47
Бұл əдісті тек сусыз жəне аз суланған ұңғымаларда немесе
керісінше, өте күшті суланған газлифттік ұңғымаларда қолдануға бо-
лады. Химиялық
реагенттер беру орнын таңдау, қазу кезінде өзгеріп
отыратын нақты мəселелермен жəне ұңғыманы пайдалану тəсіліне,
өнімдердің қасиеттеріне, термодинамикалық жағдайларға жəне т.б.
байланысты анықталады.
Қазіргі кезде біздің елімізде, сондай-ақ əлемнің көптеген мұнай
кенорындарында аспалы сораптар қолданылады. Поршеньді сорап
ұңғымаға түсіріледі. Олар аспалы бағаны
арқылы тербелуші станокпен
қосылады. Теңгеруші-тербелуші станок электр қозғалтқышымен іске
қосылады. Сорап үздіксіз жұмыс істейді, нəтижесінде мұнай жер
бетіне айдалады.
3-сурет.
Аспалы терең – сорапты
қондырғы.
1 – сорғы қақпақша;
2 – сығу қақпақшасы; 3 – сорғыш аспа;
4 – үштік; 5 – сальник; 6 – балансир;
7, 8 – шатунды механизм;
9 – қозғалтқыш.
Мұнайды өңдірудің аспасыз сораптар
қолданып іске асырылатын да əдістері бар.
Мұндай жағдайда сорапқа электр энергиясын
ұңғыма бойымен
арнайы кабельмен немесе
энергия көзі болып табылатын сұйық ағынын (сығылғын газ, жылу
көзі) пайдалану арқылы қосады. Мұнай қабаттарының мұнай беру
мүмкіншілігін арттыру бағытында, жаңа технологияларды іздестіру
көптен жүргізілуде.
4-сурет.
Сыртқа тепкіш электр сораптармен
жұмыс істейтін қондырғы.
1 – электр қозғалтқыш; 2 – протектор;
3 – торлы сүзгі; 4 – тиемелі сорап,
5 – кабель; 6 – бағыттаушы дөңгелек;
7 – кабельді барабан; 8 – трансформатор;
9 – басқару станциясы.