Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Технологиялық режимнің көрсеткіштері шамамен төмен-



Pdf көрінісі
бет53/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Технологиялық режимнің көрсеткіштері шамамен төмен-
дег ідей:
Мұнайды қыздыру температурасы, °С – 130-140
Электродегидратордағы қысым, МПа
1-сатысында
– 1,6
2-сатысында
– 1,2
Электродаралық кеңістіктегі кернеу, кВт – 33
Жуатын су шығыны
1-сатысында
5-ке дейін
2-сатысында
3-ке дейін
Судың мұнайдағы мөлшері
ЭТТҚ дейін 
1,0
ЭТТҚ кейін 
0,1 – 0,15
Тұздар мөлшері, мг/л
ЭТТҚ дейін 
1800-ге дейін
ЭТТҚ кейін 
5-ке дейін


114
7.4. Мұнай эмульсиялары
Су-мұнайлы эмульсия түзілмеген болса, мұнайдан суды бөлу 
қиын емес. Эмульсия түзілген мұнайды өңдеуге болмайды. Эмульсия 
түзілмегеннің өзінде мұнайда аздаған су еріген күйде кездеседі. 
Сумен бірге мұнайға мұнай айдау аппаратураларының коррозиясын 
тудыратын минералды тұздар да түседі.
Эмульсия дегеніміз – бір-бірінде ерімейтін екі жүйе. Бұлардың 
біреуі екіншісінде өлшенген күйде микроскопиялық тамшы (глобул) 
түрінде болады. Сұйықтық – дисперсті орта, ал екіншісі дисперсті 
фаза деп аталады. Мұнай ұңғыма арқылы қозғалғанда бұрғылау 
суымен араласады. Мұнайды сілтілеу кезінде көп жағдайда мұнай 
эмульсиялары түзіледі. Кей жағдайда эмульсиялар бірнеше жылдай 
бұзылмауы мүмкін, бірақ көп жағдайда біртіндеп эмульсиялардың 
үзілуі жүреді.
Тұрақты эмульсиялар сырт көрінісі бойынша – қою май тəрізді 
масса, түсі ашық сарыдан қоюға шейін. Эмульсия тұтқырлығы су 
жəне мұнайдан жоғары болады.
Мұнай эмульсияларында көбінесе дисперсті орта – мұнай, ал 
дисперсті фаза – су болады. Мұнай эмульсиялары гидрофобты: суда 
қалқиды, ал бензин жəне т.б. еріткіштерде араласып кетеді.
Мұнай-су эмульсиясы сирек кездеседі. Мұнда дисперсті орта – су 
болады. Мұндай эмульсия гидрофильді, суда араласып, бензинде тұ-
нады. Мұнайлардың беткі тартылу күші 0,02-0,05 Н/м. Барлық эмуль-
сиялар, соның ішінде мұнай эмульсиясы да бір-бірінде ара ласпай-
тын екі сұйық механикалық əсер нəтижесінде, сұйықтық өте ұсақ 
бөл 
шек 
терге ұнтақталуы нəтижесінде пайда болады. Эмульсияны 
тү зе тін жəне тұрақтандыратын заттар эмульгатор деп аталады. Оған 
шайыр, асфальтен, асфальтоген қышқылдары, оның ангидридтері, 
бей органикалық заттар, т.б. жатады.
Мұнай эмульсияларын бұзу əдістері бірнеше сатыдан тұрады:
1. Судың глобулмен түйісуі.
2. Глобулдың ірі тамшыларға қосылуы.
3. Тамшы үзілуі.
Өндіріс практикасында эмульсияны бұзу үшін келесі процестер 
қолданылады:
1) Механикалық – фильтрлеу, ультрадыбыспен өңдеу;


115
2) Термиялық – мұнайды сумен қыздыру жəне суыту, ыстық 
сумен шаю;
3) Электрлік – алмасу немесе үздіксіз токта электр көзімен 
өңдеу;
4) Химиялық – əртүрлі деэмульгаторлармен өңдеу.
Деэмульгатор əсерімен қабат бұзылады. Деэмульгатор ретінде 
əртүрлі жоғары активті заттар пайдаланылады.
Деэмульгатор 2-ге бөлінеді:
1. ионды активті;
2. ионогенсіз.
Ионды эффективті болады. Мысалы, соңғы кездері де эмульгатор 
ретінде нейтралданған қара контакт (НЧК) қолданылып келеді. 
Ал қазіргі кезде ионогенсіз деэмульгатор көп қолданылады. Олар 
оксиэтилденген майлы қышқылдар (ОЖК) жəне ОП-10 (окси-
этилденген алкилфенолдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет