Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет49/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
6.6. Парафиндер жəне церезиндер
Қатты тауарлы парафиндерді төмендегі 2 əдіспен алады:
1. Түзу тізбекті парафиндерді алу үшін көмірсутегі көп, тұт-
қырлығы аз май дистиллятын салқындатады жəне түзілген қатты 
парафиндерді майдан сүзіп алады.
2. Май дистилляттарын талғамды еріткіштер көмегімен депа ра-
финизациялағанда гач алынады, оны майсыздандырады, яғни қалған 
майды бөліп, парафин алады. Қатты парафиндер синтетикалық майлы 
қышқылдар жəне спирттерді, олардан жуғыш заттарды алуда кеңінен 
қолданылады. Қатты жəне жұмсақ парафиндар α-олефиндер алу 
мақсатында термиялық крекингке жіберіледі. Жұмсақ парафиндер 
С
10

20
көміртектерінен тұрады жəне мұнайдың дизельді фракция-
ларын карбамидті депарафинизациялау кезінде алынады.
Церезиндерді алу үшін мұнай өңдеу зауытында шикізат ретінде 
петролатум қолданылады, ол таңдамалы еріткіштер көмегімен 
майлайтын майларды депарафинизациялау кезінде бөлінетін қатты 
көмірсутектер. Тауарлы церезин сырт көрінісі бойынша ара омарта-
сына ұқсайды. Ол – қатты жоғары молекулалы изопарафиндерден жə-
не аз мөлшерде тұтқыр майы бар нафтенді көмірсутектерден тұра тын 
қоспа. Балқу температурасы өсуімен церезиннің бағалылығы да өседі. 
Церезиндер ара шаруашылығында омарта, бейнелеу құралдарын, 
модельдер, көрнекті құралдар дайындау үшін қолданылады. Меди ци-
налық вазелин алу үшін ақ церезинді жəне парафинді парфюмерия -
лы маймен араластырады, ал техникалық вазелиндер алу үшін па-
рафин немесе петролатумды машина майларымен араластырады.


105
VII тарау
Мұнайды өңдеуге дайындау
7.1. Мұнайды тасымалдау жəне өңдеу алдындағы оны 
тұрақтандыру жəне даярлау жұмыстары
Мұнай жер бетіне шыққаннан кейін резервуарларда сақталады, 
өңдеу зауыттарына танкерлер немесе құбырлар арқылы жеткізіледі.
Жер қойнауынан жер бетіне шыққан мұнайдың құрамы: ілеспе 
газ (50-100 м
3
/т), су (200-300 кг/т), минералды тұздар (10-15 кг/т), 
меха 
никалық қоспалардан тұрады. Оны тасымалдау жəне өңдеуге 
беру алдында газдардан, механикалық қоспалардан, судың жəне тұз-
дардың негізгі бөлігінен тазарту қажет. Жоғары қысымда газдар мұнай 
құрамында еріген күйде болады. Мұнайды жер бетіне көтергенде 
қысым түседі. 
Өндірісте мұнайдан газды бөліп алудың бірнеше сызбанұсқасы 
бар. Бірінші топ сызбанұсқасы бойынша газды мұнайдан шыңырауға 
біршама қашық жерден бөледі. Жер қайнауынан шығатын мұнай 
құрылысы С
1

4
жеңіл көмірсутектерінің мөлшері едəуір көп бола-
ды. Осы көмірсутектердің көп бөлігі мұнайды сақтағанда жəне 
тасы мал дағанда жоғалуы мүмкін. Газдардың, сонымен бірге жеңіл 
фрак цияларының жоғалуын болдырмау, қоршаған ортаны ластамау 
үшін, мүмкіндігінше, мұнайдан С
1

4
көмірсутектерді мұнай өңдеу 
зауыттарына жіберу алдында бөліп алу қажет.
Мұнайдың құрамындағы газ, судың жəне қоспалардың болуы оның 
тасымалдауын жəне өңдеуін айтарлықтай қиындатады. Механикалық 
қоспалар мұнай құбырларының ішкі бетінде эрозияның пайда болуын 
күшейтеді. Олар өңдеу барысында жылу алмастырғыштардың жəне 
пештердің құбырларында шөгіп, оларды жиі тазалау қажеттілігін 
туғызады, яғни артық энергия жұмсауға əкеледі жəне өнімділігін 
азайтады.
Мұнайда судың болуы олардың тотығуға бейімділігін күшейтіп, 
технологиялық құрал-жабдықтардың коррозиясын туғызады жəне 
тұрақты су-мұнай эмульсиясын түзуге əсерін тигізеді. Мұнайды 
өндіру жəне тасымалдау кезінде 100°С-қа дейін қайнайтын жеңіл 
фракциялар (метан, этан, пропан жəне т.б. бензин фракциясымен 
бірге) біраз шығынға ұшырайды, шамамен фракцияның 5%-ы. 


106
Сондықтан мұнайды тасымалдау жəне өңдеу алдында оны тұ-
рақ тандыру жəне даярлау жұмыстары жүргізіледі.
Олар келесі дей
са тылардан тұрады:
- мұнайдан газды сепарация жəне тұрақтандыру арқылы бөлу;
- механикалық қоспалардан тазалау;
- сусыздандыру жəне жартылай тұзсыздандыру.
Тасымалдау алдында мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына 
қойылатын МЕСТ-тың талабы мынандай:
- судың массалық үлесі, W
су
<0,5%;
- тұздың массалық үлесі, Р
тұз
<200мг/л.
Мұнайды ректификациялау алдында қойылатын келесі талап 
мынандай:
- судың массалық үлесі, W
су
<0,05%;
- тұздың массалық үлесі, Р
тұз
<20мг/л.
Соңғы өнімге өте қатаң талап қойылатындықтан, кейде қосымша 
айдау жүргізіледі. Мұнайдың құрамындағы тұздарды толық еріту 
үшін, шикі мұнайға таза су қосып 2-3 сатымен сусыздандырады.
Өндірілетін мұнайдың əр тоннасына – 50-100 м
3
серіктес газдар, 
құрамында еріген тұздар бар 200-300 кг су, 1,5 масс. %-ға дейін 
ерімеген қатты қоспалар сəйкес келеді. Кейбір көп мезгіл жұмыс 
істеп жатқан ұңғымалар каттарының аса суландырылуы нəтижесінде 
суларының мөлшері – 90%-ға дейін жетеді, ал талап бойынша өңдеуге 
жіберілетін мұнайдың құрамында судың үлесі 0,3%-дан төмен болу 
керек.
Мұнайды өңдеуде шығынды азайту үшін оны арнайы өңдеуден 
өткізеді. Мұнайдағы газды бөлу үшін 
сепарациялау
жəне 
тұрақтандыру
процестері жүргізіледі. 
Мұнайдағы механикалық қоспалар мен суларды 
тұзсыздандыру
жəне 
сусыздандыру
процестері арқылы кетіреді.
Мұнай қаттарында жоғары қысымның əсерінен газдар мұнай 
құрамында ериді. Мұнайды жер бетіне бұрғылау арқылы шығарған 
кезде, қысым күрт төмендейді де, нəтижесінде құрамындағы ері 
ген 
газдар бөлініп шығады. Осы сəтте бөлінген газды ұстап қалу маңызды. 
Ұңғымадан газ-мұнай қоспасы жеке газды бөлгіш қон 
дырғыға – 
сепараторға келіп түседі Сепараторда газ бөлініп, қоспа дегаздалады. 
Қазіргі кезде құрылысы жəне тиімділігі бойынша түрлі сепараторларды 
қолданады. Дегаздау процесінің негізгі мақсаты – газ-мұнай қоспасынан 


107
мүмкіндігінше серіктес газдарды толығымен бөліп алу. Сонымен қатар 
газбен бірге мұнай тамшыларын алып кету процесін төмендету үшін 
сепарацияны əдетте бірнеше сатыда өткізеді.
Сепараторлар негізінде газбен бірге мұнай тамшыларының ұшып 
кетуін болдырмайтын жабдықпен қамтамасыз етілген ыдыстан 
(трапа) жəне өлшегіштен тұрады. Сепарацияның көпсатылылығы 
газ-мұнай қоспаның тізбекті сепаратор-траптары арқылы жіберіліп 
қысымның біртіндеп төмендеуінде. Қысым төмендегенде серіктес 
газдар мұнайдан ажыратылады. Газды бөліп алғаннан кейін арнайы 
газ қабылдағыштардан газ өңдеу зауыттарына жібереді.
Газдан тазартылған мұнай тұндырғыштарға құйылады, бұл жерде 
шикі мұнайды қоспалардан жəне судан бөледі. Осындай көп сатылы 
сепарацияға қарамастан мұнайдың құрамында көмірсутектер (С
1
-C
5
)
қалып қояды. Сақтау мен тасымалдау кезінде бұл газдар ұшып кетуі 
мүмкін. Бұл газдармен бірге бағалы жеңіл бензин фракциялары да 
жоғалуы мүмкін. Мұның бəрі экологияға əсерін тигізеді. Сондықтан 
келесі процесс – тұрақтандыру болып табылады.
Мұнайдан жеңіл көмірсутектерді жəне мұнай фракцияларын бөлу 
процесін 
тұрақтандыру
деп атайды. Тұрақтандыру – физикалық 
процесс, мұнайдан С
1
-C
5
көмірсутектерді бөлу жəне күкірттісутектен 
тазалау. Бұл процесс мұнай өңдейтін жерден алыс емес жерде, арнайы 
қондырғыларда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет