Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Пайдаланушылар аппаратурасы жүйе тармағын



Pdf көрінісі
бет44/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Пайдаланушылар аппаратурасы жүйе тармағын
түзетін 
Жердің жасанды серіктерінің қабылдағыштарын жетілдіру 
жоғары деңгейге жетті. Қазіргі кезеңде жасалған заманауи 
ғарыштық қабылдағыштар бір мезетте бір жүйеде жұмыс 
істейтін жəне бірден ГЛОНАСС пен GPS жүйесінің жасанды жер 
серіктерін пайдалануға бағытталған.
Заманауи жер серіктік қабылдағыштардың барлығы алты, жеті 
жəне одан да көп арналы болады. Əрбір арна өзінің жасанды жер 
серіктерін бақылайды. Өлшеу барысында радиотолқындар өтетін 
желілердің бойында жер бедері, ағаштар, ғимараттар, басқа да 
құрылыстар сияқты кедергілердің салдарынан сигналдардың 
берілуінің үзілу мəселелері туындауы мүмкін. Арналар көп 
болған сайын бұл қиындықтарды жеңіп, көрінетін жердің жасан-
ды серіктерін табу оңай болады. 
Конструкциялық ерекшеліктеріне сəйкес жер серіктік қабыл-
дағыш тар төменде көрсетілген топтарға бөлінеді: 
– бір жүйеден сигналдарды қабылдауға бағытталған бір жүйе лі;
– ГЛОНАСС-тан да, GPS-тен де сигнал қабылдайтын екі жүйе лі;


41
– қашықтық өлшегіш кодтармен ғана жұмыс істейтін кодтық;
– тек қашықтық өлшегіштердің коды мен фазалық өлшеулерді 
L
1
жиілігінен ғана қабылдайтын бір жиілікті кодтық-фазалық; 
– қашықтық өлшегіштердің коды мен фазалық өлшеулерді L
1
жəне L
2
жиіліктерінен қабылдайтын екі жиілікті кодтық-фазалық;
Кодтық қабылдағыштар алақанға сыйып кететін жеңіл əрі шағын 
болады. Бір қораптың ішінде барлық блоктар (антена, қабылдағыш, 
қуат көзі) сыйғызылған. Олардың көмегімен ны сан ның кеңістіктегі 
орнын ғана емес, жылдамдығы мен қоз 
ғалатын бағытын да 
анықтауға болады. Бұл қабылдағыштар ен дік, бойлық, биіктік, əр 
түрлі проекциядағы жазық координаттар сияқ ты əр түрлі пішіндегі 
координаттарды көрсетеді. Олар өлшеу нəтижелерін жинақтап 
сақтауға қабілетті. Пайдаланушы жарық 
тандырылған экраннан 
қозғалатын бағыттың картасын көріп, азимутын, орналасқан орнын, 
жүру жылдамдығын, нысанаға жете тін уақыты мен оған дейінгі ара-
қашықтықты анықтай алады. Кодты қабылдағыштар географиялық, 
геологиялық тағы да бас 
қа жұмыстарда орналасқан орынды 
анықтайтын негізгі прибор болып табылады. 
Кодтық-фазалық приборлар шағын көбінесе жеке антенамен, 
қуатты деректер жинағышпен, басқа аппараттармен құрамдасуға 
мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталады. Олар қуат 
көзін негізінен аккумуляторлардан алады. 
Сирек жағдайда пернетақталар мен дисплей қосалқы қон-
дырғы бақылаушыда орналастырылады. Пайдаланушы қолына 
бақылаушыны ұстап өлшеу барысында нүктенің аты, антенаның 
биіктігі, жергілікті жердегі нысандардың атрибуттары сияқты 
тағы да басқа қажетті кодтарды енгізеді. 
Мамандануы мен атқаратын қызметіне қарай қабылдағыштар 
төменде көрсетілген топтарға бөлінеді:
– географиялық ақпараттық жүйелерге (ГАЖ) қажетті дерек-
тер жинайтын; 
– 
геодезиялық торларды құратын жəне топографиялық 
түсірулерді орындайтын;
навигациялық міндеттерді шешетін; 
– өрт қызметін, полиция, жедел медициналық жəрдем, жүк 
тасмалдау,ұялы байланысты тағы да басқаларды қамтамасыз ете тін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет