анықтау (А жəне Б ауруханасының бөлімшелерінде)
Бөлімшелер
Күтілген шама
А ауруханасы
Б ауруханасы
Терапевттік
Хирургиялық
Инфекциялық
Стандартты
көрсеткіш
600-300
400-Х Х=20
300-6
500-Х Х=10
100-4
100-Х Х=4
34
200-12
400-Х Х=24
700-21
500-Х Х=15
100-5
100-Х Х=5
44
Ал, өлім көрсеткішін мынадай теңдеу арқылы есептейміз:
1000-34
100-Х
Х=3.4
Б ауруханасында емделгендер ішінен өлгендер саны 44 болды.
Сондықтан стандартталған көрсеткіш мынадай болды:
1000-44
100-Х
Х=4.4
Осы 3.4 жəне 4.4 көрсеткіштері өлімнің стандартталған көрсеткіші
болып табылады. Бұл көрсеткіштер А жəне Б ауруханаларындағы
аурулардың құрамын (саны) бірдей деп есептегенде алынып отыр.
94
А жəне Б ауруханасындағы аурулардың өлім көрсеткішін
сараптағанда анықталғаны:
•
Өлімнің көрсеткіші А ауруханасында Б ауруханасына қарағанда
жоғары болып шықты (А - 4.0%, Б - 3.8%,);
•
Барлық бөлімшелерде өлім көрсеткіштері керісінше Б аурухана-
сында анағұрлым жоғары (терапевтік бөлімшелерде - 6.0 яғни 5.0%,
хирургиялық бөлімшеде - 3.0 яғни 2.0%, инфекциялық бөлімшеде - 5.0
яғни 4.0%).
А ауруханасында өлім көрсеткішінің жоғары болуы аурулардың
құрамының əртүрлі болуына байланысты. Оның құрамында терапевттік
аурулардың көп болуынан жəне олардың өлім көрсеткішінің жоғары
болуынан туып отыр. Ал, Б ауруханасындағы өлім көрсеткішінің
төмен болуы хирургиялық аурулардың көп болуынан жəне олардың
өлім көрсеткішінің ең төмен деңгейде болуынан туындап отыр.
Стандартталған өлім көрсеткіші Б ауруханасында жоғары болып тұр.
Егер А жəне Б ауруханасындағы аурулар құрамы бірдей болса, онда
өлім жиілігі Б ауруханасында жоғары болар еді.
|