Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет196/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

231
нұсқаулары көмектесті. Притори ойлап тапқан мензул ХVІ 
ғасырдың соңында түсіру жұмыстарын күшейтті. 
6.2 ХVІІ-ХІХ ғасырда Батыс Еуропа мен Ресейде 
картографияның дамуы
Американың ашылуына жəне жаңа жерлерді жаулап алуға 
байланысты нарықтың кеңейюі картаға жəне оларды жетілдіруге 
деген сұранысты арттырды. Əсіресе навигацилық теңіз карта-
ларына тапсырыс күшейді. Осыған орай бойлықты нақтылау 
мақсатында 1675 жылы Лондон қаласы маңында Гривнич об-
серваториясы құрылып, онда астрономиялық жəне толысуларға, 
желдерге, магниттік ауытқуларға физикалық-географиялық 
бақылаулар жүргізілді.
ХVІІ ғасырдың екінші жартысында картографиялық жұмыстар 
Францияда дами бастады. Бірақ тірек нүктелерінің координат-
тарын анықтауда түйінді мəселелер туындады. Сол кезеңдегі 
ғылымдағы ірі жаңалық Голландық ғалым В. Снелиустың 
1615жылы триангуляция əдісін табуы болды. Триангуляция əдісі 
меридиандар доғасының ұзындығын есептеуге жəне нүктелердің 
координатын анықтауға мүмкіндік берді. 
ХVІІІ ғасырда Францияда триангуляция жоспарлы сипат алды.
Жердің нақты пішінін анықтау үшін əртүрлі ендіктерде орналасқан 
Перу мен Лапландияға екі экспедиция ұйымдастырылды. 
Жүргізілген есептеулер Жердің тік білігі бойынша сығылуына 
байланысты 1° меридиандар доғасының экваторға қарағанда 
жоғарғы ендіктерде ұзын екенін дəлелдеді.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Францияда топография-
лық түсірулер қарқынды дамыды. Елдің картасын шығару (182 
беттен тұратын) ұзаққа созылып тек 1815 жылы ғана аяқталды. 
Птоломей карталарындағы перспективті суреттерді қисық 
сызықтармен ауыстыру арқылы Жер бедерін кескіндеуді 
жақсарту жұмыстары жүргізіліп олар біртіндеп күрделі, көрнекі 
əрі өлшеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы бола бастады. Қисық 
сызықтардың (штрихтардың) шкалаларын математикалық 
есептеуді ХVІІІ ғасырдың соңында саксондық əскери топограф 
И. Леман ұсынды. ХVІІІ ғасырда көптеген биіктіктік белгілерін 


232
көрсететін жер бедерін горизонтальдармен кескіндеу əдісі пайда 
болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында теміржол құрылысын 
жүргізу, ғылыми зерттеулер мен топографиялық түсіру барысын-
да жоғары дəлдіктегі приборлар қолданылды.
Қорыта айтқанда, Ұлы географиялық ашылулардың, дүние 
жүзін айнала жүзулердің, географиялық координаттарды анықтау-
дың, топографиялық түсірулердің нəтижесінде материктің кескін-
дері бейнеленген дүние жүзінің карталары пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет