6.3. КСРО кезеңі мен Қазақстан Республикасында
картографияның дамуы
Қазіргі кезеңдегі
картографияның теориясы мен əдістемесінің
дамуының негізін КСРО кезеңіндегі ғалымдар мен тəжірибелі
мамандар салды. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін халық
шаруашылығын, қорғаныс пен білім беру салаларын картамен
қамтамасыз ету міндетін шешу мақсатында 1919 жылы кейіннен
236
«Мемлекеттік геодезия жəне картография басқармасы» болып
қайта құрылған «Бас геодезия басқармасы» құрылды. 1923 жыл-
дан бастап топографиялық карталар үшін біртекті проекция,
стандартты метрлік масштаб, əр бетті беттерге бөлу, номенклату-
ра жəне тік бұрышты жазық координаттар жүйесі енгізілді. Осы
жылдары топографиялық карталарды құруға аэрофотографиялық
түсіру (құрамдасқан кескінді жəне стереографиялық түсіру) əдісі
енгізіле бастады.
Ұлы отан соғысы басталар алдында КСРО-ның, дүние
жүзінің, жеке материктер карталарына арналған проекциялардың
теориясы бойынша зерттеулер жүргізіліп, 1940 жылы Красов-
ский элипсоидының өлшемі есептелініп шығарылды. Сол жыл-
дары КСРОда бірқатар атластар құрылды. Солардың ішіндегі ең
құндыларының бірі ретінде «Дүние жүзінің үлкен кеңестік атла-
сын» атап өтуге болады.
Біліктілігі жоғары мамандар дайындау ісіне де баса назар
аударылып, Геодезия, Аэрофото түсіру жəне картографияның
орталық ғылыми зерттеу институты ашылды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары карталарды жаңарту
жəне геодезиялық торларды қалпына келтіру жұмыстары
жүргізіліп, аэротүсіру əдістері жасалды. 1950 жылдардың орта-
сында КСРО-ның барлық аумағының 1:1 000 000 масштабты кар-
таларын құру толық аяқталды.
Алынған ірі масштабты карталардың негізінде ғылым
мен іс-тəжірибенің алуан түрлі талаптарына жауап беретін
топографиялық шолу карталары, сонымен қатар, мемлекеттік
маңызы бар жоғары сапалы тақырыптық карталар да құрыла ба-
стады. Олардың қатарына КСРО-ның геологиялық (1:200 000,
1:1 000 000), топырақ (1:1 000 000), гипсометриялық (1:2 500
000), жоғарғы мектепке арналған 1:4 000 000 масштабты қабырға
(геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, тағы да басқа)
карталарын жатқызуға болады.
Бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған атластардың
қатарына алға рет 1954 жылы басылып шыққан орта мектептің
мұғалімдеріне арналған «Мұғалімдердің географиялық атла-
сын», «Үш өлшемді теңіз атласын» (1953-1958), «Дүние жүзінің
физикалық-географиялық атласын» (1964), «Антарктида атла-
237
сын» (1966-1969), «Мұхиттардың үш өлшемді атласын» (1971-
1974) тағы басқаларды жатқызуға болады.
Біршама көп тиражбен шығарылатын карталардың қатарына
мектеп карталары мен атластарын жатқызуға болады.
КСРО кезеңінде картография мен тақырыптық картаға түсіру
ісінің дамуына экономикалық жəне əлеуметтік географияның
негізін қалаушы Н. Н. Баранский (1881-1963) зор үлес қосты. Ол
географиялық зерттеулер барысында карта мен картографиялық
талдау əдісіне баса назар аударып, экономикалық карталарды
құру жəне талдау əдістері мен қағидаларын негіздеді.
Н. Н. Баранский картаның географиядағы маңызы мен атқа-
ратын қызметін айқындап төменде көрсетілген ой қорытын ды ла-
рын шығарды:
1. Карта географияның альфасы мен омегасы немесе геогра-
фия лық зерттеулер картадан басталып, картамен аяқталады.
2. Карта бос орынды толтыратын ынталандырушы.
3. Карта географиялық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік
береді.
4. Карта зерттеу мен нысанды байланыстыратын дəнекер.
5. Карта географиялық зерттеулерге қажетті құрал ғана емес,
географиялық ойды жеткізудің ажырамас құрамдас бөлігі.
КСРО-да картографияның дамуы кеңестік география мен кар-
тография мектебінің негізін салушы аса дарынды ғалым К. А.
Салищевтің (1905-1980) есімімен тығыз байланысты болды. Ол
нақылы бір картографиялық өнім мен оны құру əдістеріне зор мəн
беріп, карографияны техникалық пəн ғана емес, дүниені тану тура-
лы ғылым ретінде қарады. К. А. Салищевтің теориялық еңбектері
географиялық картаға түсірудің іргетасы болуымен қатар, ол гео-
кешен ретіндегі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық кешендер
(геожүйелер) мен олардың құрамдас бөліктерін картаға түсіруді
жүйелеуге мүмкіндік береді.
Ғалым ғарыштық ақпараттарды картографияда қолданудың
теория лық астарына ерекше назар аударды. Ғарыштық ұшулар
карто графияға жер беті мен айдың бетін, күн жүйесіндегі басқа
ғалам
шарлады түсіру жүргізетін жаңа, болашағы зор бағыт
ашты. Сонымен қатар, Жер бетінің картасын құру үшін орбиталық
ғарыш тық ұшулар барысында алынған кеңістіктік ақпараттар
қолданылады.
238
Жердің ғарыштық бейнесін орбитадан көре алу мүмкіндігі
пайда болды қазіргі теориялық жəне тəжірибелік картография
карта жасау мен бастырып шығарудың автоматтандырылған
карта жасу жүйесі мен картаны құрудың аэроғарыштық əдісін
енгізу мəселелерімен айналысуда.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығында Қазақ КСР ғылым
академиясының география институтының ғалымдары Қазақстан-
ның алғашқы физикалық географиялық жəне экономикалық гео-
гра фиялық атластарын құрылды.
Қазіргі кезеңдегі картографияның дамуына танымал ғалым-
картограф А. М. Берлянд зор үлес қосты. Ол жаңа картографиялық
пəн геоикониканың теориясын жасап жатыр.
Бүгінгі таңда картография басқа салалармен құрамдасуда.
Атап айтсақ, картаға түсіру мен аэроғарыштық зондлау геогра-
фиялық ақпараттық жүйелерге негізделеді. Бұл өзекті міндетті
зерттеу, табиғат байлықтарын оңтайлы пайдалану жəне халық
шаруашылығына пайда тигізу мақсатында қолданылады. Карто-
графиялық бейнелер (компьютерлік карталар, үш өлшемді үлгілер
тағы басқалар) – пайдаланушыларға ұсынылатын ақпаратты
қолайлы жəне тиімді нышаны, ал картаны автоматты дайындау
ГАЖ қызметінің бір түрі болып табылады.
Қорыта айтқанда, ұйымдасқан жəне кеңістікте таралған
ақпараттарды сақтаушы ретінде жаңа құндылыққа ие болуда
қазіргі кезеңдегі картографияның басты екі міндеттері бар:
1. Жетілдірілген жаңа картографиялық шығармалар жасау;
2. Оларды білім көзі ретінде толыққанды пайдалану жəне
оған қатысты картографиялық зерттеу əдісін дамыту.
Бүгінгі таңда картографияны дамытудың маңызды фактор-
лары ның біріне картаны құрудың, басып шығару мен пайдалану-
дың ж етілдірілген əдістері мен құралдарын жасау жатады. Гео-
графия лық шындықты біршама толық қабылдауға мүмкіндік бе-
ре тін болашағы зор бағыттардың бірі картографияға электронды
есептеу техникалары мен автоматиканы енгізу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |