252 7.1-сурет . Ірі масштабты карталарда белгіленген бағыттың көлденең
қима-сызбасы
Көлденең қима-сызбаға АВ жəне ВС сызықтарының əрбір
бұрылыс нүктелеріне олардың азимуттарын анықтап бағдар
сызықпен көрсетіп жазады. Əр нүктенің абсолют биіктігі
анықталып, олар көлденең қима-сызба негізінің тік масштабы-
на сəйкес белгіленеді. Əрбір биіктік белгісінен топографиялық
беттің сызықтарының кескінделу ерекшеліктерін айқындайтын
нүктелерді қосатын сызық жүргізіледі. Барлық нүктелер бір-
бірімен қосылып болғанда,көлденең қима-сызбаны рəсімдеуге
көшуге болады.
Көлденең қима-сызбалардың көмегімен бақылайтын
қосыннан көрінбейтін жергілікті жердің бөліктерін көруге бо-
лады. Əрбір қима-сызбадан бақылау нүктесінен бақылайтын
нүктеге дейін түзу сызық жүргізіледі.