Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Кейбір газдар мен сұйық отынның жану жылуының



Pdf көрінісі
бет42/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150
Байланысты:
munai

Кейбір газдар мен сұйық отынның жану жылуының 
мəндері кестеде көрсетілген

Газдар мен сұйық отындардың атауы
Жану жылуы, (кДж/м
3
)
1.
Сутегі
11 083
2.
Метан
35 948


89
3.
Ацетилен
55 893
4.
Этан
63 924
5.
Пропан
91 682
6.
Бутан
118 955
Сұйық отынның жану жылуының (кДж/кг) мəндері:
1.
Мұнай
54 961
2.
Ұшақ бензині
44 097
3.
Автомашина бензині
43 693
4.
Дизель отыны
43 484
5.
Мазут
41 454
Судың булану жылуы шамамен 600 ккал/кг тең болғандықтан, 
ал жану өнімдеріндегі су мөлшері отын ылғалынан жəне сутегінің 
жануынан түзілген судан (9Н) (2Н
2
+ O
2

2
O, яғни 1 кг сутегі 
жанғанда 9 кг су түзіледі) тұратындықтан, жоғарыға жəне төменгі 
жану жылуының арасындағы айырмашылық мынадай болады:
Gж. – G
т.
= 600 (9H + W) жəне G
1
=G
6
– 600 (9H + W)
мұндағы, H – отындағы сутегі мөлшері, % масс.;
W – отындағы су мөлшері, % масс.
Мұнай отындарының жану жылуын формулалармен есептейді 
немесе отынды калориметрлерде жағу тəжірибесімен анықтайды. 
Отынның жану жылуын есептеуде Менделеев формуласын 
қолданады:
G
Ж
= 8100C – 30000H – 2600(S-Ο) жəне
G
T
= 8100C – 30000H – 2600 (S-O) – 600 (9H -W)
мұндағы, С,Н, S,O – отындағы С,Н, S,O-дің мөлшері, % масс.;
8100,30000 жəне 260- С,Н, S-дің жану жылуы, тиісінше ккал/кг.
Мұнай жəне мұнай өнімдерінің температуралық қасиеттері. 
Барлық жанғыш заттардың булары белгілі мөлшерде ауа қатысында 
басқа отын көзі əсерінен лап етіп жанады. Концентрациясына 


90
байланысты бұл жарылғыштықтың төменгі жəне жоғары шегі 
болады. Көптеген көмірсутектерде жарылғыштық шегі онша үлкен 
емес. Керосин, мазут, май жəне басқа да ауыр мұнай өнімдерінің өрт 
қауіптілігі лап ету жəне тұтану температурасымен сипатталады.
Лап ету температурасы деп
анықталған стандартты жағдайда 
қыздырылған мұнай өнімдері буларының жалын апарған уақытта 
қоршаған орта ауасымен жарылғыш қоспа түзу жəне лап етіп жану 
температурасын айтады. Лап ету температурасы мұнай өнімдерінің 
фракциялық құрамына тəуелді болады. Бензиндердің орташа лап ету 
температурасы 30-40°C, керосиндерде 30-60°C, дизельді отындарда 
30-90°C жəне мұнай майларында 130-320°C.
Тұтану температурасы деп
мұнай өнімдерінің буларына жалын 
тигізгенде 5 с кем жанбау температурасын айтады. Тұтану температу-
расы лап ету температурасынан қашан да жоғары болады. Мұнай 
өнімі ауыр болған сайын айырмашылық үлкейеді. 50°C шегіне дейін 
жетеді. Егер майларда ұшатын қоспалар болса, онда бұл мəндер бір-
біріне жақындайды.
Өздігінен тұтану температурасы деп
қыздырылған мұнай 
өнімінің ешқандай жалын көзін апармай-ақ, қоршаған орта 
ауасымен өздігінен тұтану жүретін температураны айтады. Мұнай 
фракцияларының қайнау шектері неғұрлым төмен болса, өздігінен 
тұтану жағынан соғұрлым қауіпсіз болады. Ауыр мұнай қалдықтары 
300-350°C-де өздігінен тұтанады, ал бензиндер тек 500°C-ден 
жоғары болғанда тұтанады, яғни мұнай өнімдерінің молекулалық 
массасы өскен сайын өздігінен тұтану температурасы төмендейді, 
ал от көзі немесе ұшқын пайда болған жағдайда, керісінше өзгереді. 
Көмірсутектердің ең жоғары өздігінен тұтану температурасы 
ароматты көмірсутектерге тəн.
Мұнай жəне мұнай өнімдері бір агрегаттық күйден екінші 
агрегаттық күйге өткенде белгілі бір нақты температурасы 
болмайды. Температура төмендеген сайын бұл күрделі қоспалардың 
компоненттері тұтқырлана береді жəне аз қозғалады, ал еріген 
қатты көмірсутектер тұнба немесе кристалдар түрінде бөлінеді. Бұл 
құбылыс төмен температурада мұнай өнімдерінің эксплуатациясын 
жəне олардың тауарлы-көліктік операцияларын қиындатады. Мұнай 
өнімдерінің төмен температуралық қасиеттерін сипаттау үшін 
келесідей шартты көрсеткіштер қолданылады: 


91
- мұнайды, дизельді жəне қазандық отындарды, мұнай майларын 
сипаттау үшін суу температурасы
- карбюраторлар, реактивті жəне дизельді отындарға лайлану 
температурасы; 
- ароматты көмірсутектері бар карбюраторлы жəне дизельді 
отындарға – кристалдана бастау температурасы. 
Суу температурасы физикалық константа емес, бірақ белгілі 
төмен температура зонасында мұнай өнімдері ағуының жоғалысын 
сипаттайды. Мұнай өнімдерінің суу температурасын көтеретін негізгі 
фактор оларда парафиндер мен церезиндердің болуы. 
Лайлану температурасы отындардың төмен температурада 
ауадан ылғал жұтуға қабілеттілігін көрсетеді,
одан да төмен 
температурада ылғал мұз кристалдарын түзеді, ол, əсіресе авиациялық 
қозғалтқыштардың жылу өткізгіш аппаратураларын бітейді. 
Кристалдана бастау температурасы карбюраторлы жəне реактивті 
отындарда 60°C-ден аспауы керек. Сусыз мұнай жəне мұнай өнімдері 
диэлектрик болып табылады. Сусыз таза мұнай өнімдерінде электр 
өткізгіштігі тіптен жойылған.
Парафиндердің кристалдануы – мұнай өнімдерінің күңгірттенуі 
арқылы өтеді. Мұнай өнімінде ұсақ кристалдар бұлтының пайда 
болуы күңгірттену сəтінің туғандығын көрсетеді. Осы кездегі 
температура – 
бұлыңғырлану
немесе 
күңгірттену
температурасы 
деп аталады. Бұл температура маңызды экспулатациялық сипаттама 
болып саналады жəне оны суытылатын мұнай өнімін таза мөлдір 
эталонымен салыстыру арқылы анықтайды.


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет