229
3) Ана мен баланы қорғау;
4) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
қамтамасыз ету;
5) Денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық
бағыттың басымдылығы;
6) Медициналық
көмектің қолжетімділігі;
7) Медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;
8) Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын
қамтамасыз ету;
9) Медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;
10) Медициналық жəне фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана
отырып қамтамасыз ету;
11) Отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық
сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы
жетістіктерін жəне əлемдік тəжірибені енгізу;
12) Ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;
13) Отандық əзірленімдерді жəне бəсекеге
қабілетті медициналық
жəне фармацевтикалық өнеркəсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;
14) Азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге
қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;
15) Денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын
қанағаттандыруға жəне өмір сапасын жақсартуға бағытталған
əлеуметтік бағдарлылығы;
16) Салауатты өмір салтын жəне дұрыс тамақтануды қалыптас-
тыруға жəрдемдесу;
17) Халықтың денсаулығын, дəрілік заттардың қауіпсіздігін,
тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы-
на жатқызу шарттары негізінде жүргізіледі.
Мемлекет өз мойына жүктеген міндеттерін
орындау мақсатында
заңдар, нормативтік құжаттар, құқықтық актілер қабылдайды. Сол
арқылы денсаулық сақтау жүйсінің жұмысында қолданылатын шарт-
тар жетілдіріледі немесе оларға өзгерістер енгізіледі.
Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын
жасау, қажетті мамандарды даярлау, технологияларды ендіру ора-
сан көп қаржыны бағыттауды талап етеді. Сондықтан медициналық
шараларды жүзеге асыруға қажетті қаржы көзін қамтамасыз етудің
маңызы үлкен. Егер денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылса, онда мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі туралы
айтылады. Егер денсаулық сақтау жүйесінің қызметін қаржыландыру
сақтандыру жарнамасына негізделсе,
онда сақтандыру медицинасы
туралы айту қажет. Жекеменшіктегі денсаулық сақтау жүйесі ерікті
сақтандыру қорынан түскен табыс көзінен қаржыландырылады.
230
Əлеуметтік-профилактикалық жұмыс денсаулық сақтау ісінің
негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл шартты орындау
əлеуметтік-экономикалық, медициналық-ұйымдастырушылық, сани-
тарлық-техникалық, гигиеналық кешендерден тұрады. Оның негізгі
əдісі болып диспансеризация қала береді. Ана мен баланың денсаулы-
ғын қорғау медицина тəжірибесінің басым бағыты болып санала-
ды. Дені сау анадан дені сау бала туылады. Сондықтан аналардың
денсаулығын жоғары деңгейде қалыптастыру болашақ ұрпақтың аман
болуының кепілі деп қарастырған жөн. Осы қағиданы негізі шарт
ретінде қарастырған жəне оларды қорғау ісін заңды құжаттармен
бекіткен Республика ана мен баланы
қорғауға денсаулық сақтау
жүйесінде арнайы қызмет ұйымдастырып, медицина мекемелерін жəне
мамандар мен материалдың-техникалық қорын нығайтып, белсенді
медициналық-профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Бұл
жұмыстардың нəтижесі жақсы. Ана мен баланың денсаулығын қорғау
жұмыстары олардың өлімін, мүгедектік жəне кеселдену оқиғаларын
айтарлықтай төмендетті.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Президенттің
№70 «Кепілдендірілген қызметтің тізбесі туралы» жарлығымен
жəне өкіметтің жыл сайын «Қазақстан Республикасы халқына тегін
медициналық көмектің кепілді көлемінің ағымды жылға арналған
тізбегін бекіту туралы» қаулысымен заң жүзінде жүзеге асырылады.
Сондықтан бұл шарттың да құқықтық негізі қатаң сақталады деп айтуға
болады. Медициналық көмектің қол
жетімділігі мен медициналық
көмектің сапасына кодекстің 5 бөлімінің 16 тарауына қарасты 87 бабын-
да мемлекеттік кепілдік берілетіндігі жарияланған. Бұл кепілдіктерді
қамтамасыз ету үшін Республиканың əрбір тұрғынының денсаулығы
туралы бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастырылған жəне сырқатқа
байланысты, олардың мамандандырылған медициналық көмекке
сұранысы есепке алынады. Дəрігерлердің ұсынысы бойынша, ауру-
лар толыққанды тексеруден өтіп Республиканың кез келген клини-
касында емделуге бағытталады. Мемлекеттік кепілдендіру аясын-
да жəне формулярлық жүйе бойынша аурулар қолжетімді, сапалы,
тиімді жəне қауіпсіз дəрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Денсаулық
сақтау саласының барлық іс-шаралары жоспарлы түрде жүзеге асы-
рылады. Емдеу, профилактика, диагностика жəне реабилитация ша-
ралары белгіленген стандарттарға сəйкес жүзеге асырылады. Ал,
көрсетілген медициналық көмектің төлемақысы оның нəтижесіне
қарай
қалыптастырылады. Сондықтан емдеу-профилактика ұйымдарының
жұмыс тиімділігі берілген медициналық көмектің сапасына тікелей
байланысты болады деуге толық құқықтық негіз бар.
Денсаулық сақтау жүйесінің заңнамаларында азаматтардың өз
денсаулығына мемлекетпен бірдей жауапкершілігі де қарастырылған.
Азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігі тегін кепілдендірілген
231
медициналық көмектен тыс алынатын ақылы медициналық көмекте
көрініс береді деуге болады. Осы жерде айта кететін мəселе, азаматтар-
дың дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина-
лық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тəуел-
сіз сарапшы ұйымдардан жəне субъектілерден өткізілетін дəрілік
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға
құқығы бар. Сондықтан Республика азаматтарының денсаулық қорғау
шарттары заң жүзінде толық қамтамасыз
етілген деп айтуға бола-
ды. Осы шарттарды жетілдіру мақсатында Республика Парламенті
қолданыстағы заңдардың бүгінгі əлеуметтік-экономикалық, медици-
налық-құқықтық сұранысқа сай болуын қатаң қадағалап жəне оларға
қажетті өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде енгізіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: