223
жағдайында маркетинг əдістемесі азаматтардың медициналық
көмекке, дəрі-дəрмекке жəне дəрілік заттарға
сұранысын қамтамасыз
етуге бағытталады. Сондықтан маркетинг «осы əлеуметтік саланы
басқарудағы сана сезімді» қалыптастырады.
Маркетингтің мақсаты – медициналық қызмет пен дəрі-дəрмек
өндірісінің тиімділігін қамтамасыз етіп, өндірістік мүмкіндік аясында
жəне қолайлы уақытта сатудың тиімді жолын қарастыру. Маркетингтік
зерттеулердің нəтижесінде медициналық жəне фармацевтикалық
көмек берудегі нарықтық жағдайдың өзгерістері болжамдалады,
емдеу-профилактикалық қызмет аясында төлемақының өзгерістері
сарапталады, медициналық көмек сапасының
сұранысқа сай болуын
қамтамасыз ету жолдары анықталады.
Қазіргі кездегі медицинадағы маркетингтің міндеті емдеу
мекемесінің бəсекелестікке сай келетін жұмыс бағытын дұрыс таңдау
жəне нарықтық жағдайға тез бейімделу болып табылады.
Оның ішінде:
Ауруханалық қызметтің нақты түрлері бойынша (қызмет
1.
маркетингі).
Денсаулық мекемесінің (ұйым маркетингі).
2.
Емдеу-профилактика мекемесінің орналасуы (орналасу
3.
орынының маркетингі).
Салауатты өмір сүру идеясы (идея маркетингі) – бар.
4.
Мекеменің орналасу маркетингі, жеке тұлғалардың орнала-
су маркетингі өз мекемесінің жұмыс тиімділігін, қызмет көрсету
ісін
ұйымдастыру сапасын, білікті мамандардың бар екендігін жəне
олардың емдеу, диагностика саласында заманауи əдістер мен техноло-
гияларды қолданатындығын насихаттауды жүзеге асырады.
Қоғамдық сипаттағы идеялардың маркетингі денсаулық сақтау
мекемесінің темекі тартуға, алкогольдік ішімдікке салынуға,
наркоманияға, семіздікке қарсы, отбасы санын жоспарлауға,
əйелдер мен балалардың құқығын қорғау мəселелеріне
бағытталған
профилактикалық шараларды ұйымдастыру жұмыстарын қамтиды.
Нарықтық қатынас адамдардың психологиялық көзқарастарының
түпкілікті өзгеруіне, оның ішінде емдеу-профилактикалық қызметтің,
дəрі-дəрмектердің, медициналық тауарлардың тегін немесе ақылы бо-
луына көзқарастарының өзгеруіне алып келеді. Сондықтан маркетинг
қызметінің мақсаты жəне міндеттері емдеу-профилактикалық қызмет
көрсету саласында нарықтық қатынастың
даму бағытын болжамдау,
денсаулық туралы мəліметтерді алу жəне сараптау, жаңа қызметтер,
дəрі-дəрмектер, тауарлар нарығын жасау мəселесін шешу, нарықтық
экономикаға байланысты өмір сүру салтын қалыптастыру болып та-
былады.