референцті координаттар жүйелері қолданылады. Оны
біріншіден, сол аумаққа қолайлы элипсоид ретінде, сонымен
қатар, орталыққа бағытталған ауырлық сызығының нормальдан
ауытқуы өте шамалы болғандықтан; екіншіден, геодинамикалық
үдерістердің əсерінен бұзылып бір аймақтың екіншісіне қатысты
алғанда ығысуына əкеп соқтыруы мүмкін болатын геодезиялық
тор қосындарының өзара орналасуының тұрақтылығын сақтау
үшін пайдаланады. Өлшемдерінде кейбір бастапқы қосындардың
астрономиялық координатымен байланыстырылған ендіктер мен
бойлықтар енгізілген бастапқы геодезиялық датаның көмегімен
реферец-элипсоид Жер денесіне бағытталады.
Бастапқы геодезиялық даталарды белгілеудің қарапайым
əдісінің бірі-бастапқы қосында элипсоидтың координаттарын
астрономиялық бақылаулар барысында анықталған мəнмен
теңестіру болып табылады. Осы əдіспен Еуропаның көптеген
елдері, АҚШ, Жапония, сонымен қатар, бұрынғы КСРО-
ның Пулковадағы бастапқы қосын мен Бессоль референц-
эллитпсойдында бастапқы геодезиялық даталар анықталды.
Бірақ бастапқы қосындағы ауырлық салмақ сызығының ауытқуы
Жер денесіндегі элипсоидтың ығысуына əкеп соқтыруы мүмкін.
Референц-эллипсойд, көптеген елдің астрономиялық-геодезиялық
қосындарын дұрыс бағдарлау қажет. Бұл жағдайда бастапқы
қосынға деген қажеттілік болмай қалуы мүмкін. Осылайша
Красовскийдің референц-эллитпсоиды белгіленіп 1942 жылғы
координаттар жүйесі