Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет46/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Фазалық əдіспен
тасмалдаушы толқындарды пайдалана 
отырып біршама нақты өлшемдер жүргізіледі. Қашықтықты 
өлшеудің бұл əдісі фазаның синусойдальды ауытқуының уақыт-
қа пропорционал өзгеретініне негізделген. Сондықтан Жер 
дің 
жасанды серігінен қабылданған сигналдың фазалары қа 
был 
-
дағышта өңделген сигнал фазаларынан екі нысанның арақа-
шық
тығына пропорционал шамада айырмашылық жасайды. 
Өлшеу 
дің фазалық əдісін пайдаланғанда шешуді қажет ете-
тін күрделі мəселелер туындауы мүмкін. Жердің жасанды сері-
гінен қабылдағышқа дейінгі жолда арақашықтықтың бір толқын 
ұзындығына өзгеруі толқындар фазаларының өзгеруіне сəй 
кес 
келеді. Сондықтан келіп түскен жəне жергілікті фаза айыр ма шы-
лықтары өлшеу нəтижелерін бірқатар бүтін сандар циклдарынан 
жəне олардың бөлшектенген бөліктерінен тұруы тиіс. Өйткені 
өлшеу барысында тек бөлшек сандар тіркеледі. Бұл арақашықтық 
толқынырының ұзындығы 19 см болғанда, ұшу биіктігі одан артық 
болған жағдайда тек осы өлшем шегінде ғана тіркейді. Жердің 
жасанды серігінің ұшу биіктігін ескере отырып өлшенетін сызық 
100 000 000 астам мұндай қиындыға сəйкес келуі тиіс 
болғанымен, бірақ олардың саны белгісіз. Есеп бірден шешіле 
қоймайтындықтан оны шешу үшін қосымша басқа амалдарды 
қарастыру қажет.
Жердің жасанды серіктіктерімен позициялау барысында коор-
динаттар автоматты жəне дифференциальды режимде анықтайды. 
Автономды режим
бақылаушы бір қабылдағышпен жүмыс 
істеуді жəне өзінің орналасқан орынын басқа өлшеулерден 


43
тəуелсіз анықтауды ұсынады. Орналасқан орын кеңістіктік 
сызықтық белгілеу арқылы анықталады. Қашықтық кодтық 
əдіспен өлшенеді. Белгілеудің геометриялық мəнін төменде 
көрсетілген жағдайлар анықтайды. Егер анықтайтын бірқатар 
қосындардан Жердің үш жасанды серігіне дейінгі ара-қашықтық 
өлшенсе жəне олардан орталық ретінде осы радиустардан үш 
сфера тұрғызса олар іздейтін нүктеде түйіседі [1.5-сурет]. 
Үш координатты (X, Y, Z) анықтау үшін үш сфераны пайда-
лану қажет. Бұл орналасқан орынды үш өлшемде анықтау (3D) 
жағдайы деп аталады. Бірақ кеңістіктік сызықтық белгілеуде 
сфераның біреуі жердікі болуы мүмкін. Онда бақылау қосыны 
арқылы өтетін жер сферасындағы тек екі координат ендік пен 
бойлық анықталады. Бұл орналасқан орынды анықтаудың екі 
деңгейлі жағдайына (2D) жатады.
Іс жүзіндегі қашықтықты емес, жалған қашықтықтың 
бұрмаланған мəнін өлшейді. 
Жалған қашықтық нақты қашық-
тықтан жердің жасанды серігі мен қабылдағыштың уақыт 
шкаласынан ауытқуына тепе-тең болуымен ажыратылады

Жердің əр түрлі жасанды серіктерінен сигнал қабылдайтын 
қабылдағыштың барлық арналарынан есептеу бір мезетте 
жүргізілсе, онда кез- келген Жердің жасанды серіктерінен жалған 
қашықтықтың нақты қашықтықтан айырмашылығы бірдей бо-
лады. Бұл айырмашылықтар орналасқан орынды анықтаудың 
қосымша белгісіз теңдеулеріні енгізгеннен кейін өзгеруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет