Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ұсақ масштабты карта бойынша географиялық коорди-



Pdf көрінісі
бет167/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ұсақ масштабты карта бойынша географиялық коорди-
натты анықтау. 
Ұсақ масштабты карталардан қажетті нысанның 
географиялық координаттарын анықтаудың екі тəсілі бар. Бірінші 
дəл емес тəсілді қолданғанда нүкте арқылы картаның градустық
бұрыштамаларын қиып өтетін меридиан мен параллель жүргізеді. 
Ендікті анықтау үшін бүйір бұрыштамалардан (батыс жəне 
шыңыс) градус саны кіші параллельден қиып өтетін көлденең 
сызыққа дейін теңдей градустық бөліктерге бөліп санайды. 
Бойлықты анықтау үшін оңтүстік жəне батыс бұрыштамалардан 
градус саны кіші меридианнан қиып өтетін тік сызыққа дейін 
теңдей градустық бөліктерге бөліп санайды. Шыққан сандарды 
градусының мəні кіші параллель мен меридианға қосып жазады. 


190
Екінші тəсілде жақын орналасқан көршілес параллельдер мен 
меридиандар торын таңдауға негізделіп нүктенің географиялық 
координаттары анықталады. Бұл əдісті қолданып координатын 
табатын Е нүктесінің ендігі Δφ табу үшін нүкте арқылы көршілес 
жатқан А жəне В параллелдерін қосатын түзу сызық жүргізіп, мм 
есебімен алынған ұзындығын өлшеп, шыққан санды көршілес
параллелдің градус айырмасына бөліп, мм есебімен алынған 1° 
параллель жүргізілген арақашықтықты есептеп шығарамыз. Со-
дан кейін нүкте орналасқан градусының мəні кіші параллельден 
нүктеге дейінгі мм есебімен алынған ара қашықтықты есептеп
шыққан санды мм есебімен алынған 1° параллель жүргізілген
ара қашықтыққа бөлеміз де нүктенің ендігінің мəнін табамыз. 
Шыққан санның біріншісі градусы, екіншісі минуты, үшіншісі 
секунды болып табылады. Бірінші санды сол қалпында, екінші 
жəне үшінші санды 1° -тың оннан бір бөлгі 6´ жəне үшінші сан-
ды 1´ оннан бір бөлігі 6´´ көбейтіп жазамыз. Шыққан сан ко-
ординатын анықтайтын нүктенің градусы, минуты мен секунды 
көрсетілген нақты ендігі болып табылатындықтан картадағы 
мəні кіші параллельге қосып жазамыз.
Координаты анықтайтын Е нүктесінің бойлығы Δλ табу үшін 
көршілес жатқан С
жəне D
меридиандарын қосатын түзу сызық 
жүргізіп мм есебімен алынған ұзындығын өлшеп, шыққан санды 
көршілес меридиандардың градус айырмасына бөліп мм есебімен 
алынған 1° меридиан жүргізілген ара қашықтықты есептеп 
шығарамыз. Содан кейін нүкте орналасқан градусының мəні кіші 
меридианнан нүктеге дейінгі, мм есебімен алынған арақашық-
тықты өлшеп, шыққан санды, мм есебімен алынған 1° меридиан 
жүргізілген ара қашықтыққа бөлеміз де, нүктенің градус, минут, 
секунд есебімен алынған бойлығын табамыз. Шыққан санды 
картадағы градусының мəні кіші меридианға қосып жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет