Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Геоиконика картаны құрудың жаңа ғылыми бағыты



Pdf көрінісі
бет188/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Геоиконика картаны құрудың жаңа ғылыми бағыты. 
Қазіргі ғылымның даму үдерісінде ойлар мен əдістердің құрам-
да суы байқалады. Атап айтсақ, география мен экологияның ара-
лы
ғын 
да кешенді бағыт геоэкология дамыса, картографияның, 
қа шық тықтан зондлау мен машиналық кестеаның аралықтарында 
пай да болған шекаралық ғылыми бағыттқа 
геоиконика 
жатады. Қа-
зір гі кезеңде қалыптасу сатысында тұрған геоиконика 1985 жыл -
дан бастап Мəскеу мемлекеттік университетінде дами бастады. 
Геоиконика – негізгі міндеті геобейнелердің жалпы теориясын, 
талдау, түрлендіру жəне ғылыми-тəжірибелік мақсатта пайдалану 
əдістерін жасау боып табылатын ғылыми пəн. Ол картографияның, 
қашықтықтан зондлаудың, жəне геоақпараттанудың жетістіктерін 
біріктіреді. 
Геоиконика тұғырнамасын алғаш рет 1980 жылдардың орта-
сында профессор А. М. Берлянт ұсынды. 
Барлық карталарды, түсірілімдер мен географиялық кеңістіктің 
басқада кестетік бейнелеріне «геобейне» термині қолданылады. 
Белгілі бір масштабта құрылған жəне кестетік əдіспен шолу 
түрінде ұсынылған жер нысандарының немесе үрдістерінің 
жинақталған кез-келген кеңістіктік-уақыттық үлгісін 
геобейне
дейміз. Геобейненің қасиеттері оның анықтамасында берілген. 
Оған нақты нысанмен салыстырғанда неше есе кішірейтіліп 
алынғанын көрсететін масштабы, кескінделген нысандар мен 
құбылыстардың ең басты белгілерін іріктеп алуды айқындайтын 
жинақталуы, ұсынылатын бейнені кестетік əдіспен кескіндеу 
жатады. Барлық геобейнелер төменде көрсетілген үш сыныпқа 


220
жіктеледі: 1. жазық немесе екі өлшемді; 2. көлемді немесе үш 
өлшемді; 3. динамикалық немесе үш, төрт өлшемді. 
Бірінші топқа жататын фотосуреттік, телеарналық, сканерлік 
машинакестеалық сыяқты жазық немесе екі өлшемді геобейнелер 
əлі күнгедейін біршама кең таралған.
Екінші топты блоктық, голографиялық жəне стереоскопиялық 
геобейнелер сыяқты көлемді немесе үш өлшемді үлгілер 
құрайды. Бүгінгі таңда голограммалар картографияда кеңінен 
қолданысқа ие болмай отырғанымен голлограмма-геобейнелерді 
құру болашақтың ісі болып табылады. Ол мұхит табанының 
көрінбейтін бөліктерін экранда көрсетуге мүмкіндік берер еді.
Үшінші топқа Жер туралы ғылымға біршама жылдам еніп 
келе жатқан динамикалық геобейнелер жатады. Ол динамикалық 
құбылыстарды оқып-үйрену, сонымен қатар, мониторинг жасау 
үдерісіне пайдалану ауқымын кеңейтуде. 
Болашақта динамикалық бейнелер карталар мен аэро- жəне 
ғарыштық түсірілімдер сыяқты қоршаған ортаны танудың 
үйрен шікті құралдарының біріне айналады. Үшінші топқа карта-
дан немесе түсірілімдерден құрылған мультиплекациялық жəне 
киномотографиялық геобейнелерде жатады. 
Əртүрлі кластардың түйлісінде жоғарыда аталған үш топтың 
да қасиеттері үйлескен көптеген құрамдасқан геобейнелер де бар. 
Геобейнелердің біртұтас теориясы геокеңістіктің əртүрлі 
үлгілерін бір-бірімен беттестіріп, ғаламшардың көптеген кестетік 
бейнелерін жүйелеуге, сонымен қарар, геоақпараттану мен 
геоақпараттық жүйенлердің дамуына мүмкіндік береді. Геобейне-
лер – (кестетенген географиялық кеңістік) ГАЖ пайдаланушыға 
ақпарат ұсынудың негізгі нышаны, ал геобейнелерді автоматты 
түрде дайындау ГАЖ атқаратын ең басты қызыметіне айналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет