96
маңызының кемуіне нақты кепіл бола алады. Мысалы, диагностика
сапасының артуы алғашқы жылдары осы аурулар санының көбеюіне
алып келеді. Осы ауруларды дер кезінде жəне бастапқы кезеңінде са-
палы емдеу, олардан туындайтын мүгедектік пен өлім оқиғаларының
төмендеуіне себеп болады. Осылайша оның əлеуметтік маңыздылығы
төмендейді. Сонымен, «Əлеуметтік маңыздылық» түсініктемесі мына-
дай белгілерді нақтылауды қажет етеді.
1. Əрбір ауру үшін арнайы медициналық қамтамасыздандыру
жүйесінің қызметтік тиімділік көрсеткішін анықтауға жəне осы
көрсеткіштерді əртүрлі мемлекеттік профилактикалық бағдарла-
малардың тиімділігін бағалауда қолданылатын критерии ретінде
қалыптастыруға жағдай туғызады.
2. Осы аурулардың əлеуметтік маңыздылығын төмендетуге
бағытталған қимылдардың түрлерін анықтайды. Əлеуметтік маңызы
жоғары аурулар тек қана дамушы елдердің үлесіне тимейді, соны-
мен қатар олар дамыған елдерде де жиі ұшырасады. Алайда, дамушы
елдердегі санитарлық-эпидимиологилық жəне экологиялық-гигиеналық
жағдайдың нашарлығы, профилактикалық шаралардың тиімсіздігі,
өмір сүру салты мен сапасының төмендігі əлеуметтік маңызы үлкен
патологиялардың таралу деңгейін барынша жоғары деңгейге көтереді.
Осындай эпидимиялық жағдайдың одан ары ушығуына əлеуметтік
жағдайы нашар тұрғындардың көбеюі де айтарлықтай үлесін
қосады. Олардың қатарына мигранттар, үйсіз-күйсіз жандар, түрмеде
отырғандар жəне соғыс қимылы жүріп жатқан елдерден қашқан
адамдарды жатқызуға болады. Елімізде қалыптасқан заңдылықтарға
сай əлеуметтік маңызы үлкен кеселдермен ауыратын тұрғындарға
медициналық-əлеуметтік көмек беріледі жəне диспансерлік бақылау
орнатылады. Медициналық-əлеуметтік көмекке қажетті қаржылай
шығындарды мемлекет өз мойнына алған Осы ауруларға көрсетілетін
дəрігерлік-профилактикалық көмек арнайы ұйымдастырылған диспан-
серлік медицина мекемелерінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: