Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ғарыштық аппарат жүйе тармағының



Pdf көрінісі
бет43/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ғарыштық аппарат жүйе тармағының
құрамына GPS жүйесі 
мен ГЛОНАСС Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйесінің 24 
жұмыс істеп тұрған жəне бірнеше қосалқы Жердің жасанды серік-
тері кіреді. Жердің жасанды серіктері 20 000 шақырым биіктіктегі 
Жер маңындағы кеңістікте біркелкі таратылған. Жердің əрбір жа-


39
санды серігі күннен қуат алатын батереялармен, орби таны ретке 
келтіретін қозғағышпен, уақыт жиілігін реттейтін атом дық это-
лонмен, радио сигналдарды жіберетін жəне қабыл дай тын аппа-
раттар мен борт компьютерлерімен қамтамасыз етіл ген. 
Жердің жасанды серіктері мен жерсеріктік қабылдағыштар 
радиоқашықтық өлшегішті түзеді. Қабылдағыш Жердің жасанды 
серіктерінен жіберілген радиосигналдарды қабылдап, қабылда-
ғыштың өзінде өңделген ақпараттармен салыстырылады да, радио -
тол қындардың таралған уақыты, содан кейін ғарыш аппараты-
на дейінгі қашықтық анықталады. Жердің жасанды серіктері 
мен жерсеріктік қабылдағыштарда тұрақтылығы жоғары негізгі 
электромагниттік тербелістердің генераторлары бар. Олар фазалық 
əдіспен арақашықтықты дəл өлшеу, қашықтық өлше гіш коды деп 
аталатын дəлдігі біршама төмен кодтық əдіспен арақашық тықты 
өлшеу, сонымен қатар, навигациялық хабарламалар ды қалып-
тастыру қызметін атқаратын электромагниттік тербелістер түзе ді.
Фазалық өлшеулерді орындап, оларды қашықтық өлшегіш 
кодтардың қабылдағышына енгізу жəне навигациялық хабарла-
малардағы басқа ақпараттарды тасмалдау үшін оларды радио-
толқындарға жинақтайды. Барлық жасанды жер серіктерінде 
берілетін ақпараттар L

жəне L

белгіленетін екі жиілікте 
оқылады. Екі жиілік ионосферадан өту барысында байқалатын 
радиотолқындар өлшемдерінің уақытша тежелуін болдырмау 
үшін қажет. GPS жүйесінде L
1
толқындарының жиілігі 19 см, ал 
L
2
жиілігі 24,4 см сəйкес келеді. ГЛОНАСС жүйесінде L

жəне L

тасмалдайтын əрбір жасанды жер серігінің өзіне тəн жиілігі бола-
ды. Олардың мəні 19 см мен 24 см таяу. 
Қашықтықөлшегіш код 0 жəне 1 символымен белгіленетін 
белгілі бір ретпен кезектесіп отыратын импульс болып табылады. 
Сонымен,
код – бұл 0 жəне 1 комбинациясының кезектесіп үздіксіз 
қайталанып отыруы. 
Стандартты жəне жоғары дəлдіктегі код-
тар
 
болады. Біріншісі біршама қарапайым болғандықтан оларды 
азаматтық тұтынушылар қолданады. Екіншісі дəл əрі өте күрделі 
болғандықтан оларды тек əскери мақсатта пайдаланылады.
Кодтар мен навигациялық хабарламалар тасмалдайтын 
толқындарға тұрғызылады жəне олардың көмегімен Жердің жа-
санды серіктерінен пайдаланушылардың қабылдағыштарына 


40
жіберіледі. Жоғары дəлдіктегі кодтар L

жəне L

тасмалдау 
жиіліктерінде, ал азаматтық кодтар тек L

тасмалдау жиілігінде 
жіберіледі. Бұл азаматтық кодтардың көмегімен өлшенген 
қашық ионосфералық бұрмаланудан қорғалмағанын көрсетеді. 
GPS жүйесінде бөлінген кодтық сигналдарды қабылдайтын 
бір жиілікте жұмыс істейтін барлық жасанды жер серіктерінің 
əрқайсысының өз кодтары болады. ГЛОНАСС-та сигналдардың 
жиіліктерінің бөлетін əр жасанды жер серігінің өз жиілігі 
болғанымен барлығының коды бірдей болады. 
ГЛОНАСС пен GPS жүйесінің жасанды жер серіктері 
қабылдағышқа телеметриялық деректері бар уақыт, уақыттық 
белгілер жəне эфемеридтер (жердің жасанды серіктерінің коор-
динаттары есептелінетін деректер) туралы ақпараттар сақталған 
навигациялық хабарламалар, сонымен қатар, жердің барлық 
жасанды серіктерінің жағдайы мен орналасқан орны жөнінде 
нақтылығы шамалы деректер жинағы - альманах жіберіп отыра-
ды. Альманах өлшеулерді жоспарлау үшін қажет. Қандайда бір 
Жердің жасанды серіктеріне қатысты нақты деректерді тек оның 
өзі ғана бере алады. Альманахтың ақпараттары Жердің барлық 
жасанды серіктерінен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет