229
бастады. ХVІ ғасырдан бастап портолондарды теңіз карталары
ауыстыра бастады.
Ұлы географиялық ашылулар кезеңіндегі картография-
ның дамуы.
Негізінен ұлы географиялық ашылулар кезеңін Х. Колумб пен
Ф. Магелланның саяхаттарынан басталады. Бірақ олардың сая-
хаты Теңізде жүзуші Генрих деген атпен белгілі Португал хан-
задасы Энриктің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Еуропаның
ең батысындағы Сан-Висенте мүйісінде Энрик космография,
астрономиялық абсерватория, теңіз ареалы мектебін құрды.
Үндістанға баратын теңіз жолын іздеу мақсатында 1416 жылы
ол Африка жағалауын бойлай жүзген алғашқы экспедиция-
сын жіберді. Ол кезде Азияның басым бөлігі енген Үндістанға
Еуропалықтар Үндістан мен Бирманы, Қытай мен Жапонияны,
Индонезияны, Маллук аралдарын жатқызған.
Х. Колумб 1492 жылы Канар аралдары арқылы сапарға
аттанғанда өзі баратын Үндістан деп құпиясы мол Сипан-
гу аралын (қазіргі Жапония) есептеген болатын. Оның сапары
нəтижесінде Сан-Сальвадор, Куба аралдары, басқада көптеген
жерлер ашылды.
1513 жылы Васко Нунис Бальбоа Панама мойнағынан асып
Тынық мұхитына шықты. 1524 - 1537 жылдар аралығында
ағайынды Писсаро, Диего Альмагаро жəне Себастьян Белалькас-
тар Оңтүстік Американың батыс жағалауларын (Перу мен Чили)
ашты.
Дүниежүзін танып білу мен картаға түсіруде Ф. Магелланның
экспедициясы маңызды қадам жасады.
Жаңа жерлерді ашу сол аумақтардың кестелік кескінін
жасаумен қатар жүрді. Орта ғасырлық портоландық немесе
тұсбағдарлық карталар кезеңі мен проекциямен құрылған теңіз
карталарының аралығында мұхит арқылы жүзу үшін жердің
қисықтығы ескерілетін глобустар қолданылы.
Африка жағалауына саяхат жасаған Португал экспедиция-
сына қатысқан танымал картограф жəне астроном Мартин Бе-
хайм өз глобусын 1492 жасады. Оның глобусында дүние жүзі
Птоломейдің картасы бойынша кескінделіп, экспедиция бары-
сында жинақталған деректермен толықтырылған.
230
6.3 сурет
. ХVІ ғасырдың соңында Отрели мен Меркатордың
атластарындағы жарты шарлар мен жеке аймақтарының карталары
ХVІ ғасырдың басындағы дүние жүзі туралы географиялық
түсінік Шепердің глобусында (1515) жақсы көрсетілген. Сол
кезеңде глобустарды картографиялық проекцияларды құруға да
қолдана бастады.
ХVІ ғасырда Антверперде жұмыс істеген Аврам Отрелидің
(1527- 1598) жəне латындандырылған Меркатор атымен танымал
Герард Крамердің (1512- 1594) атластарында қолданылған Жер
шарының барлық бөлігін қамтитын жаңа картографиялық про -
ек цияларды жасап шығарылды. Меркатор 1539 жылы өз ең бек -
те рін де алғаш рет «Америка» атауын қолданды. Бұл ғалым ның
ең бектері картографияның даму тарихында тұтастай бір кезеңді
қам тиды. Ғалымның дүние жүзінің картасына арнал ған цилин-
др лік проекциямен құрылған 15 беттен тұратын мыс тақ тай шада
гра вюрленген карталары белгілі. Меркатор өлген нен кейін 1595
жылы басылып шығарылған атласты құру бағы
тын
да жұмыс
жасады. Бұл атласта ХVІ ғасырдағы орыс сызбасын қолдан-
ғандықтан, алғаш рет Ресей кеңейтіліп кескінделді. Кейін нен ат-
лас қайта басылып, 451 беттен тұратын 6 томға жетті [6.3-сурет].
ХVІ ғасырдың соңында Отрели мен Меркатордың атластары-
нан басқа да арнайы карталар мен атластар пайда бола бастады.
Əртүрлі мемлекетте түсіру жұмыстары басталды. Олардың даму-
ына 1550 жылы шыққан «Хорография» деген жалпы атпен белгілі
Коперниктің шəкірті Ретрикус жасаған «Жіп пен тұсбағдарды
пайдаланып түсіру жұмыстарын жүргізуге басшылық» атты
|