Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


І Петр кезеңінде картографияның дамуы



Pdf көрінісі
бет198/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

І Петр кезеңінде картографияның дамуы
. І Петр 
кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер картографиялық жұмыстарға да 
өзгерістер енгізді. Жаңа міндеттірді бұрынғы құралдармен шеу-
ге болмайтын болды. Сондықтан картографиялық жұмыстарды 
орындау үшін қажетті деңгейде білімі бар мамандар дайындау ісі 
қолға алынып, Мəскеу математика жəне навигация мектебі мен 
Санкт-Петербург теңіз мектебінде картография жəне геодезия 
саласының мамандары дайындала бастады.
1724 жылы І Петрдің жарлығымен Ресей ғылым Академия-
сы құрылып, ел аумағында топографиялық түсіру жұмыстарын 
жүргізе бастады. 1721 жылы түсіру жұмыстарына 1732 жылы 
111 геодезис тарылды. Түсіру жұмыстары уездерде жүргізіліп, 
аталған əкімшілік-аумақтық құрылымның құрылған картала-
ры Сенатқа жіберілді. Кейіннен Ресейде карта басып шығару ісі 
қолға алынды. 
Түсіру жұмыстарын басқарған Сенаттың обер хатшысы 
И. К. Кирилов (1697-1737) 360 картадан тұратын 
Бүкіл Ресей 
империясының Үлкен атласын
құруды ойластырды. Ол 1734 
жылы жекелеген аумақтық-əкімшіліктік құрылымдардың тек 14 
арнайы карталарынан тұратын бірінші бөлімін ғана шығарып 
үлгерді. Бірақ бұл карталар Сібірдің сызбалар кітабынан біршама 
нақты болғанына қарамастан, бойлықтары бойынша 8º-10º 
үлкейтілгіп берілуіне байланысты қателері болды. 1745 жылы 
Ғылым Акедемиясының география департаменті дəлдігінен кет-
кен қателіктер біршама аз 
Ресейдің атласын
басып шығарды. 


234
І Петр мен одан кейінгі кезеңдерде барлық экспедициялардың 
құрамына геодезистер кірді. Сол кезеңдегі көптеген экспедиция-
лар дың басты мақсаты картографиялық материалдар жинап, кар-
та құру болды. Геодезистер Қазақстанды, Сібірді, Кіндік Азияны, 
Камачат каны, Тынық жəне Солтүстік мұзды мұхиттарын зерттеу-
ге зор үлес қосты. 
Орыс геодезиясы мен жерді орналастырудың дамуына 1765 
жылы жаряланған ІІ Екатеринаның бас межелеу манифесінің 
маңызы зор болды. Монифеске сəйкес Ресей аумағында ХVІІІ 
ғасырдың бірінші жартысында басталып, ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында аяқталған межелеу алдымен уездік қалалардың 
жерлерінде, содан кейін қалалық жерлермен шектесетін саяжайлық 
телімдерде содан кейін уезд шекарасына дейін жүргізілді. Жер 
телімдерінің сыртқы шекаралары бұрыш өлшеу əдісіне сəйкес 
астролябтың көмегімен түсіріліп, арақашықтықтары он сажалық 
темір шынжырлармен өлшенген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет