206
27-кесте. Міндетті жəне ерікті медициналық сақтандыру
жүйелерінің айырмашылықтары
Ерікті медициналық сақтан-
дыру
Міндетті медициналық сақтандыру
Коммерциялық іс
Əлеуметтік коммерцияға жатпайтын іс
Сақтандырудың қаржылық-ком-
мерциялық
бөлігі ретінде, жеке
басты сақтандыруға жатады
əлеуметтік сақтандыру жүйесінің
бөлігі
«Медициналық сақтандыру тура-
лы» заңмен реттеледі
«Медициналық сақтандыру» жəне
«Əлеуметтік сақтандыру» туралы
заңдармен реттеледі
Сақтандыру ережелерін сақтан-
дыру ұйымдары анықтайды
Сақтандыру ережелерін мемлекеттік
құрылымдар анықтайды
Жеке басты немесе топты сақ-
тандыру
Жалпылама
Сақтандыруды əртүрлі
меншіктегі
сақтандырушы ұйымдар жүзеге
асырады
Мемлекеттік немесе мемлекет
қадағалайтын ұйымдар сақтандырады
Сақтандырушылар физикалық
жəне құқықтық тұлғалар
Сақтандырушылар – еңбек
қожалықтары, мемлекет, жергілікті
əкімшілік
Қаржы көздері: азаматтардың же-
келей табысы, жеке кəсіпкердің
табысы
Қаржы көздері: шаруашылық
қожалықтары тауарларының өзіндік
бағасына
кіретін салымы, мемлекеттік
бюджет
Бағдарлама сақтанушы мен
сақтандырушылар арасындағы
келісім шарт бойынша анық-
талады
Бағдарлама (кепілдендірілген көмек
минимумы) денсаулық сақтау
министрлігінде анықталады, жергілікті
əкімшілікте бекітіледі
Тариф келісімшарт бойынша
бекітіледі
Тариф екі жақтың келісімі бойын-
ша жəне
мемлекеттің басым рөлімен
бекітіледі
Сапаны қадағалау жүйесі ке-
лісімшарт бойынша бекітіледі
Сапаны қадағалау жүйесі екі жақтың
келісімі бойынша жəне мемлекеттің ба-
сым рөлімен бекітіледі.
Түскен табыс коммерциялық
жəне коммерциялық емес істерге
бағытталады
Табыс медициналық сақтандыруды
дамытуға, оның ішінде негізгі
қызметінің дамуына бағытталады.
207
Ерікті сақтандыру əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық-
коммерциялық бөлігіне жатады. Бұл іс жеке басты сақтандыруды
қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Міндетті сақтандыру
мемлекеттік
тұрғыда кепілдендірілген, шектеулі көлемде салық
төлемдерімен қамтамасыз етілетін əлеуметтік сақтандыру жүйесінің
бір бөлігі болып табылады.
Ерікті медициналық сақтандыру тек қана «Медициналық сақ-
тандыру туралы» заңмен реттелсе, міндетті медициналық сақтандыру
жүйесінің жұмысын реттеуге «Əлеуметтік сақтандыру туралы» заң да
қолданылады.
Ерікті медициналық сақтандыру ережелерін сақтандыру ұйымдары
анықтайды, ал міндетті медициналық сақтандыру ережелерін
мемлекеттік басқару құрылымдары белгілейді.
Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі жеке тұлғаларды немесе
топты медициналық көмекпен қамтамасыз етсе, міндетті медициналық
сақтандыруға барлық тұрғындар тартылады.
Ерікті сақтандыруды əртүрлі меншіктегі сақтандыру ұйымдары
жүзеге асырса, міндетті медициналық
сақтандыруды мемлекеттік
немесе мемлекет қадағалауындағы ұйымдар жүргізеді. Егер ерікті
сақтандырушы ретінде физикалық жəне құқықтық тұлғалар атал-
са, онда міндетті сақтандырумен еңбек қожалықтары, мемлекеттік
органдар, жергілікті əкімшілік айналысады. Ерікті медициналық
сақтандыруға азаматтардың, кəсіпкерлердің жеке табысы жұмсалса,
міндетті медициналық сақтандыруға шаруашылық қожалықтары
өндіретін тауарлардың өзіндік бағасына кіретін салымы, мемлекеттік
бюджет қаржысы қолданылады.
Медициналық көмектің минимумы
сақтандырушы мен сақтанушы
арасындағы келісімшарт бойынша түзілген бағдарламасымен рет-
телсе, міндетті медициналық көмек минимумы денсаулық сақтау
министрлігінде анықталып, жергілікті əкімшілікте бекітіледі.
Тарифтің көлемі ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде
екі жақты келісімшарт бойынша бекітілсе, міндетті медициналық
сақтандыруда мемлекеттің басым рөлімен жəне екі жақтың
келісімшартымен анықталады.
Сапаны қадағалау ерікті медициналық жүйесінде келісімшарт
арқылы реттелсе, міндетті медициналық сақтандыруда екі жақты
келісімшарт бойынша жəне мемлекеттің басым рөлі арқылы жүзеге
асырылады.
Ерікті медициналық сақтандыру қорына түскен қаржылай табыс
коммерциялық жəне коммерциядан
тыс жұмыстарды іске асыруға
жұмсалса, міндетті медициналық сақтандыру қорына түскен қаржы
осы саланы дамытуға ғана жұмсалады. Сонымен, медициналық
сақтандыру əлеуметтік сақтандырудың маңызды бір саласы болып
табылады жəне оның тұрғындарды сапалы жəне білікті медициналық
көмекпен қамтамасыз етудегі рөлі аса маңызды деуге болады.