10 апта тс-10. Тежеу жүйесі Қарастыратын мәселелер



бет1/2
Дата15.06.2022
өлшемі43,33 Kb.
#146591
  1   2
Байланысты:
10 апта ТС-10
3. тапсырма, 10 апта ЗЖ-5, Үй тапсырмасы 16.09.2022, Аралық бақылау 2

10 апта ТС-10. Тежеу жүйесі
Қарастыратын мәселелер:
1. Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы
2. Тежеу жүйесінің құрамдастарының өзара байланысы

Тежегіштің гидравликалық жетегі бірконтурлы (бөлінбеген) және екіконтурлы (бөлінген), сонымен қатар күшейткішті немесе күшейткішсіз болады.


Бөлінбеген гидрожетекте (сурет 2.7, а) алдыңғы және артқы доңғалақтардың тежеу механизмінің бір жалпы контуры және бір секциялы бас тежеу цилиндрі 3 болады. Жетек тежеу басқышынан 4 бөлінбестен алдыңғы 1 және артқы 5 тежеу механизмдеріне әсер етеді. Бір контурлы жетекте кез- келген жергілікті зақымдануында автомобильдің тежеу жүйесі толықтай істен шығады.

а- тежеу; б- тежеуден босату; 1- итергіш; 2,7- поршеньдер; 3,6 цилиндрлер; 4,11- серіппелер; 5,10- клапандар; 8- колодка; 9- тежеу барабаны
Сурет 2.6- Гидравликалық тежеу жетегінің жұмыс схемасы

Жеке гидрожетек (cурет 2.7,б) тежеу жүйесінің жұмысының сенімділігін және автомобиль қозғалысының қауіпсіздігін едәуір жақсартады. Жеке жетекте тәуелсіз әсер ететін екі контур, яғни бірінші 6 және екінші 7 және екі секциялы бас цилиндрі 3 болады. Жетек жалпы тежеу басқышынан 4 жеке алдыңғы 1 және артқы 5 тежеу механизмдеріне әсер етеді. Гидрожетектің контурларының бірі зақымданғанда, одан тежеу сұйығы ағып кетеді. Бұл жағдайда басқа зақымданбаған контур төменгі тиімділікпен болса да тежеуді, яғни автомобильдің тоқтауын қамтамасыздандырады. Жеке жетекте екі контур болуы мүмкін, олардың бірі тек алдыңғы доңғалақтардың тежеу механизміне әсер етуі мүмкін, ал екіншісі автомобильдің алдыңғы және артқы доңғалақтарының тежеу механизмдеріне әсер етеді. Екі контурлы гидрожетек диагоналды болуы мүмкін, бұнда контурлардың бірі алдыңғы оң жағындағы және артқы сол жағындағы доңғалақтардың тежеу механизмдерінің жұмысын қамтамасыздандырады, ал екінші контур алдыңғы сол жағындағы және артқы оң жағындағы доңғалақтардың тежеу механизмдерінің жұмысын қамтамасыздандырады. Бұндай гидрожетектердің контурларының бірі істен шыққанда тежеу жүйесінің тиімділігінің 50 %-ы сақталады.





а- бір контурлы; б- екі контурлы; 1,5- тежеу механизмдері; 2,6,7- контурлар; 3- цилиндр; 4- басқыш


Сурет 2.7- Гидравликалық тежеу жетектерінің сұлбалары

Жеңіл автомобильдерде, олардың класына байланысты тежегіштің гидравликалық жетегі күшейткішсіз және вакуумды күшейткішті түрлері қолданылуы мүмкін. Вакуумды күшейткішті жетек автомобильді басқаруды жеңілдетеді, тежеу барысында басқышқа қажетті күш шамасын төмендетеді. Жүк автомобильдерінің тежегіштерінің гидравликалық жетектерінде вакуумды, гидровакуумды, ауалы күшейткіштер қолданылады, оларды қолданғанда тежегіштің басқыштарына қажетті күш 250...300 Н- нен артпайды, ал күшейткішсіз автомобиль күрт тежелгенде аталған күш 800...1000 Н шамасында болады.


Гидравликалық тежегіш жетегі ықшамды, массасы аса үлкен емес, іске қосылу уақыты аз, біруақытта автомобильдің барлық доңғалақтарын тежеуді қамтамасыздандырады, ПӘК- і 0,95 шамасында. Бірақ күшейткішсіз жетектің тиімділігі төмен, жергілікті зақымдануда істен шығады және төменгі температурада (-300 С және одан төмен), оның ПӘК- і төмендейді.
Ауалы тежеу жетегі орташа және үлкен жүк көтергішті автомобильдерде, автопоздерде, автобустарда қолданылады. Ол автомобильді басқаруды жеңілдетеді, басқа жетектермен салыстырғанда тиімділеу және қысылған ауаны басқа мақсаттарда қолдануды қамтамасыздандырады (автобус есіктерін ашып жабуды; шиналарға ауа үрлеуді және қысымды ұстап тұруға; әйнек тазалағыш жетегінде және т.б.). Бірақ ауалы жетек аса жинақтылау емес, құрылымы және қызмет көрсету күрделілеу, қымбаттау, іске қосылу уақыты ұзақтау (гидрожетекке қарағанда 5...10 есе үлкен). Ауалы тежеу жетегіне келесі приборлар кіреді: нәрлендіруші- компрессор, рессивер (ауа сиымдылықтары); басқарушы- тежеу крандары, тіркемелердің, жартылай тіркемелердің тежеу механизмдерін басқару қлапандары; орындаушы- тежеу камералары, тежеу цилиндрлері; реттеуші- компрессор қысымын реттегіш, тежеу күшін реттегіш және т.б.; пайдалану сапасын және сенімділігін жақсартатын ылғал бөлгіштер, қорғайтын, жеделдететін және басқа клапандар; сигналдық- әр түрдегі сигнал бергіштер. Ауалы жетекті автомобильдің тежеу жүйесінде тежеу механизмдері қысылған ауа энергиясымен іске қосылады, жүргізуші тек басқаратын (ауабөлістіргіштерге) приборларға әсерін тигізеді.
Ауалы тежеу жетегі келесі ретте жұмыс орындайды (сурет 2.8). Тежелмеген жағдайда компрессор 1 қысым реттегіші 8 арқылы қысылған ауаны ауа сиымдылығына 3 қысымдайды, ал тежеу камералары 2,4 қоршаған ауамен байланысады. Ауа сиымдылығында ауаның жеткілікті қоры жинақталғанда қысым реттегіші компрессорды ажыратады. Тежегіш басқышына 7 басқанда қысылған ауа сиымдылықтан тежеу кранымен 6 тежеу камераларына жіберіледі де, камералардың қоршаған ауамен байланысы үзіледі. Ауа қысымының әсерінен тежеу камералары автомобильдің алдыңғы және артқы доңғалақтарының тежеу механизмдерін іске қосады. Манометр 9 ауа қысымын бақылайды, ол 0,75...0,8 МПа шамасында болады. Құбыр 5 автомобильдің тежеу жетегін тіркеменің ауа жабдығымен қосады.
Автопоездің ауа жетегі күрделі болады. Оның құрамында ондаған приборлар болады. Қолданылған ауа жетегіне байланысты автомобиль- тартқышта және тіркемеде бір немесе екі өткізгішті ауалы жетек болуы мүмкін.
Автопоездің бір өткізгішті ауалы тежегіш жетегінде (сурет 2.9,а) автомобиль -тартқыштың және тіркеменің тежеу жүйесі өзара жалғастыру бастамасы 7 көмегімен бір құбырмен жалғастырылған және ол нәрлендіретін және басқаратын болып табылады. Автопоезд қозғалғанда копрессор 1 қысым реттегіші 2 арқылы қысылған ауаны автомобиль- тартқыштың және тіркеменің ауа сыйымдылықтарына 3,9 қысымдайды, олардың камералары қоршаған ауамен жалғасады. Тежеу басқышына басқанда тежеу кранының секциясы 5 тежеу камераларын 6 ауа сиымдылығымен 3 жалғастырады, ал кранның секциясы 4 автомобильдің және тіркеменің жалғастыру құбырын қоршаған ауамен жалғастырады.
Жалғастыру құбырындағы қысылған ауаның қысымының төмендеуі ауа бөлістіргішті 8 іске қосады, ол қысылған ауаны ауа сиымдылығынан 9 тіркемеге бағыттайды. Бұл жағдайда тежеу камераларындағы қысылған ауа қысымы тежеу басқышын басу күшіне пропорционал болады. Автомобиль- тартқыштың тежегішінің жетегінде қысылған ауаның қысымын 0,75...0,78 МПа, ал тіркеменің тежеу жетегінде 0,5...0,55 МПа шамаларында ұсталынып тұрады. Бұл тіркеменің ауа жетегінің приборларының іске қосылу уақытын қысқартуға қажет, өйткені приборлардан қысылған ауаны шығару уақыты, оларды ауамен толтыру уақытына қарағанда 1,5...2,0 есе ұзақ болады [1,2].
Тежегіштің бірөткізгішті ауалы жетегі автопоезді бірнеше және жиі тежегенде (ой жерге жылжығанда) тиімді тежеуді қамтамасыздандырмайды. Бұл жағдайда тіркеменің ауа сиымдылығындағы қысылған ауа шығындалады
да, сиымдылықтағы қысым төмендейді, ал қысылған ауа компрессордан қысымдалмайды.
Көптеген автопоездарда тежегіштің екі өткізгішті ауалы жетегі қолданылады (сурет 2.9, б), онда автомобиль- тартқыштың және тіркеменің тежеу жүйесі келесі екі құбырлармен жалғастырылады: жалғастыру бастамасымен 11 нәрлендірілетін және жалғастыру бастамасымен 7 басқаратын.
Автопоезд қозғалғанда компрессор 1 қысым реттегіші 2 арқылы қысылған ауаны автомобиль- тартқыштың ауа сиымдылығына 3 және нәрлендіру құбыры арқылы тіркеменің ауа сиымдылығына 9 қысымдайды. Автомобильдің тежеу камерасы 6 және тіркеменің тежеу камерасы 10 қоршаған ауамен тежеу кранының секциясы 4 және ауабөлістіргіш арқылы жалғастырылған. Тежеу басқышына басқанда тежеу кранының секциясы 5 автомобильдің тежеу камераларын 6 ауа сиымдылығымен 3 жалғастырады. Қысылған ауа басқару құбырымен ауабөлістіргішке 8 беріледі, ол ауа сиымдылығын 9 тіркеменің тежеу камераларымен 10 жалғастырады. Автопоезды тежегенде тіркемкеменің ауа сиымдылығына 9 автомобильдің ауа сиымдылығынан 3 қысылған ауаны беру жалғасады. Тіркеме автомобильден ажыратылғанда ауабөлістіргіш 8 тежеу камераларын 10 ауа сиымдылығымен 9 жалғастырады да, тіркеме автоматты түрде тежеледі.
Екі өткізгішті тежегіштің ауа жетегі тіркеменің ауа сиымдылығына үздіксіз қысылған ауаны беруді қамтамасыздандырады және оның іске қосылу уақыты бір өткізгішті ауа жетегіне қарағанда 1,5...2,0 есе кіші. Бұл жетек автопоезды жиі және бірнеше тежегенде тиімді және сенімді.
Аралас тежегіш жетектері орташа және үлкен жүк көтергішті автомобильдерде, сонымен қатар автопоездерде қолданады.
Ұзын базалы автомобильдерде және көп буынды (бірнеше тіркемелі) автопоездерде электрауалы тежегіш жетегі қолданылады, ол электрлі және ауалы жабдықтардан құралады. Жетектің электрлі бөлігі басқаратын, ал ауалы жабдық орындаушы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет