217
Қазіргі кездегі денсаулық сақтау саласында
басқару шарттарын
дұрыс пайдаланудың маңызы үлкен. Оның төмендегідей түрлері бар:
– басқарудың ұйымдастырушылық шарттары қызметкерлердің
ынтасын арттыруға бағытталған бетке ұстар міндеттер мен
мақсаттарды
белгілейді.
– басқарудың даму шарты мекеме қызметкерлерінің арақатынасын
реттеуге
байланысты;
– басқарудың ұйымдық салтының шарты сыртқы ортаға бағыт-
талған жəне ұйымның абыройын анықтайды.
Басқару шартын құрастыру барысында қоршаған ортада
қалыптасқан жағдайды, қызметкерлердің өскелеңдігін, мекеменің алды-
на қойған міндеттерінің құрамын жəне əкімшілік
пен қызметкерлердің
арақатынасын есепке алу қажет.
Басқарудың ұйымдастырушылық шарттарының мысалы ретінде
мынадай шарттарды қарастыруға болады:
- билік пен жауапкершілік;
- бір басшыға бағыну (қызметкер бір басшыдан бұйрық алуы
тиіс);
- бірыңғай басқару жүйесі (бір мақсатқа жұмылдырған іс-
қимылдар);
- «жинақылық» - «барлығының өз орны бар» жəне «барлығы да өз
орнында»;
- тұрақтылық;
- тəртіп.
Даму жəне ұйымдық салт шарты бəсекелестікке байланысты
туындаған. Бұл шарт тұтынушыны өзіне тарту үшін əрбір қызметкер-
лерде
бірыңғай, клиенттерге ұнайтын əдептерді қалыптастыруға
қызмет етеді.
Басқару əдістемелері – басшыға ұйымның мақсатты жұмыстарын
қамтамасыз етудің кешенді механизмдерімен қатар қолданатын
басқарушылық əдістемелер топтары болып табылады.
Барлық əдістемелердің негізгі мақсаты – кешенді əсер ету арқылы
қызметкерлердің өндірістік міндеттерді барынша жақсы орындауы-
на ынталандыру болып табылады. Əдістер емдік-профилактикалық
мекемелердің жұмысын заманауи жолдармен қолданыстағы
заңнамаға сəйкес (еңбек, медицина, зейнет, əкімшілік,
азаматтық
жəне өзге құқықтық заңдар), əлеуметтік психологияға, қаржыландыру
тəртіптеріне, статистикалық есепке алу жəне есеп беру арқылы
ұйымдастыруға негізделген.
Басқару əдістері ұдайы жетілдірілуде, айқындалуда жəне дұрыс-
талуда. Денсаулық сақтау саласында да басқарудың негізгі əдістері
қолданылады. Оның ішінде ұйымдастырушылық-əкімшілік, əлеумет-
тік-психологиялық, экономикалық əдістер ерекше орын алады.
Қызметті ұйымдастырудың негізінде ұйымдастырушылық-əкімшілік
218
əдістер жатыр. Бұл жеке əдістердің жиынтығы. Сонымен қатар, оның
өзіндік технологиясы, тəртібі, орындау кезегі бар ұйымдастырушылық
шектеу əдісі. Ұйымдастырушылық əсер
басқарудың тұрақтылығын
көрсетеді жəне мекеменің құрылымын бекітетін нормативтік
құжаттар мен нұсқаулар түрінде айқындалады. Ұйымдастырушылық
құжаттардың қатарында штаттар, емдеу-профилактика мекемесінің
жұмыс тəртібі мен ережесі, мекеменің
жарнамасы, келісім шарттары
жəне тағы басқалары бар.
Үкімдік құжаттардың қатары басқарудың динамикасын көрсетеді.
Себебі бұл құжаттар тапсырыстарды орындау жұмыстарының бары-
сын анықтайды. Үкімшілік əсердің түрлеріне бұйрық, үкім, нұсқаулар
жатады.
Сонымен қатар емдеу-профилактика мекемесінің жарнамасы,
жағдаяты жəне мекеменің штаттық-кестесі де басқарудың аса маңызды
тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл құжаттар мекеменің міндеттері
мен ұйымдастырушылық құрылымын анықтайды. Қызметкерлердің
атқаратын жұмысын нақты белгілейтін құжаттарға ішкі еңбек ету
тəртібі, əкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық келісімшарт
жатады.
Əлеуметтік-психологиялық əдістерді ұжымға, онда жүріп жатқан
əлеуметтік үрдістерге ұжымның жеке əсер ететін кешенді əдістері
деп қарастыру қажет. Əлеуметтік-психологиялық басқару əдісінің бір
қырына демократиялық, ал қажетті жағдайда либералдық басқару əдісін
қолдану жатады. Ұжымды басқаруды барынша тиімді ұйымдастыру
үшін менеджердің абыройының жоғары болуы ерекше рөл атқарады.
Абыройлылық менеджердің кəсіби
білімінің, ұйымдастырушылық
қабілетінің жоғары болуымен жəне адамдармен тіл табыса алу
қабілетімен анықталады. Экономикалық əдістер тобына экономикалық
сараптау жəне тұжырымдау, ғылыми жоспарлау жəне болжамдау,
статистикалық əдістер жатады. Экономикалық əдістердің маңызды
тетігінің бірі материалдарды жəне қаражатты нақты шығындауды
қатаң сақтау, материалдық байлықты,
төсек-орынды, аспаптар мен
құралдарды дұрыс пайдалану болып табылады.
Экономикалық əдістерді қызметкерлердің жоғары сапада жұмыс
істеуіне ынталандыру мақсатында қолданған жөн. Ынталандыру
үшін қосымша төлемақы беру экономикалық əдістің бір көрінісі деп
қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: