Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Тұрғындар сырқаттылығы. Қалыптасу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет16/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

1.5. Тұрғындар сырқаттылығы. Қалыптасу ерекшеліктері 
мен даму бағыты
Сырқаттылық көрсеткіші тұрғындар денсаулығын айқындайтын 
маңызды индикаторлардың бірі болып табылады. Сондықтан бұл 
көрсеткішті зерттеуге жəне оның деңгейін, құрамын жəне даму бағытын 
анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Ғылымның дамуы сырқаттылық 
деңгейінің одан ары артуына себеп болады. Жаңа зерттеу технология-
лары ауруларды бастапқы кезеңінен анықтауға, олардың нозологияға, 
клиникаға дейінгі түрлерін диагностика жасауға жағдай туғызады. 
Жаңа аурулардың диагнозын қоюға жол ашады.
Сырқаттардың сипаты, құрамы, этиологиясы мен патогенезі 
олардың классификациясын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
қоғамы аурулардың халықаралық классификациясын (АХК) 10 жыл-
да бір рет қайта қарайды жəне қол жеткізген ғылыми жетістіктерге 
сəйкестендіріп отырады.
1985 жылы аурулардың халықаралық классификациясы оныншы 
рет қайта қаралды. Алайда денсаулық сақтау тəжірибесінде əлі күнге
АХК-ның 9 рет қайта қаралған түпнұсқасы жиі қолданылады. Осы 
классификация бойынша кеселдердің 17 класы жəне 999 рубрикасы
бар. Осы мəліметтер 2 томдық кітапта жинақталған. Оның бірінші то-
мында кеселдердің классификациясы, екінші томында – кеселдердің 
алфавиттік реті келтірілген.
Кеселдердің халқаралық классификациясын құрастыру барысында 
төмендегідей шарттар қолданылады.
Алғашқысы этилогиялық шарт. Бұл шарт бойынша кеселдердің 
1-класы мен 17-класы құрастырылған. Екіншісі патогенездік шарт. Бұл 
шарттың негізінде кеселдердің 2-ші класы құрастырылған. Үшіншісі 
орналасу шарты. Бұл шарт бойынша кеселдердің қалған кластары 


49
жасалған. Ал төртіншісі – ерекше жағдайлардың бірыңғайлығы. Бұл 
шартқа кеселдердің 11-класы негізделген.
Сонымен кеселдердің, жарақаттар мен өлім себептерінің ІХ клас-
сификациясы төмендегідей болып түзілген:
1-класс - инфекциялық жəне паразитарлық аурулар.
2-класс - қатерлі ісіктер.
3-класс - эндокриндік жүйе аурулары, қоректену мен зат алмасудың 
бұзылыстары.
4-класс - қан мен қан жасау органдары аурулары.
5-класс - психикалық ауытқулар.
6-класс - жүйке жүйесі мен сезім органдарының аурулары.
7-класс - қан айналу органдары аурулары.
8-класс - тыныс органдары аурулары.
9-класс - ас қорыту органдары аурулары.
10-класс - зəр шығару-жыныс органдарының аурулары.
11-класс - жүктіліктің, босану жəне босанудан кейінгі кезеңнің 
асқынулары.
12-класс - тері мен тері асты шелінің аурулары.
13-класс - сүйек-ет жүйесі мен дəнекер тканының аурулары.
14-класс - туа біткен аномалиялар, даму кемістіктері.
15-класс - перинаталдық аурулар мен өлімнің кейбір себептері, 
перинатальдық кезеңде туындайтын жеке жағдайлар.
16-класс - симптомдар, белгілер жəне нақты көрсетілмеген 
жағдайлар.
17-класс - қайғылы оқиғалар, уланулар мен жарақаттар.
Кеселдердің халықаралық Х жіктелімі 1993 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап күшіне енді. Оның құрамында аурулардың 21 класы бар жəне 
төмендегідей болып аталады:
І класс – кейбір инфекциялық жəне паразитарлық аурулар.
ІІ класс – қатерлі ісіктер.
ІІІ класс – қан, қан жасау органдары аурулары, иммундық механизмді 
қоса қамтитын жеке бұзылыстар.
ІV класс – эндокриндік жүйе аурулары, қоректенудің ауытқулары 
мен зат алмасудың бұзылыстары.
V класс – психикалық ауытқулар мен мінез-құлықтың өзгерістері.
VI класс – жүйке жүйесі аурулары.
VII класс – көз бен оның қосымша аппараттарының аурулары.
VIII класс – құлақ жəне оның бағыныңқы қойындары.
ІХ класс - қан айналу жүйесі аурулары.
Х класс – тыныс органдары аурулары.
ХІІ класс – тері жəне тері асты шелінің аурулары.
ХІІІ класс – сүйек-ет жүйесі мен дəнекер тканінің аурулары.
ХІV класс - зəр шығару-жыныс жүйесі аурулары.
ХV класс - жүктілік, босану жəне босанудан кейінгі кезең.
4–7438


50
ХVІ класс – перинатальдық кезеңде туындайтын жеке жағдайлар.
ХVІІ класс – туа біткен аномалиялар (даму кемістіктері), деформа-
циялар мен хромосомның бұзылыстары.
ХVIII класс- клиникалық жəне лабороториялық зерттеу барысын-
да анықталған өзге рубрикаларда классификацияланбаған симптомдар, 
белгілер жəне қалыптасқан ауытқулар.
ХІХ класс – жарақаттар, уланулар жəне сыртқы əсерден туындаған 
жеке өзгерістер.
ХХ класс – кеселділік пен өлімнің сырттай себептері.
ХХІ класс – тұрғындардың денсаулығына əсер ететін жəне 
денсаулық сақтау мекемелеріне қаралуға алып келетін себептер.
Аурулардың Халықаралық Х жіктелімінде ежелден қалыптасқан 
құрам сақталған. Алайда санды кодтау жүйесі алфавитті-сандық код-
тау жүйесіне ауыстырған. «Қан жəне қан жасау органдары аурулары»
атты класқа иммундық механизмнің жеке ауытқулары қосылған. Көз 
аурулары мен оның қосымша аппараттары жəне құлақ аурулары үшін 
жаңа кластар түзелген. Тұрғындардың денсаулығына əсер ететін жəне 
денсаулық сақтау мекемелеріне қаралуға алып келетін себептер деген 
жаңа аурулар класы қосылған. 
Аурулардың Халықаралық Х жіктелімі көптеген елдердің 
ғалымдарының бірлесе атқарған еңбегінің жемісі деп қарастыру 
қажет.
Кеселділік көрсеткішінің 3 негізгі түрі анықталды: бірінші 
кеселділік, бірінші жалпы кеселділік, жалпы кеселділік немесе 
кеселділік оқиғаларының таралуы атты көрсеткіштер бар.
Бірінші кеселділік дегеніміз – тұрғындар арасында ағымдағы жылы 
алғаш рет анықталған, алдыңғы жылдары еш жерде тіркелмеген жаңа 
аурулардың жиынтығы. Бұл кеселдерді статистикалық есептеу талон-
дарында «+» деген белгімен айқындайды.
Бірінші жалпы кеселділік дегеніміз – бірінші кеселділікке қосымша 
ағымдағы жылы алғаш рет амбулаторлық мекемеге ертеде анықталған 
кесел бойынша қаралу оқиғаларының жиынтығы. 
Жалпы кеселділік немесе аурулардың таралуы дегеніміз – 
тұрғындардың арасында таралған, ағымдағы жылы жəне өткен жыл-
дары анықталған аурулардың жиынтығы.
Аурулардың таралу деңгейін толыққанды анықтау өте қиын. 
Оны жүзеге асыру үшін соңғы үш жылда анықталған жалпы бірінші 
кеселдік көрсеткішін талдау қажет немесе бірінші жалпы кеселдік 
көрсеткішіне кешенді медициналық тексеру нəтижелерінде алынған 
кеселдік деректерін қоса есептеу керек. Кеселділікті бағалауда жəне 
анықтауда есте ұстайтын мəселе мынада: Оның құрамына жедел ау-
рулар бойынша барлық емханаға қаралу оқиғалары жəне алғаш рет 
ағымдағы жылы созылмалы аурудың қозуына немесе асқынуына
байланысты қаралу оқиғасы кіреді.


51
Жалпы кеселділікті зерттеудің жалпы жəне таңдамалы əдістері 
бар. Жалпы əдіс емдеу мекемелерінің ағымдағы есепті деректерінде 
келтірілген барлық оқиғаларды жинақтай отырып сараптауға 
негізделген. Таңдамалы əдіспен маңызды əлеуметтік топтарда 
жыныстық, жастық, өндірістік, экологиялық, өмір сүру салты, ұлты 
жəне т.б. ерекшеліктері бойынша аурушаңдық оқиғаларының деңгейі, 
құрамы, даму бағыты анықталады. 
Аса маңызды топтар ретінде балалар, жасөспірімдер, студенттер, 
мектеп жасындағылар, жұмысшылар мен қызметкерлер, əлеуметтік 
жағдайы нашалар немесе бақуаттылар, жеке əлеуметтік маңызы үлкен 
патологиялары бар аурулар қарастырылады.
Кеселділікті анықтау жəне бағалау үшін белгілі ақпараттық көздер 
қолданылады. Олардың қатар саны аса көп емес: екі негізгі жəне екі 
қосымша ақпараттық көздер бар. 
Негізгі ақпараттық көздерге медицина мекемелеріне қаралу жəне 
кешенді медициналық тексеру мəліметтері жатады.
Кеселділіктің қосымша мəліметтер көзіне өлім себептері мен 
кешенді əлеуметтік-гигиеналық жəне клиникалық-əлеуметтік зерттеу 
барысында алынған деректі ақпараттар жатады.
Тұрғындардың емдеу- профилактика мекемелеріне медициналық 
көмек алу мақсатында қаралуы, кеселділік туралы деректі ақпараттың 
толыққанды көзі деуге болады. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің 
жеткілікті жəне қаралуға қолайлы болуы кеселділік оқиғаларының 
деректерін барынша толығынан жинауға жағдай туғызады. Алайда со-
зылмалы аурулардың жеке оқиғалары көбінесе тіркеусіз қалады.
Қаралу деп аурулардың əрбір дəрігерге қаралуға баруын немесе 
дəрігердің ауруға келуін айтады. Науқастың дəрігердің қабылдауына 
келуі дəрігердің қабылдауына берілетін талонда, ал дəрігердің ауруға 
баруы емханада жүгізілетін дəрігерді үйге шақыру журналында 
тіркеледі.
Əрбір қала тұрғынына балап есептегенде жылына емханаға 
қаралудың 9 оқиғасы тіркеледі. Емханада қабылдауда болу – 
медициналық көмектің көлемін анықтайтын көрсеткіш.
Қабылдану деп ауруға байланысты алғаш рет дəрігердің қа-
былдауында болу. Əрбір қаралу оқиғасы нақтыланған диагнозды 
тіркеудің статистикалық талонында тіркеледі.
Егер науқастың диагнозы алғаш рет анықталса, онда статистикалық 
талондағы диагноз «+» деген белгімен тіркеледі, ал науқас ертеде 
анықталған диагнозбен қайта қаралған болса, онда статистикалық та-
лонда ешқандай да белгі қойылмайды. Мысалы, алғаш рет дəрігерді 
грипп деген аурумен үйге шақырған жəне осы аурудың барысында 
дəрігердің қабылдауында тағы екі рет болған аурудың диагнозы бір
рет қана «+» деген белгімен тіркеледі. Себебі, гриппен ауырған ауру
дəрігерге бір рет қаралды, бірақ үш рет қабылдауда болды. 


52
Егер науқас жүрек ишемиясы деген диагнозбен дəрігердің 
қабылдауында 5 рет болса, онда оның дəрігерге бірінші рет келуі
барысында нақты диагнозы қойылған статистикалық талон толты-
рылады жəне оған ешқандай белгі қойылмайды. Себебі науқас аты
аталған диагноз бойынша бір рет қаралды да, аурудың қозу барысын-
да емдік-профилактикалық шараларды алу жəне барысын тексерту 
үшін тағы 4 рет дəрігердің қабылдауында болды. 
Кеселдік бойынша дəрігерге қаралудың бірнеше түрі бар:
1) Жалпы қаралу амбулаторлы-емханалық мекемеге алғаш рет
келудің барлық оқиғалары болып табылады. Оны есепке алу
үшін нақты қойылған диагнозды тіркейтін статистикалық талон 
қолданылады. 
2) Өткір инфекциялық аурумен кеселділік. Оны инфекциялық ауру 
туралы жедел хабарлау атты есепке алу формасында тіркейді. 
3) Маңызды бейэпидемиялық аурулармен кеселділік: туберкулез, 
қатерлі ісіктер, венерологиялық аурулар туралы арнайы хабарлама 
деген есептеу формаларында тіркелді. 
4) Госпиталдандырылған кеселділік стационардан шыққандарды 
тіркеу картасы деген есептеу формасында жазылады. 
5) Уақытша еңбекке жарамсыздық туғызатын кеселділік. Бұл 
оқиғалар кеселдену парағында тіркеледі. Кеселдену бойынша 
қаралудың көрсеткіштерін 1000 адамға балап есептейді. Ал кеселде-
ну оқиғаларының саны өте аз болуына байланысты көрсеткіштерді 
10000 немесе 100 000 адамға да балап есептеу жиі қолданылады. 
Алайда уақытша еңбекке жарамсыздық тудыратын кеселділікті 100 
адамға балап есептеу əдісі қабылданған. 
Əдепкіде кеселділіктің 4 түрлі көрсеткіші қолданылады. Олардың 
қатарында. 
1000 адамға балап есептегендегі алғашқы (бірінші) кеселділіктің 
1. 
деңгейі. Оны статистикалық есепке алу талонына «+» деген 
белгімен көрсетеді. 1000 адамға балап есептегенде бірінші жал-
пы аурушаңдықтың деңгейі (барлық статистикалық талондар). 
Кеселділіктің құрамы;
2. 
Кеселдердің қайталау жиілігі – 1 адамға балап есептегендегі 
3. 
аурулардың жиілігі. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректі мəліметтеріне 
қарағанда, бірінші жалпы кеселділік (аурушаңдық) əрбір 1000 Респу-
блика тұрғынына балап есептегенде орта есеппен 1000-1250 оқиғаны 
құрайды. Қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіштің деңгейі 1200-
1400‰ дейін жетсе, ауыл тұрғындары арасында 800-1000‰ құрайды. 
Аурулардың таралу деңгейіне экологияның жайсыз болуы, еңбек ету 
ортасының гигиеналық талаптарға сай келмеуі, отбасының əлеуметтік-
экономикалық жəне тұрмыстық жағдайының нашарлығы, салауат-
ты өмір сүру салтын ұстанбау, нашар жəне сапасыз тамақтану, өз 


53
денсаулығына қамқорлықтың жоқтығы жəне медициналық көмек 
сапасының төмендігі күшті əсерін тигізеді.
Кеселділіктің нақты деңгейі немесе барлық əдістердің көмегімен 
анықталған аурушаңдықтың деңгейі орта есеппен 3200-3600 ‰
құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің қалыптасуында жыныстық жəне
жастық ерекшеліктердің де əсері аз емес.
Мысалы, əйелдер арасындағы кеселдіктің нақты, барынша 
анықталған деңгейі 3450-3650 ‰, ал ер кісілерде – 3050-3250 ‰ бо-
лып қалыптасқан. Басқаша айтқанда Республиканың əрбір тұрғынына
балап есептегенде орта есеппен жылына 3,2-3,4 ауру тура келеді. 
Қаралу бойынша анықталған кеселділіктің ең жоғары деңгейі
балаларда (1400 ‰), орташа деңгейі (1200‰ ) жасөспірімдерде, 
ал төменгі деңгейі (1000‰) ересек адамдарда қалыптасқан. 
Əртүрлі жастық жəне жыныстық топтарда қалыптасқан кеселділік
көрсеткіштерінің деңгейі де бірегей емес. Бұл көрсеткіш 1 жасқа
дейінгі ұл балаларда - 1900‰-ден жоғары болса, қыздарда - 1700 ‰- 
ден астам деңгейде қалыптасқан. Кеселділік көрсеткіші 2,3,4 жастағы
ұлдарда жəне қыздарда одан ары жоғарылай түседі. Алайда осы
жастық топтардың арасында қалыптасқан кеселділік көрсеткіші 3
жастағыларда ең жоғары (3000‰ ) деңгейге көтеріледі. Оның негізгі
себебі, 3 жастағылар балабақшаға барады жəне олардың денсаулық
қауіпсіздігіне қамқорлық төмендейді. Ірі балалар ұжымында 
инфекциялардың таралуы да жоғары болып келеді.
Балалардың арасындағы кеселділіктің ең төменгі деңгейі 10-14 жас
аралығында кездеседі. Адамдардың жасы 50-ге толғанда кеселдіктің 
деңгейі қайта көтеріліп, 55 жастан кейін төмендейді.
Емханаға қаралу бойынша анықталған бірінші кеселділіктің 
құрамына тұрғындардың жастық ерекшеліктері де қуатты əсерін 
тигізеді. Бірінші кеселділіктің деңгейі ересек тұрғындардың арасын-
да 500-600‰ құрайды. Оның құрамында тыныс органдары ауру-
лары бірінші, қан айналу жүйесі аурулары екінші жүйке жүйесі 
аурулары үшінші, ас қорыту органдарының аурулары төртінші
жарақаттар мен уланулар бесінші, сүйек-ет жүйесі аурулары алтыншы 
рангалық орында орналасқан. Жасөспірімдердің арасында бірінші
кеселділіктің деңгейі 800-900‰ жетеді. Олардың құрамында бірінші 
рангалық орында тыныс органдары аурулары, екінші рангалық орын-
да жүйке жүйесі патологиялары, үшінші рангалық орында ас қорыту 
органдарының аурулары, төртінші рангалық орында жарақаттар мен 
уланулар, бесінші рангалық орында тері жəне тері асты шелінің ауру-
лары жəне ең соңғы алтыншы рангалық орында инфекциялық аурулар 
орналасқан. 
Балалардың бірінші сырқаттылығының орташа деңгейі 1300-
1400 ‰ -ге жетеді. Бұл топтағы бірінші сырқаттылық көрсеткішінің 
құрамдық ерекшеліктеріне жататындар мыналар: біріншіден, үшінші 


54
рангалық орында инфекциялық жəне паразитарлық аурулар орналас-
қан. Ересектер арасында бұл аурулар алдыңғы алты рангада мүлде 
аталмаса, жасөспірімдерде соңғы алтыншы рангалық орында орна-
ласқан. Екіншіден, балалар арасында ас қорыту органдарының аурула-
ры төртінші рангалық орында болып шықты.
Ал жасөспірімдер арасында бұл патологиялар үшінші рангалық 
орынды қамтыса, ересектерде төртінші рангалық орында тұр.
Жарақаттар мен уланулар балалар арасында алтыншы рангалық 
орында тұрса, жасөспірімдерде – төртінші, ал ересектерде бесінші 
рангалық орында орналасып тұр. 
Сонымен, тұрғындардың жастық ерекшеліктері бірінші кеселді-
ліктің құрамына айтарлықтай ықпалын тигізетін болып шықты.
Сырқаттылықтың қалыптасуына əлеуметтік-гигиеналық себеп-
тердің қосатын үлесі де жоғары.
Əлеуметтік жағдайы төмен отбасының мүшелерінде аурулардың 
деңгейі мен құрамы əлеуметтік жағдайы жақсы отбасы мүшелерінің 
кеселділік көрсеткіштерінен айтарлықтай өзгеше болады. Олардың 
арасында туберкулез, қан айналу жүйесі мен ас қорыту органдарының 
патологиялары, туа пайда болатын даму кемістіктері, жүйке жүйесі 
мен психологиялық аурулар жиі ұшырасады. 
Осы жерде, салауатты өмір сүру салтын ұстанбау себептерінің 
кеселділік көрсеткіштерінің қалыптасуына тигізетін əсерін де айта 
кету қажет. Мысалы, алкогольдік ішімдікке салынған адамдардың 
алғашқы кеселділік көрсеткіші салауатты өмір сүретіндер тобының 
көрсеткіштерінен 2,5-3,0 есе жоғары.
Темекі шегетіндер арасында өкпе рагі ауруының, өкпенің бей-
спецификалық патологияларының деңгейі темекі шекпейтіндерге 
қарағанда 3-4 есеге артық екендігі анықталып отыр.
Сондықтан кеселділік көрсеткіштерінің қалыптасу заңдылықта-
рын, құрамы мен даму бағытын зерттеу барысында міндетті түрде 
əлеуметтік-гигиеналық себептердің қатерлі əсерін кешенді түрде 
анықтаудың маңызы өте үлкен.


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет