Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет59/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
12-сурет
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысының 
технологиялық cызбанұсқасы
Балансы артық 350°С төменгі фракция (16) бағанадан немесе ди-
зель отынының желісіне жіберіледі. (9) тəрелкеден 350-500°С (вакуум 
газойлы) тауарлы фракция жəне орта қайта берілуші ағын алынады. 
Ағын (11) тəрелкеге қайта түседі, ал фракция (5) жылу алмастырғыш 
арқылы қондырғыдан шығарылады. Төменгі қайта берілуші ағын 
(5) тəрелкеден алынып, (4) жəне (9) жылу алмастырғыштарда суы-
тылғаннан кейін (6) тəрелкеге қайта беріледі. Балансы 400°С-ден 


127
жоғары фракцияның артығын (16) бағанаға қайта беру көзделген.
Вакуумда айдау қалдығы гудрон (500°С-ден жоғары фракция) 
(6,7,10) жылу алмастырғыштары арқылы қондырғыдан шығарылады.
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысындағы бензинді тұрақтандыру жəне 
қайта айдау блоктары ЭТТҚ-АҚ-6 қондырғысындағы жүйемен 
істейді.
Кейбір жағдайда алғашқы айдаудан алынған фракцияларды майда 
фракцияларға бөліп, оларды кейін қажетіне қарай пайдаланады. 
Мұнай бөлетін АВҚ жəне АҚ қондырғылары құрамына кіретін 
блоктарда немесе өз алдына тұратын айдау блоктары қондырғылары 
барлық МӨЗ құрамында болады.
Шикізат пен өнім.
Қондырғының шикізаты бензиннің тұрақ-
тандырудан өткен алшақ шекте қайнайтын фракциясы болып санала-
ды. Қондырғының өнімдері төмендегідей бензиннің фракциялары:
1. Б.қ.-62°С автомобиль бензинінің қажетті компоненті, ол 
негізінен пентандар мен изогександардан тұрады, құрамында тағы 
бутан мен гексан болады.
2. 62-85°С каталитикалық риформинг қондырғысында бензол алу.
3. 85-105°С каталитикалық риформинг қондырғысында толуол алу 
шикізаты болып саналады.
4. 105-140°С каталитикалық риформинг қондырғысында ксилолдар 
алуға шикізат болып саналады.
5. 140-180°С ұшақ отыны компоненті немесе бензиннің октан са-
нын көтеруге каталитикалық риформинг қондырғысының шикізаты 
есебінде пайдаланады. Кейбір қондырғыларда бензиннің мынадай 
фракциялары алынады: 62-85, 85-120,120-140
o
C.
Технологиялық жүйе. Бензиннің қайта айдау қондырғысының 
жүйесі берілген. Б.қ. - 180°С бензин фракциясы (2) жылу алмастырғыш 
арқылы (3) бағанаға түседі, оның жоғары жағынан б.қ.-85°С фракция-
сы бөлінеді, (15) бағананың жоғары жағынан б.қ.-85-105°С фракция-
сын, ал төменгі жағынан 140-180°С фракциясын алады. Осы бағана-
дан бүйірлі айдалушы есебінде 105-140°С алады. Бүйірлі айдалушы 
(19) буландыру бағанасына түседі, онда одан (15) қайта оралушы 
жеңіл фракциялар айдалады. Бұл фракция одан кейін (10) бағанаға 
түседі, одан ол б.қ.-62°С жəне 62-85°С екі фракцияға бөлінеді. 85-
180°С фракциясы (3) бағананың астынан (15) бағанаға беріледі.


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет