Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет52/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
8-сурет.
Мұнайды тұзсыздандыру қондырғысының 
технологиялық сызбанұсқасы
Мұнай МӨЗ шикізатқа арналған резервуарлардан құбырмен (1) 
сорап тың қабылдау бөлігіне түседі. Сораптың қабылдау желісіне, со-
нымен бірге деэмульгатор жəне коррозияны болдырмау үшін əлсіз 
сода ерітіндісі беріледі. Мұнайдың деэмульгатормен қоспасы (2) жы-
лу алмастырғыш арқылы судан айырылған мұнай ағынымен жылу 
үшін өткізіледі. Одан кейін шикі мұнай (6) бу қыздырғышта қосымша 
қыздырылады да, реттеуші араластырғышқа беріледі, мұнда мұнайға 
су қосылады.
Араластыру нəтижесінде жасанды түрде түзілген су мұнай 
эмульсиясы (5) электродегидратордың бірінші баспалдағына түседі, 
онда электр тоғының əсерімен эмульсияның бұзылуы жүріп, мұнайдан 
судың жəне тұздардың (8-10 рет) негізі бөлінеді. (5) дегидратордан 
мұнай (6) электродегидратордың екінші сатысына қайтадан əре-
кеттесу үшін түседі. (6) дегидраторға беру алдында мұнайға тағы 
да су беріледі. (6) дегитраторда судан айырылған мұнай (2) жылу 
алмастырғыш арқылы (8) тоңазытқыштан өтеді де, судан айырылған 
мұнай резервуарларға беріледі.
Электродегидраторларда бөлінген су (9) мұнай айырғышқа 
қосымша тұндыру үшін жіберіледі. Ұсталған мұнай (12) сыйымдылық 


113
арқылы шикізат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ол 
бөлінген су суытылғаннан кейін канализацияға түсіріліп, тазалауға 
жіберіледі. 
Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысымы таза-
ланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты 
эмульсия түзбейтін жеңіл мұнайларды тұздардан айыру 80-100°С 
температурада, Маңғыстау мұнайына 130-140°С температурада 
жүргізіледі.
Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгіштікті 
жəне ток күшін көтереді, изолятор жұмысын күрделендіреді. Де-
эмульгаторды мұнайға біркелкі берілу үшін үлкен рөл атқарады. 
Деэмульгаторлардың шығыны 10-30 г/т-ға дейін жəне ол су мен 
мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте 
деэмульгаторларды органикалық еріткіштерде концентрациялық 
ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы 
ерітіндісін даярлайды. Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін 
коррозиядан басу үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу 
конденсатын жəне айналма су жүйесінің суын қолданады. 
ЭТТҚ тəжірибесі көрсеткендей, терең тұзсыздандыру үшін 
мұнайға 10-15%-ға дейін ағын суды қосу қажет. Əр тұзсыздандыру 
сатысында суды қайта пайдалану желісі нəтижесінде, таза суды 
пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5%-ға дейін азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет