Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


VIII тарау Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық



Pdf көрінісі
бет55/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
VIII тарау
Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық 
процестерінің сипаттамасы 
Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық порцестерін екі топқа 
бөледі: физикалық жəне химиялық.
Физикалық процестер арқылы мұнайды құрамындағы компо-
ненттерден химиялық өзгеріссіз бөліп шығарады. Олар: айдау, 
экстракция, адсорбция, абсорбция, кристалдану жəне т.б.
Химиялық процестерде мұнайды өңдеуіне бастапқы шикізаттың 
құрамында болмайтын жаңа өнімдерді химиялық өзгерістер арқылы 
алады.
Химиялық процестердің белсенділік əдістері бойынша термиялық 
жəне термокаталитикалық процестерге бөледі. Химиялық 
өзгерістердің түріне байланысты үш топқа бөлінеді:
1. Деструктивті процестерде шикізаттағы қосылыстардың 
ыдырауы арқылы төмен молекулалы көмірсутектер жəне тығыздалу 
процестер нəтижесінде жоғары молекулалы қосылыстар түзіледі.
2. Гидрогенді процестер сырттан жіберілетін немесе 
процестердің өзінде түзілетін сутектің қатысуымен жүреді.
3. Тотықтыру процестері тотықтырғыштардың қатысуымен 
(ауадағы оттегімен, су буымен, көміртек диоксидімен, күкірт 
оксидтерімен, т.б.) көміртек оксидтерін, сутегі, элементті күкірт, 
битум жəне т.б. түзе жүреді.
8.1. Мұнай өңдеудің біріншілік процестері. Мұнайды айдау. 
Дистилляция, ректификация
Мұнай, жоғарыда айтылғандай, бір-бірінде өзара еритін кө мір -
сутектердің күрделі қоспасы. Оларды аяғына дейін жеке көмір-
сутектерге бөлу мүмкін емес, бұл өнеркəсіпте мұнай өнімдерін қол-
дануда талап етілмейді де. Мұнай өнеркəсібінде мұнайды қайнау 
температурасы бойынша айдау қондырғысында дистилляция жəне 
ректификация процестері қолданылады. Алынған фракциялар 
одан ірі өңдеуде шикізат ретінде немесе тауарлы өнім ретінде 
қолданылады.


119
Біріншілік айдау – мұнай өңдеудің бірінші технологиялық процесі. 
Дистилляция деп бір-бірінде өзара еритін сұйықтардың қайнау 
температурасы бойынша ерекшеленетін фракцияларға бөлінуін 
айтады. Қоспаны айдағанда ол қайнатуға дейін қыздырылады жəне 
біртіндеп буландырылады. Алынған булар конденсацияланады. 
Айдау нəтижесінде құрамы бойынша ерекшеленетін дистиллят 
жəне қалдық алынады. Айдау бір рет, бірнеше рет жəне қайтадан 
буландыру арқылы өтеді. Бір рет буландыру кезінде өнім қоспаларын 
соңғы температураға дейін қыздырғанда түзілген булар жүйеден 
шығарылмайды жəне сұйықтықпен байланыста қалады. 
Жылу берілу тоқтағаннан кейін барлық бу-сұйықты қоспа 
се 
параторға шығарылады. Мұнда түзілген булар бір мезгілде 
сұйықтан бөлінеді. Көп рет буландыруда фазаларды бөлу процесі 
бір неше сатыда өтеді. Көп рет буландыру бір рет буландыру про-
цесін бірнеше рет қайталаудан тұрады. Бірінші буды сұйықтан 
бөледі, содан соң екінші сатыда буды бөлгеннен кейін қалған 
сұйық қайтадан буландырылады. Бір рет буландыруда түзілген 
бой да аппараттан шығарылады. Біртіндеп буландыру зертханада 
мұнайды колбада айдағанда қолданылады. Бір рет буландыру 
біртіндеп буландыруға қарағанда тиімді. Бір рет буландыруды қай-
науы төмен фракциялар буға айналғаннан кейін аппаратта қалады. 
Қайнау жоғары фракциялардың парциалды қысымын төмендетеді, 
ал бұл айдаудың біршама төмен температурада өтуіне мүмкіндік 
береді (50-100°С-ге төмендейді). 
Қазіргі қондырғылардағы мұнайды айдау бір рет буландыруды 
қолданып жүргізіледі. Өте жоғары температурада көмірсутектер 
крекинг көмірсутектердің ыдырау процесі басталады. Мұны 
болдырмау үшін олардың қайнау температураларын төмендету керек. 
Бұл мұнайды вакуум отында айдау арқылы іске асады. Атмосфералық 
қысымда 450-500°С-де айдалатын фракция вакуум астында 200-
250°С-де айдалады. Сол сияқты температураны төмендету үшін қазір-
гі қондырғыларда төмен қысым жəне су буын енгізу қолданылады.
Бір рет буландыруда өзара еритін сұйықтардан жəне олардың 
буларының екі фракциясын алады: жеңіл, яғни қайнау төмен 
фракциялары көп жəне ауыр, сəйкесінше шикізатқа қарағанда 
қайнауы жоғары фракциялары көп. Айдау арқылы мұнайдың керекті 
компоненттерін жəне соңғы өнімдерін алу мүмкін емес. Сондықтан 


120
бір рет буландырудан кейін мұнай булары ректификацияға жіберіледі. 
Ректификация дегеніміз – бу жəне сұйықтың қайта-қайта қарсы 
топты байланысуы нəтижесінде сұйықтардың бір-бірінен қайнау 
температурлары бойынша бөліну процесі. Бу жəне сұйықтардың 
байланысуы тік цилиндрлі аппарат ректификациялық бағанада 
өтеді. Ол жоғары қарай көтеріліп жатқан бумен, төмен ағып жатқан 
сұйықтың арасында тығыз байланыс туғызатын тəрелкелермен жəне 
қондырғылармен жабдықталған бағананың ортаңғы бөлігінде бу, 
сұйықтың немесе бу-сұйықты қоспа ретінде шикізат беріледі. Ол 
қайнауы жоғары жəне қайнауы төмен екі бөлікке бөлінеді, бірақ көбіне 
шикізат көп компонентті қоспа болып келеді. Шикізат берілетін зона 
эвопарационды деп аталады, себебі онда эвопарация – пеште немесе 
жылу алмастырғышта қыздырылған сұйық немесе булы фазаның бір 
рет буландыруы жүреді. Ректификациялы бағанада əр тарелкадан 
кейін төрт ағын өтеді: 
1) сұйықтық – флегма, жоғары жатқан тəрелкеден ағады;
2) булар, төмен жатқан тəрелкеден көтеріледі;
3) сұйықтық – флегме, төмен тəрелкеге түседі;
4) булар, жоғары тарелкаға түседі.
Шикізат енгізуден жоғары орналасқан ректификациялық бағана 
бөлігі концентрациялы, ал төменгі айдау деп аталады. Концентрациялы 
бөліктің жоғарысынан бу фазасына керекті өнім ректификат шы-
ғарылады. Айдау төменгі əлі де қайнауы төмен компоненттермен 
байытылған сұйықтық шығарылады. Айдау бөлігінде қайнау төмен 
компоненттер аяғына дейін буландырылады. Бұл бөліктің төменінен 
екінші компонент – қалдық шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет