды 
шешімдер қабылдауға дейінгі соңғы мақсатына қарамастан кар-
таны оқып-үйренудің кез-келген əрекеті картадан қажетті ақ па-
рат ты алудан басталады. Картаны оқудың сапасы көп жағдайда 
оқыр 
ман білімінің мен тығыз байланысты болады. География 
ғы 
лымын игерудің енді бастаған мектеп оқушылары мен кар-
та 
мен тұрақты жұмыс істейтін тəжірибелі зерттеушінің бір 
кар 
тадағы деректерді алу нақтылығының дəрежесі əртүрлі 
бо ла ды.
Картаны оқу мен мəтінді оқудың бір-бірінен айырмашылығы 
жоғары болады. Себебі, картадағы жазулар мен шартты белгілер 
кеңістікте дараланып, орналасқан орындары нақты көрсетіледі. 
Бұл картада кескінделген түсініктің мəнін түсіндіріп ғана 
қоймай, олардың кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. 
Картада кескінделген нысандардың мəтіндік жазулары олардың 
кеңістіктегі орнын айқындап тіркеу үшін қосымша сөздікті 
қажет етеді. Сызықтық жəне аудандық нысандардың атаулары 
олардың созылған бағытына сəйкес жазылады. Кейде нысандар 
мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайтын жазулардың 
жазылу сипаты сызықтық шартты белгілердің түсі арқылы 
анықталады. Мысалы, суық жəне жылы ағыстарды жазуы мен 
бағдар сызықтарының түсі арқылы ғана ажыратуға болады.


181
Зерттелетін құбылыстардың ерекше сипаттарын анықтау үшін 
картаны оқуда салыстырмалы түрде қарапайым сапалық талдау-
дан бастап, күрделілік дəрежесі əртүрлі біршама терең төменде 
көрсетілген бірқатар сандық оқу тəсілдері қолданылады:
- картада кескінделген құбылыстардың сапалық сипатының 
жеке элементтері немесе жалпы ерекшеліктері жөніндегі 
түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін сипаттау;
- қамтыған нысандар мен құбылыстардың деректерін пай-
даланып, екі өлшемді сызба-нұсқалар мен диаграммаларды, 
үш өлшемді блок диаграммаларды құруға мүмкіндік беретін 
карталарға кестетік талдау;
- картадағы сандық шамаларды пайдаланып əртүрлі 
өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін 
картометриялық жəне морфометриялық кестетік талдау;
- картадан алынатын деректерге математикалық талдау, мате-
ма 
тикалық статистика, ақпараттану теориясы жəне тағы басқа 
тəсілдерді қолданып, математикалық үлгілерді құру мен зерттеуді 
қамтамасыз ететін математикалық картографиялық үлгілеу əдісі.
Жоғарыда көрсетілген картографиялық зерттеу əдістерінің 
ішінен жиі қолданатын тəсілдерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет