Тақырыбы : «Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесі» Пәні: Жоғары мектеп педагогикасы Орындаған



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі33,43 Kb.
#97350
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сро педагогика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы : «Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесі»



Пәні: Жоғары мектеп педагогикасы
Орындаған: Карамолдина А.М
Екі шетел тілі МДЯ-001
Тексерген: Джанбубекова М.З

Семей 2020 жыл


Жоспар:

  1. Кіріспе

    1. 12 жылдық білім беру ерекшелігі ерекшелігі

    2. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты:

  2. Білім беру құрылымы

  3. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары

  4. Көңіл бөлінген мәселелер

  5. Қорытынды

  6. Әдебиет



Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады. Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет