Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет10/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

холистикалық медицина 
жақтастарының 
ұстанымдарына сəйкес келеді. Олар əрбір ауруға жеке көзқараспен 
қарауды ұсынады жəне олардың психосоматикалық бірегейлігін мо-
йындау қажеттігін талап етеді. 
Неогиппократизмнің жаңа бағыты биотипология деп атала-
ды. Бұл концепцияның жақтаушылары, оның ішінде Н. Пенде 
өзінің «Биотипологиялық медицина туралы трактатында» ауру-
ды өзгелерден ерекше, психосоматикалық тұрғыда бірегей тұлға 
ретінде қарастыруды ұсынады. Əрбір жеке тұлғаның морфологиялық, 
физиологиялық жəне психологиялық ерекшелігі бар деп есептейді. 
Бұл бағытты қолдаушылар, адамдардың морфологиялық, эндокриндік, 
эмбриогенездік ерекшеліктерін есепке ала отырып, адамдардың 
бірнеше биотипологиялық жіктелімдерін ұсынды. Мысалы, орга-
низмнің марфологиялық құрлысын гипостеникалық (дененің қысқа 
өлшемдерден тұруы), гиперстеникалық (дененің ұзарған өлшемдерден 
тұруы), нормастеникалық (қалыпты өлшемдерден тұруы) биотип-
терге жіктеу орын алды. Эмбриогенез кезеңдерінде (М. Мартини) 4 
негізгі биотиптер анықталды. Олардың қатарында энтобластикалық, 
мезобластикалық, эктобластикалық жəне хордобластикалық биотип-
тер бар. Ал эндокриндік бездердің қызметтік белсенділігін есепке ала 
отырып «Каноникалық» немесе «Стеникалық», (Эндокриндік бездер 
жұмысының толық тепе-теңдігі), «Фтизикус» (гипогонадизм белгілері 


22
бар) жəне «Апполектикус» (ас қортушы түрі) биотиптер анықталды. 
Осы классификациялар биотиптердің организмнің жеке жүйелері мен 
органдарына бейімделе жасалғандығын көрсетеді. Сондықтан адам 
организмінің бірегейлігін толық көрсете алмайды. Алайда, биотипо-
логия теориясы адам организмінің типологиясы туралы ғылым. Оның 
тəжірибелік маңызы, диагностиканы жəне емдеу шараларын əрбір 
жеке тұлғаның биологиялық типтік ерекшелігіне қарай ұйымдастыру 
керектігін дəлелдеуінде жатыр. Сонымен қатар əртүрлі биотипке жа-
татындар арасында таралған патологиялар қатары да ерекше екендігін 
көрсеткен. Қызметтік патология мен медицина теорияларының 
қатарына целлюлярлық патология теориясы мен оның жаңа вариантта-
ры жатады. Бұл бағыт Р. Вирховтың классикалық целлюлярлық теория-
сынан бастау алады (1858 жыл). Бұл теория бойынша кез келген ауру 
клеткалардағы өзгерістерден туындайды. Алайда бұл концепция өзінің 
дəлелін таба алмай отыр. Қазіргі таңда медицинада анатомиялық-
морфологиялық теория қолданысқа еніп отыр. Себебі көптеген 
нозологиялардың нақты туындау механизмі толыққанды анықтала 
қойған жоқ. Г. Сельенің көзқарасы Р. Вирховтың клеткалық теориясына 
жақын келеді. Бұл жерде Г. Селье клеткаларды реактондармен ауысты-
рып, оларды өмір сүрудің алғашқы бірлігі деп белгілеген. Реактондар-
ды өте майда тіршілік көздері жəне оларда минималды энергия бар деп 
есептейді. Молекулярлық биологияның жетістіктері организмдегі пато-
логиялар клеткалардағы элементарлық өзгерістерден басталатындығын 
көрсетіп отыр. Бастапқыда клетканың микроқұрылымдары бұзылады
интоксикация жəне клетка ішінің ластану оқиғалары орын алады. Осы-
дан клеткада өз қызметін атқара алмайтын жағдай қалыптасады. Дəл 
осы механизм генетикалық аурулардың туындауына алып келеді. 
Қызметтік патологиялар мен медицина теорияларының қатарында 
нервизм теориясы да бар. И. П. Павловтың И. М. Сеченовтың, 
С. П. Боткиннің, Н. Е. Введенскийдің, В. М. Бехтеревтің А. А. Ухтом-
скийдің жəне де өзге озық ойлы физиологтар мен клиницистердің 
ғылыми-зерттеу жұмыстары нерв жүйесінің организмдегі атқаратын 
басқарушылық рөлін жан-жақты дəлелдеп берді. Нерв жүйесі əсіресе 
организм мен қоршаған өмір сүру ортасы арасындағы байланысты 
реттеуде ерекше үлес қосатындығы анықталды. Адам организмінің 
бірегей жүйе ретінде қызмет атқаруын, қоршаған орта өзгерістеріне 
тез бейімделуін, ауыр патологиялық өзгерістерден кейін органдар мен 
жүйелердің қайта қалыпқа келуін реттеуші орталық нерв жүйесі екен-
дігі бүгінгі таңда ешқандай күмəн тудырмайды. Сондықтан «Стресс» 
туралы концепцияның одан ары дамуына нерв жүйесінің ерекше рөлін 
есепке алу дұрыс ықпалын тигізді деп есептеуге болады. 
Тұрғын халықтар мен денсаулық сақтаудың натуралистік теорияла-
ры кейінгі жылдары кеңінен танымал бола бастады. Олардың қатарына 
Мальтустің теориясын да жатқызуға болады. Жер беті тұрғындары 


23
арасында қалыптасқан демографиялық заңдылықтарды түсіндіруге 
бағытталған бұл теория Т. Мальтустың «Тұрғын халықтардың даму 
заңдылықтары туралы тəжірибе» (1798) атты еңбегінде жан-жақты 
талқыланған. Оның бұл теориясы ХХ ғасырдың екінші жартысында өз 
дəлелдерін таба бастады. Осы кезеңде жер беті тұрғындарының саны 
жылдам ұлғайып, 20-25 жылда екі есеге арта бастады. Сондықтан 
жер бетіндегі ашаршылық, жұмыссыздық, аурулардың кеңінен тара-
луы материалдық байлықтың кедейлер мен байлар арасында дұрыс 
бөлінбеуінен емес, халықтың тез көбеюінен туындап отыр деп көрсетеді. 
Мальтуистік теорияның жақтастары жер бетінде артық дүниеге кел-
ген адамдар өздерін қажетті тұрмыстық заттармен жəне азық-түлікпен 
қамтамасыз ете алмайды деп есептейді. Ал, дүниеге келген артық 
тұрғындардың денсаулығы үшін күресу, əлеуметтік тұрғыда қорғау 
табиғаттың заңдылықтарына қайшы келеді. Ол аморальдық сипаттағы 
қимылдар жəне адамзаттың дамуын тежейді деп көрсетеді. 
Адамзаттың даму тарихы, тұрғындардың құрамы мен санының 
табиғаттың заңдылықтарына сай түзелмейтіндігін көрсетіп отыр. Демо-
графиялық үдерістің бағыты бірінші кезекте əрбір елде қалыптасқан 
əлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық жəне медициналық 
ахуалдарға байланысты. Осы үдерістерді дұрыс қалыптастыра отырып, 
демографияға əсер етуге болады. Оның мысалы ретінде Франциядағы 
соңғы 20-30 жылда қалыптасқан демографиялық ахуалды алуға бола-
ды. Дұрыс жəне белсенді ұйымдастырылған демографиялық саясаттың 
арқасында, Франция мемлекетінің тұрғындары 50 миллионнан асып 
отыр. Ал, Жапонияда қолға алынған осындай саясат тұрғындардың 
жылдам өсуін тоқтатты. Бұл шаралардың барлығы дерлік Мальтуистік 
заңдарды дəлелдемейді, керісінше дұрыс ұйымдастырылған əлеу-
меттік-экономикалық саясаттың нəтижелері болып табылады. 
Жаңа Мальтуистік теориялар да демографиялық үдерістің түбі-
рінде табиғи заңдылықтар жатыр деп есептейді. Жер бетіндегі 
демографиялық ахуалды дұрыс қалыптастыру үшін өлім оқиғаларын 
тежемей, туылу оқиғаларын азайту қажет. Керекті жағдайда, адам 
санын төмендету үшін соғыс қимылдарын пайдалану керек деп 
түйіндейді. Бұл бағыттың ең белсенді қолдаушысы У. С. Томсон «Попу-
ляция жəне даму» атты еңбегінде: «Тұрғындардың тоқтаусыз өсімінен 
туындайтын қысымды азайту үшін туылу үдерісін қатаң бақылауға алу 
керек. Осындай бақылаудың тиімді жолы ретінде ашаршылықтан жəне 
аурулардан адамдардың өлімін жоғарылату. Ал осы шаралардың тиімсіз 
тұстарында соғыс қимылдарын қолдануды қажет» деп жазады. Жаңа 
Мальтуистердің бірі В. Фогт: «Соғыс жəне экономикалық тоқырау-
демографиялық үдерісті реттейтін ең тиімді құрал» - деп атап өтеді. 
Осы бағыттың жеке мүшелері «Тұрғындардың оптималдық саны» де-
ген концепцияны ұсынады. Олардың есебінше жер беті тұрғындарының 
оптималды саны 1 миллиард адамнан аспауы тиіс жəне əрбір тұрғын 


24
өз еңбегіне сай қажетті тауарлармен жəне азық-түлікпен қамтамасыз 
етілуі қажет. Алайда осындай оптимумды қамтамасыз ету үшін олар 
контрацептивтерді кеңінен қолдану, туылу оқиғаларын барынша 
азайту, соғыс қимылдарын қолданып, өлім деңгейін арттыру сияқты 
антигумандық əдістерді ұсынады. Соңғы кездерде синтетикалық не-
месе əмбебап теориялар қоғамдық денсаулық саласында жиі қолданыс 
таба бастады. Олардың қатарына қоғамдық жүйелер мен денсаулық 
сақтаудың конвергенциялық теориясы жатады. Бұл теория əлеуметтік 
жүйеде жоспарлау, мемлекеттік реттеу, бағдарламалау, маркетинг, ме-
неджмент, заманауи индустриалдық технология, саяси технология 
сияқты қоғамдық механизмдерді пайдалану қажеттігін ұсынады. Бұл 
механизмдер қоғамда əлеуметтік гармония қалыптастырып, ғылыми-
техникалық дамуды жылдамдатады деп есептейді. Басқаша айтқанда, 
денсаулық сақтау саласында тұрғындардың сұранысы мен мемлекеттің 
экономикалық шамасына тура келетін медицина жүйесін қалыптастыру 
қажеттігін дəлелдейді. 
Осы бағыттағы екінші концепция «Адамдар капиталы» деп атала-
ды. Бұл теорияны ұстанушылар, оның ішінде дүниежүзілік денсаулық 
сақтау Ұйымы (ДДСҰ) адам денсаулығына жəне медицина саласына 
қаржыны аяуға болмайды деп есептейді. Денсаулыққа кеткен қаржылай 
шығын үлкен экономикалық тиімділікпен қайтады. Қоғамның одан 
ары дамуына алып келеді. Керісінше, алды алынбаған аурушаңдық, 
мүгедектік жəне ерте жастан өлім оқиғалары мемлекетке орасан зор 
шығын келтіреді. 
Медицинаның детерминациялық теориясы патологиялық үдеріс-
тердің дамуына алып келетін механизмдерді, денсаулықты сақтауға 
жəне қалыптастыруға байланысты заңдылықтарды біріктіре қарайтын 
бағыт болып табылады. Бұл теория бойынша барлық стрессорлар 
бір-бірімен тығыз байланыста жəне реактивті детерминация заңы 
бойынша əсер етеді деп түсіндіреді. Детерминацияның негізгі əсер 
ету бағытына қарай гомеостатикалық, эволюциялық, экологиялық, 
психосоматикалық, реактивтік детерминизм деп жіктеледі. Аты аталған 
теориялар денсаулық сақтау саласындағы барлық теорияларды қамти 
қоймайды. Олар тек ең жиі қолданылатын теориялар болып табыла-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет