Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Гомогендену – жүйеге біртектілік қасиет беретін əдістер мен  процестердің жиынтығы. Гудрон



Pdf көрінісі
бет147/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
munai

Гомогендену
– жүйеге біртектілік қасиет беретін əдістер мен 
процестердің жиынтығы.
Гудрон
– шикі мұнайды вакуумда айдау мұнарасында алынатын, 
мұнайдың қалдығы немесе ең ауыр фракциясы
Десорбция
– сорбент бетіне сіңген заттарды аластау.
Дефлегматор
– ректификациялау кезінде ректификация бағана-
сының немесе қайта айдау жүретін кубтың жоғары жағында 
орналасатын бу конденсаторы.


310
Дистиллят
– буланған жəне соңында конденсацияланған мұнай 
өңдеу өнімдері
Дистилляция
– буланудың айырмашылығына қарай құрам дас-
тарды ажырату
Дизель отыны 
– қайнау температурасы 180-360°С болатын, 
мұнай көмірсутектерінің сұйық қоспасы; дизель қозғағыштары мен 
газтрубинді қондырғыларда пайдаланылады.
Изомеризация
– молекуланың өз салмағын өзгертпей, құрылысын 
өзгертіп, басқа пішінге өтуі.
Инвестиция
– белгілі бір өндірісті, өнеркəсіпті дамыту, табыс 
көзіне айналдыру мақсатында келісімшартқа отыру, салу (ақшалай 
қаржы құю), немесе ұзақ мерзімді салу 
Катализ
– химиялық реакция жылдамдығының өзгеру құбылысы; 
ол реакцияға катализатор қатысуымен жəне оның əсерінен реакция-
ның жүру механизмінің өзгеру ерекшелігімен түсіндіріледі.
Қазандық отыны
– жоғары қайнаушы көмірсутектердің қоспасы; 
бу жіберетін қазандарда, өнеркəсіптік пештерде отын ретінде 
қолданылады. 
Кокс 
– жоғары температурада конденсация реакциясы ның нəти-
жесінде түзілетін көміртекті материал
Кокстеу
– кокс жəне жеңіл өнімдер алынатын, қатаң шартта өтетін 
гудронның термиялық крекингі
Конденсация
– 1. Газ күйінен сұйық немесе қатты күйге бірінші 
текті фазалық ауысуы; 2. Органикалық химияда тарихи қалыптасқан 
əртүрлі өзгешеліктері бар реакциялар тобының атауы.
Қалдықтар
– технологиялық процестен шығатын оның материал-
дық жəне энергетикалық балансын есептегенде кіретін, ал шикізат не 
мақсатты жəне жанама өнім болып табылмайтын заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет