Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Статистиканың анықтамасы мен теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет18/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

2.1 Статистиканың анықтамасы мен теориялық негіздері.
Медициналық биологиялық жəне медициналық əлеуметтік 
зерттеулерде статистиканы қолдану
Зерттеу жұмысын орындаудың маңызды бір элементі статистика-
лық əдістерді қолдану негізінде алынған нəтижелерді сараптау бо-
лып табылады. Соның арқасында қол жеткізген нəтижелердің 
нақтылығын бағалап, ғылыми тұрғыда негізделген қорытындылар 
шығаруға жол ашылды. Əлеуметтік-гигиеналық жəне клиникалық 
зерттеу жұмыстарының нəтижелерін сараптау, бағалау, денсаулық көр-
сеткіштерінің даму бағытын болжамдау жəне əртүрлі өмір сүру салты 
себептерімен, қоршаған ортаның экологиялық-гигиеналық жағдайы-
мен, емдеу-профилактика мекемелерінің қызметтік көрсеткіштерімен 
байланыстыру үшін статистикалық əдістердің көмегіне жүгінеді. 
Сараптау барысында абсолютті шамалар, орта жəне салыстырмалы 
шамалардың көрсеткіштері, корреляция коэффициенттері мен стан-
дартизациялау көрсеткіштері қолданылады. 
Статистикалық деректерге көптеп кездесетін көріністерді, 
үдерістерді жəне жағдайларды сипаттайтын сандар жүйесі жатады. 
Жеке көріністер мен белгілірдің бір рет жүргізілген өлшемі статистикаға 
жатпайды. Статистикада бір адамның белгілі бір көрсеткішін немесе 
көптеген адамдардың көрсеткіштерін белгіленген уақыт аралығында 
көп қайтара өлшеп, алынған нəтижені жалпылама түрде береді.
Статистика ғылыми бағыт ретінде статистиканың жалпы теория-
сын, экономикалық статистиканы жəне əртүрлі сала статистикала-
рын қамтиды. Жалпы статистика бұл ғылыми саланың шарттары мен 
əдістерін көрсетеді. Салалық статистика халық шаруашылығының 
əртүрлі салаларындағы көріністерді статистика əдістерімен зерттейді. 
Статистикалық əдістер білімнің əртүрлі саласында қолданылады. 
Оның ішінде математика, физика, биология, медицина, астрономия, 
география, космонавтика жəне тағы басқалары бар. Алайда статисти-
ка ғылыми бағыт ретінде өзінің зерттейтін нысандары мен əдістерін 
қалыптастырған. Олар қоғамдық көріністердің өлшемдері мен сапалық 
арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесін жасауға жағдай 
туғызады. 
Статистика ғылымы математиканың негізінде пайда болды. Алай-
да математика қоршаған ортадағы денелер мен көріністердің сандық 
жағын зерттейді. Бірақ алынған нəтижелер бұл денелердің сапасымен 
байланыссыз, абстракты түрде қарастырылады. Көптеген ғалымдар 
статистика мен математика ғылымдары арасында айырмашылық жоқ 
деп есептейді. 
Статистиканың негізгі міндеті зерттелетін көріністердің заң-
дылықтарын анықтау. Ал оны анықтау үшін зерттелетін көріністердің 
бақылау саны жеткілікті жəне көп санды болуы тиіс. 


59
Бақылау саны Бернуллидің ашқан үлкен сандар заңдылықтарына 
сай келуі қажет. Үлкен сандар заңдылығын негіз ете отырып П. Лап-
лас мүмкіндік теориясын құрастырды. Бұл теория көріністердің, 
оқиғаның немесе белгінің пайда болу жиілігі мен мүмкіндігінің 
өлшемін қарастырады. Бір оқиғаның пайда болу мүмкіндігі – пайда 
болған оқиғалар санының барлық туындауы мүмкін оқиғалар санының 
арақатынасына тең. Белгілі бір оқиғаның туындамау мүмкіндігі – 
туындамаған оқиғалар санының барлық туындамауы мүмкін оқиғалар 
санының арақатынасына тең. Оқиғалардың туындау жəне туында-
мау мүмкіндіктерінің қосындысы бірге тең келеді. Оқиғаның туын-
дау мүмкіндігі нөлге жақындаған сайын, оның мүмкіндігі төмендей 
береді. 
Үлкен сандар заңдылығы мен мүмкіндік теориясы статистиканың 
ғылыми негізін құрайды. 
Табиғи ортада жəне қоғамда статистиканың анықтайтын сандық 
өзгерістері мен көріністері, заңдылықтары бірден қалыптаспайды. 
Белгілі бір мезетте, қажетті деңгейге жеткенде осы сандық өзгерістер 
көріністердің, үдерістердің, заттың жаңа жағдайын туындатады. Қол 
жеткізген тəжірибелер, бір аурулардан (мысалы, инфекциялық ауру-
лардан) туындайтын өлім саны азайғанда, екінші бір аурудан (жүрек-
қан айналу жүйесі ауруларынан) туындайтын өлім саны ұлғаяды. Осы-
лайша ерлер мен əйелдердің өлім себептерінің құрамында жүрек-қан 
тамырлары аурулары бірінші рангалық орынға шықты. 
Статистиканың міндеті – зерттелген көріністердің өзгерістеріне 
алып келетін себептерді анықтау. 
Қоғамдағы себептік байланыстар көпсалалы. Олар уақытша, кор-
реляциялық, кеңістіктік жəне басқа болуы мүмкін. Осы арақатынасты 
зерттейтін статистика болып табылады. Үлкен санды зерттеу барысын-
да көріністер арасында тұрақты қайталанатын байланыстар белгілі бір 
заңдылықтарды көрсетеді. Статистикалық заңдылықтарда себептер 
мен оның барысы арасындағы байланыстар тұрақты емес, басқаша 
айтқанда ол əртүрлі дəрежеде туындауы мүмкін. Мысалы, денсаулық 
сақтау мекемесінің жұмыс тəжірибесіне ендірілген сауықтыру шарала-
ры аурушаңдықты төмендетуі тиіс. Алайда, аурушаңдықтың төмендеу 
деңгейі сауықтыру шараларының басқаруға икемдігіне тікелей бай-
ланысты. Статистика мен статистикалық əдістерді тұрғындардың 
денсаулық жағдайын бағалауда, оның бір себепке байланыстылығын 
анықтауда, медицина мекемесінің қызметін сараптауда қолдану 
медициналық статистиканың немесе салалық статистиканың қызметі 
болып табылады. 
Статистика деген латынша «Стато», ал қазақша «Жағдай» деген 
мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардың көбісі статистикаға 
мынадай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. 
Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде жəне кеңістікте жүретін жал-


60
пы өзгерістердің сандық жəне сапалық жағын зерттейді». Осыған 
қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет 
екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан 
оны басқаша «Статистика – жалпы көріністердің топтық қасиеттерін 
математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.
Жалпы статистикада математикалық əдістерді қолдану өмір та-
лабынан туып отыр. Сонымен қатар математика мен статистика ара-
сында өзіндік айырмашылықтары бар. Егер статистика белгілі бір 
объективтік көріністермен айналысса, математика абстракциялық 
сандық арақатынастарды зерттейді. Статистика болса өмірде бо-
лып жатқан өзгерістердің сандық жəне сапалық жағын зерттеп баға 
береді. Бұл зерттеулерде статистика диалектикалық материализм 
категорияларының тығыз байланыстылық заңдылықтарына сүйенеді.
Қоғамдық көріністер бір-біріне сандық жəне сапалық жағынан 
тəуелді. Бірақ, оларды біріктіре қарауға да болмайды. Себебі əрбір 
қоғамдық көріністе сандық та, сапалық та қасиеттер бар. Осыған 
қарағанда статистика қоғамдық көріністердің өзгеруін зерттейді. 
Өзгеріссіз көріністерді статистика ғылымы зерттемейді. Сондықтан 
«Үлкен сандар» заңдылығын білудің маңызы өте үлкен. Оның 
көмегімен статистикалық көрсеткіштерді кездейсоқ жағдайлардан 
арылтуға болады. Осындай заңдылықтар демография ғылымында 
да байқалады. Мысалы, жыл сайын туылған 100 қыз балаға 104-106 
ер бала тура келеді. Бірақ осындай заңдылықты тек қана көптеген 
байқаулар арқылы анықтауға болады. Аз көрсеткіштердің ішінен 
қыздар мен ер балалардың осындай арақатынасы көрінбейді немесе 
аса байқала қоймайды.
Зерттелетін көріністердің мөлшерінің жеткіліктілігін жəне алынған 
көрсеткіштің дұрыстығын анықтау үшін математикалық статистика 
əдістерін қолдана білу қажет. Басқаша айтқанда, жиналған медицина-
лық деректерді статистикалық өңдеу жəне сараптау жұмыстарын ар-
найы математикалық əдістердің көмегімен жүргізіп, көрсеткіштің аз, 
бірақ жеткілікті мөлшері арқылы жалпы статистикалық көрініске баға 
беруге болады. 
Медициналық статистикада статистиканың өзге салаларына 
қарағанда «Үлкен сандар» заңдылығы жиі қолданылады. Ол мынадай 
жағдайларда кездеседі: 
1. Аз көлемдегі бақылауды жүргізгенде.
2. Орта көрсеткіштерді сараптап, олардың арақатынасын анық-
тауда. 
3. Зерттеулер өте аз бақылауға сүйене отырып жүргізілген 
жағдайда. 
Осы жағдайларда «Үлкен сандар» заңдылығын қолданбаса 
зерттеудің жоспарын, бағдарламасын дұрыс жасау жəне алынған 
көрсеткіштердің оңдылығы мен бағалылығын анықтау мүмкін 


61
емес. Статистикалық əдістермен анықталған қоғамның объективтік 
заңдылықтарының маңызы үлкен.
Ал, медициналық статистиканың деректеріне сүйенбеген əлеумет-
тік медицина мен денсаулықты сақтауды ұйымдастыру жұмысы бос 
сөзге айналады. Ойдан шығарылған жағдайларды шындыққа айлан-
дыру үшін, қолдан жсалған, жағдайдың дұрыстығын дəлелдейтін 
тұжырымдарды пайдалануға алып келеді. Сонымен, медициналық 
статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш 
бөлімнен тұрады:
1. Денсаулық статистикасы.
2. Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы.
3. Клиникалық жəне эксперименталдық зерттеулер статистикасы.
Денсаулық статистикасының негізгі тармақтарына: 
Демография статистикасы;
• 
Аурушаңдық жəне мүгедектіктің статистикасы;
• 
Өсу жəне даму статистикасы жатады.
• 
Тұрғындардың денсаулығын анықтау барысында олардың саны 
мен құрамы, өсімі мен өмірінің ұзақтығы, жеке аурулардың таралуы, 
мүгедектің деңгейі жəне жеке адамдардың физикалық дамуы туралы 
деректерді жинап, зерттеу жүргізеді. Оның барысында денсаулыққа 
қоршаған орта зиянды заттарының тигізетін əсерін анықтайды. Осы 
корреляциялық байланыстарды нақты білу денсаулықты күшейтуге 
бағытталған шараларды жетілдірілуге көмектеседі.
Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. 
Оған: 
емдеу-алдын алу мекемелерінің статистикасы;
• 
санитарлық жəне эпидемияға қарсы күресетін мекемелер ста-
• 
тистикасы;
əйелдердің босануына көмектесетін жəне денсаулығын 
• 
қорғайтын мекемелердің статистикасы;
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекеме-
• 
лер статистикасы;
медицина қызметкерлерінің статистикасы жатады.
• 
Статистикалық əдістерді клиникалық, лабораториялық жəне 
эксперименталдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге 
көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық жəне лаборатория-
лық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистика-
лық тұрғыдан дұрыстығын жəне зерттелген қоғамдық жайлардың 
объективтік заңдылықтарын анықтау, қолданылған алдын алу жəне 
емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары 
да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін 
жоғалтпайды. Себебі, адам организміндегі биологиялық үдерістер мен 
оның өзгерістері қоршаған орта себептерінің əсерінен жəне онымен 


62
диалектикалық байланыста жүреді. Статистикалық зерттеулер белгілі 
бір ғылыми түрде тұжырымдалған ережелерді жəне əдістерді қолданып 
жүзеге асырылады. Осының бəрін бір сөзбен статистикалық əдістеме 
деуге болады. 
Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, со-
нымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде 
де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында жəне арнайы 
медициналық зерттеулерде статистикалық əдістеме бірінен соң бірі 
орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің əрқайсысы 
көптеген статистикалық қимылдардан құралады. Оған: 
зерттеулердің жоспары мен бағдарламасын жасау;
• 
статистикалық бақылау мен есепке алуды ұйымдастыру;
• 
статистикалық топтау, өңдеу, жинақтау жəне материалдарды 
• 
есептеп, ыңғайлау;
талдау, тұжырым шығару, жұмысты жақсартуға ақыл қосу жəне 
• 
алынған зерттеудің нəтижелерін күнделікті жұмысқа енгізу жа-
тады.
Статистикалық бақылаудың жүргізу мезгілі мен уақытысына қарай 
күнделікті жəне белгілі бір мерзімде жүргізілетін түрлері бар. Оның 
көлемімен, зерттелетін белгінің бақылауға алу мөлшеріне қарай жалпы 
жəне жекелей статистикалық бақылау, есепке алу əдістері қолданылады. 
Статистикалық бақылау барысында көптеген жағдайлардың, 
белгілердің жəне деректердің жиынтығымен айналысуға тура келеді. 
Оны статистикалық жиынтық дейді.
Статистикалық жиынтық – сапасы жағынан бірыңғай деректердің, 
жағдайлардың жəне жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы. 
Статистикалық жиынтықтың жеке деректерін, көріністерін-бақылау 
көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін – есепке алы-
натын белгілер деп атайды.
Статистикалық жиынтықтың толық жəне таңдамалы түрлері 
бар. Бірақ статистикалық жиынтықтың таңдамалы түрі зерттелетін 
жиынтықты толық бағалауға жеткілікті немесе репрезентативті бо-
луы тиіс. Жиналған статистикалық деректерді (аурудың тарихы, 
статистикалық талондар, арнайы карталар) топтамай жайша есеп-
теу, оны терең талдауға жағдай туғызбайды. Сондықтан деректі 
құжаттарды топтастыру статистикалық зерттеудің ең маңызды кезеңі 
болып есептеледі. Жиналған деректерді топтастыру дегеніміз – оны 
жекелей белгілеріне қарай біріктіру болып табылады. Деректердің 
топтары сандық жəне сапалық жағынан анықталады. Сапалық неме-
се антрибутивтік белгілер жазбаша түрде белгіленеді. Оған адамның 
жынысы, қызметі, жұмыс істеу ұзақтығы, аурудың аты мен белгілері, 
т.б. жатады. Сандық белгілерді цифрлармен көрсетеді. Оған адамның 
бойының ұзындығы – см, жасы – жылмен, емделу мерзімі – күнімен 


63
есептеу жəне т.б. жатады. Осыдан түрлік жəне вариациялық топтасты-
ру пайда болады. 
Жинақтау дегеніміз – жай арифметикалық қосу емес, ол ғылыми 
түрде тұжырымдау. Оның барысында негізгі белгілер алға шығып, 
керексіз белгілер шетте қалады. Есептеудің соңында кесте құрастыру 
керек. Ол статистикалық жиынтықтың жүйеленген белгілерін сан-
дық көрсеткіштермен əсерлеп көрсету болады. Соның арқасында 
статистикалық деректерді талдау жəне əдеби түрде жазып көрсету 
жеңіл жүреді. Статистикалық кесте – көріністердің, деректердің сандық 
жиынтығының цифрлық көрсеткіштері. Оның үш түрі бар:
1. Жайша 
2. Топтық 
3. Аралас 
Статистикалық есептеу қорытындылау жəне оны кесте түрінде 
көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдар-
ды талдау барысында абсолюттік сандардан жалпылама көрсеткіштер 
жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта 
сандар жатады. Статистикалық коэффициенттер мен көрсеткіштердің 
мынадай түрлері бар:
1. Экстенсивтік көрсеткіштер – жиынтықтың құрамын, 
бөлшектенуін, таралуын көрсетеді. 
2. Интенсивтік көрсеткіштер – көрсеткіштің қайталану жиілігін 
көрсетеді.
3. Арақатынас көрсеткіштері.
4. Көрнекті көрсеткіштер. 
Көріністер мен жағдайлардың белгілі бір мерзімдегі өзгерістерін 
зерттеу жəне талдау үшін статистикада динамикалық қатарлар əдісі 
қолданылады. Олардың ішінен абсолюттік даму, даму мен өсім 
жылдамдығы немесе кему жылдамдығы жəне бір процентке өсудің 
абсолюттік бағасы деген көрсеткіштер алынады. Сонымен қатар стати-
стикада орта сандар өте жиі қолданылады. Орта сандар маңыздылығы 
жағынан топтастырумен қатар келеді. Орта сандар статистикалық 
жиынтықтың өзгеретін сандық белгісіне жалпы баға беретін 
көрсеткіштер. Орта сандардың негізгі қасиеті мен маңыздылығы оның 
кез келген жағдайда қолдануға болатындығында. Олар көріністер мен 
өзгерістердің бағытын тез көрсетеді жəне оларға жалпы баға бере ала-
ды.
Медициналық статистикада орта сандардың, орта арифметикалық 
шама, мода, медиана, орта прогрессивтік жəне орта квадраттық ауытқу, 
орта көрсеткіштің орташа қатесі деген түрлері қолданылады.
Орта сандарды қолданғанда вариациялық қатарлармен жұмыс іс-
теуге тура келеді. Олар варианттар (V) мен жиілік (Р) көрсеткіштерінен 
тұрады. Статистикалық теория мен тəжірибе жұмысында орта жəне ба-
лама көрсеткіштердің, бір-бірімен салыстырылатын көрсеткіштердің 


64
айырмасының дұрыстығын бағалайтын əдістер бар. Көптеген 
əлеуметтік жəне гигиеналық зерттеулерде, клиникалық жұмыстарда 
көрсеткіштерді салыстыру үшін бірыңғай топтарды алу мүмкіндігі 
мүлдем жоқ. Ол əсіресе аурушаңдықтың, мүгедектіктің, өлім мен 
туудың аймақтық, қалалық, аудандық жəне ауылдық жерлердегі 
көрсеткіштерін зерттегенде, олардағы тұрғындардың жастық жəне 
жыныстық жағынан əртүрлі болуына байланысты туындайды. 
Статистиканың ең бір маңызды міндетіне көріністер мен өзгерістер-
дің өзара байланысын анықтау жатады. Олардың байланысының екі 
түрі белгілі – қызметі жағынан жəне корреляциялық. Қызметі жағынан 
байланыста көріністердің белгілі бір көрсеткішіне, алдын ала белгілі 
екінші өзгергіш көрсеткіші сəйкес келеді. Корреляциялық байланыста 
– бір белгінің көрсеткішіне, басқа бір белгінің бірнеше көрсеткіші тура 
келуі ықтимал. Оларға дəрежелі корреляция жəне квадраттау əдісімен 
корреляциялау жатады. Статистикада регрессия коэффициенті де-
ген көрсеткіш бар. Ол бір көріністің көрсеткіші бір рет өзгергенде, 
екіншісінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Алынған көрсеткіштерді тал-
дау жəне əсерлеп көрсету мақсатында статистикада графикалық бей-
нелер қолданылады. Олар диаграмма, картограмма түрінде түсіріледі. 
Диаграммалардың сызықша, радиалды, көлемді, мүсінді жəне бағаналы 
түрлері бар. 
Медициналық статистиканың емдеу, алдын алу жəне санитарлық-
эпидемиологиялық мекемелердің қызметі, мамандары, саны мен 
жұмыс сапасы жөніндегі статистикалық деректерді жинау, өңдеу жəне 
талдау жұмысымен айналысатын бөлімін – денсаулықты сақтау ста-
тистикасы деп атайды. Барлық бірыңғай емдеу жəне аурудың алдын 
алу мекемелерінде бірдей есептеу құжаттары қолданылады. Осылайша 
жүргізілген есептеу, деректі материалдарды өңдеуді жеңілдетеді жəне 
оны механикалық жолмен жинақтауға көмектеседі.
Денсаулықты сақтау жүйесіндегі ақпарат жұмысын жетілдіру, жаңа 
деректердің көлемі мен сапасына қойылатын талаптарды күшейту, 
есеп-қисап жүйесін, оның анықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етіп, 
пайдалану үшін білікті мамандар керек жəне олардың білімін үнемі 
жетілдіріп отыру қажет. Қазіргі кезеңде, денсаулық сақтау саласында 
басқарудың автоматты жүйелері енгізілуде. Бірақ үйреншікті есептеу 
жəне есеп беру жүйесі өз мағынасын болашақта да жоғалтпайды деп ой-
лаймыз. Барлық емдеу жəне аурудың алдын алу жұмысын қамтамасыз 
ететін мекемелер жыл сайын емхана мамандары мен аурухананың 
қызмет барысы туралы есеп беретіні белгілі. Осы деректердің негізін 
емдеу мекемелерінің күнделікті жүргізетін оперативтік есептеу 
құжаттары құрайды. Жыл сайынғы есеп беру медицина қызметінің 
жеткен көрсеткіштер сапасын бағалау үшін жүргізіледі.
Емдеу мекемесінің əрбір бөлімшесі өз жұмыстарын талдап, 
жұмысты алға бастырған жəне кейін тартқан себептерді анықтайды. 


65
Есеп беру барысында алынған деректер денсаулықты сақтау жұ-
мысының күнделікті жəне алдын ала жасалынатын жоспарын жасау-
да қолданылады. Жылдық есеп берудің статистикалық көсеткіштерін 
анықтау олардың мағынасы бойынша жүргізіледі. Статистикалық есеп 
беру көрсеткіштері аудандық, қалалық, облыстық, республикалық 
көрсеткіштермен салыстырылып, оған керекті бағасы беріледі. Ал, 
талданған көрсеткіштер бірнеше жылдағы өзгерістермен салыстыра 
қарастырылады. Оның барысында маңызды статистикалық деректер 
алынады. Олар медицина қызметінің жеткен жетістіктерін көрсетеді.
Сонымен, медициналық статистика дегеніміз – қоғамдық тəжірибе 
саласы жəне жекеше оқылатын маңызды пəн, жалпы статистиканың 
бір тармағы. Басқаша айтқанда, медициналық статистика қоғамдық 
медициналық ғылым. Ол денсаулықты жəне денсаулықты сақтау 
жұмысын сандық жəне сапалық жағынан зерттейді. Сонымен қатар, 
статистиканың əдістері мен əдістемелері арнайы медициналық 
мəселелерді де шешуге қолданылады. Кез келген саладағы дəрігерлер 
мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық ста-
тистика денсаулыққа, санитарлық жəне өндірістік тіршіліктік жағдайға 
сандық жəне сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып 
табылады.
Медициналық статистика денсаулықты сақтау мекемелері мен 
басқару орындарының жинаған материалдарына жүгінеді. Осы 
деректі материалдарды зерттеп сараптағанда, медицина органдары 
мен мекемелерінің жұмысындағы жеткіліксіз жақтары анықталып, 
оны түзетуге жəне жақсартуға арналған жоспарлар құруға, бөлінген 
қаржыны дұрыс бағытта қолдануға жағдай туады. Соның арқасында 
тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек жақсарады.
Кез келген салада қолданылатын статистика, оның ішінде 
медициналық статистика əдістемелік жəне материалдық бөлімнен 
тұрады. Əдістемелік бөлім зерттеулерді жүргізетін əдістердің 
жиынтығын құрайды. Əртүрлі салада қолданылатын статистикалық 
əдістердің жалпы бірыңғайлығымен қатар өзіндік ерекшілігі де бола-
ды.
Статистиканың материалдық бөлімі деректі сандардың жиын-
тығынан тұрады. Ал медициналық статистиканың материалдық бөлі-
мі тұрғындардың денсаулығы туралы деректі цифрлар жиынтығынан 
құралады. Медициналық статистика тек қана ғылыми немесе пəндік 
бағыт емес, сонымен қатар қоғамдық тəжірибе. Оның көмегімен ме-
дицина мекемелері есепке алу жəне есеп беру жұмыстарын атқарады. 
Есепке алудың терең мағынасы бар. Ол есепке алудың жоспарлаумен 
тығыз байланысты бірыңғай жүйесі.
Есепке алудың 3 түрі бар: оперативтік, бухгалтерлік жəне 
статистикалық. Оны жайша айтқанда, күнделікті жүретін жеке де-
ректер мен белгілерді жүйелі түрде анықтап, есепке алу деп түсінуге 
5–7438


66
болады. Есеп беру дегеніміз – белгілі бір кезеңде жүйелі түрде, бекі-
тілген бағдарламалардың тұрақты сұрақтары бойынша деректердің 
қорытындысын шығарып, жұмыстың барысын бағалау. Ол аурудың, 
мүгедектіктің, өлімнің себептерін анықтап, оларға қарсы арнайы 
алдын-алу, бақылау жəне емдеу шараларын жасауға, оның тиімділігін 
анықтауға көмектеседі. Статистикалық əдіс қоғамдық ғылыми салада 
ғана қолданылып қоймайды, сонымен қатар биологиялық, клиникалық, 
лабораториялық зерттеулерде физикалық жəне химиялық өзгерістерді 
анықтауға пайдаланылады. Əрбір көрініс санының артуы, сапалық 
өзгерістер туғызатыны белгілі. Бірақ, зерттелетін көрсеткіштерді 
қасиеттеріне қарай дұрыс топтастырудың маңызы үлкен. Сондықтан 
зерттеумен айналысатын адамның статистика заңдылықтарымен толық 
таныс болуы жəне қолдана білуі қажет.
Статистиканың сүйенетін теориялық негізіне математика мен 
экономика заңдылықтары да жатады. Медициналық деректерді 
əлеуметтік, жыныстық қасиетіне жəне қызметіне қарай топтастыру 
үшін экономикалық заңдылықтарды білу керек. Ал аурушаңдықтардың 
деректерін аурудың түріне жəне тобына қарай топтастыру үшін 
дəрігердің білімі жоғары болуы тиіс. Осылайша денсаулықтың 
əлеуметтік жəне гигиеналық жағдайға корреляциялық байланысын 
жəне тəуелділігін анықтау үшін, адам организмінің қалыпты физио-
логиясын жəне потологияның даму механизмін дұрыс бағалап, ауру 
туғызатын қоздырғыштарды белгілейді. Содан кейін ғана алынған 
көрсеткіштердің құндылығы мен дұрыстығын анықтайды жəне зерт-
телген көрсеткіштердің арақатынасын өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет