Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Бағанадағы қысым төмендегідей реттеледі



Pdf көрінісі
бет66/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Бағанадағы қысым төмендегідей реттеледі:
1. Рефлюкс сыйымдылығынан конденсацияланбаған шығушы 
өнімнің (газдың) мөлшерін өзгертумен.
2. Өнімді суытуға берілетін су мөлшерін (вакуум бағаналарында 
қолданады) өзгертумен.


139
3. Бағаналардағы буларды шығаратын желісіндегі қақпақ рет-
теуші көмегімен.
Бірақ температура да, қысым да, процеске жəне алынатын 
өнім 
дердің сапасына байланысты тек жанама параметрлер болып 
саналады. Дəл таза бөлуде тек соңғы кезде қолданыла бастаған сапа 
талдауларын іске қосқан жағдайда жетуге болады. Мысалы, бензинді 
тұрақтандыру бағаналарында тұрақты бензин буларына қысымын 
тұрақтандыру рибойлеріне жылу алмастырғыш мөлшерін өзгерту 
арқылы тұрақты ұстау жүйесі қолданылады. АВҚ буландырушы 
бағаналар олардың шығатын өнімнің температурасын реттеу 
жүйесінде бу беруде пайдаланылады. Бағананың қуатын қамтамасыз 
ету жəне оның жұмысын тұрақтандыру үшін бағананың төменгі 
бөлігінде бенсинсізденген мұндайдың деңгейіне байланысты, мұнай 
шығымын арнайы жабдықпен реттейді.
Бағананың жоғары жағының температурасы, оның жоғары 
жағынан алынатын бензиннің соңғы қайнау температурасына бай-
ланысты. Оның мəнін тұрақты етіп белгілі мөлшерде өткір ағын 
берумен ұстайды жəне соңғы қайнау температурасын автоматика 
жолымен түзейді. Тұрақты жұмыс істеу жағдайында бензиннің соңғы 
қайнау температурасын автоматикалық талдау көмегімен, бағанаға 
қажетті мөлшерде ағын беріледі. Бензинсізденген мұнайдың «ыстық 
ағынның» шығынын тұрақты ұстайды, ал ыстық ағын температурасын 
жəне бағананың төменгі жағының төменгі жағының температурасын 
пешке отын беруді өзгертумен реттейді.
Шикізат пен өнім сапасын бақылау.
Қондырғылардан жүргізілетін 
зертханалық байқаудың нəтижесінде технологиялық процесті дұрыс 
жүргізуге қажетті мəліметтер алынады. Зертханада қондырғыға 
айдауға түсетін мұнай сапасын жəне қондырғыдан шығатын өнімдер 
сапасын зерттейді. Мұндай анализдегенде оның тығыздығын, ондағы 
тұздар, судың, мөлдір фракцияларының мөлшерін анықтайды. Бензин 
фракциясын анализдегенде, оның октан санын, ондағы белсенді күкірт 
қосылыстарының барын немесе жоқтығын (мысалы, пластинасына 
əсеріне қарай) анықтайды. Сонымен қатар бензинді фракцияға бө-
леді. Орта дистилляттар керосин жəне дизель фракциялары үшін 
фракциялық құрамын, тұтқырлығын, тұтану, қатаю немесе лайлану 
температурасын анықтайды.


140
Зертханада орындалатын анықтауларға көп уақыт кетеді, анықтау 
нəтижесі пробаны алғаннан кейін 1,5-2,0 сағ. кейін қондырғыға түседі, 
яғни қондырғы операторы осы өткен уақытта шығарылған өнімнің 
сапасын өзгерте алмайды. Одан бөлек зертханалық анықтаулармен көп 
адам шұғылданады. Сондықтан техникалық прогрестің жəне алғашқы 
айдау қондырғыларын жетілдірудің негізгі бағыты автоматизациялау 
дəрежесін өсіру, өнімдердің сапасын автоматикалық бақылауға 
көшіру болып саналады.
Соңғы кездердегі жасалған ағымдағы сапаны анықтайтын ана-
лизаторлар шикізат пен өнімнің алынған пробаларын орталық 
зертханаға жібермей-ақ, қондырғының өзінде талдап, бірден нəтиже-
сін алуға мүмкіндік береді. Келешекте сапа жөніндегі анализаторлар-
ды технологиялық режим реттеушісімен байланыстырып, технология-
лық процесті толық автоматизациялауға болады.
Жаңа зауыттарда АҚ жəне АВҚ қондырғылары үзіліссіз 1,5-2,0 
жыл жəне одан да көп уақыт жұмыс істейді. Ағымдағы немесе 
капиталды жөндеу алдында қондырғыны жоспарлы тоқтатуды 
мынадай тəртіпте жүргізеді. Мұнайдың пештен шығар жеріндегі 
температурасын біртіндеп төмендетеді жəне қондырғының 
қуатын 50%-ға дейін төмендетеді. Мұнай температурасы пештен 
шығатын жерде 320°С температураға дейін төмендегеннен кейін 
қондырғыны ыстық қайта айналымға қояды, шикізатты қабылдау 
мен өнімдерді шығаруды тоқтатады. Одан кейін бағанаға өткір 
бу беруді тоқтатады, атмосфера бағанасының бүйірінен шығатын 
фракциялардың бу 
ландыру секциясына өтетін құбыр желісін 
жабады, буландыру секцияларындағы қалдық мұнай өнімдерін 
шикізатқа айдайды. Одан кейін қайта айналушы ағынды айдаушы 
сораптарды тоқтатады. Бірақ өткір ағын беруді біраз тоқтатпай 
бағананы біртіндеп суытады. Өткір ағынды беруді жəне барлық 
сораптар мен ауа тоңазытқыштарының желдеткіштерін үзуді 
рефлюкс сыйымдылықтарында сұйық деңгейі жоғалғаннан кейін 
барып іске асырады. Пештен шығатын жердегі температура 
250°С температураға дейін төмендеген соң барлық форсункілерді 
сөндіреді де, отын беру жүйесіндегі құбырды жабады. 8 жəне 16 
бағаналардың төменгі жағындағы температура 150-160°С-ге дейін 
төмендегенде, ыстық қайта берілуші ағынды тоқтатады.


141
Құрылыс монтаждау немесе жөндеу жұмыстары біткеннен кейін 
алғашқы айдау қондырғысын келесідей тəртіпте іске қосады: қосуға 
дайындау, суық циркуляциялау, ыстық циркуляциялау, қалыпты 
пай 
далануға көшу. Дайындау кезеңінде барлық аппараттарды, 
арматураларды, сораптарды жəне қондырғы коммуникацияларын 
сырттай көзбен бақылайды. Құрал-жабдықтар бүтіндігіне көз 
жеткізген соң, бақылау-өлшеу құбырлары үшін қондырғыға сығылған 
ауаны, суды, буды жəне электр энергиясын жібереді. Құбырлардың 
бүтіндігін тексергеннен кейін аппараттар мен құбырлар желісін сумен 
жуады жəне жүйедегі қысымның бірқалыпты ұсталуын тексереді.
Қондырғыға мұнайдың түсуі алдында сұйық отын қайта 
беріледі, электрдегидраторлардың қалпын тексереді, бақылау өл-
шеу приборларының жүйесін тексеріп іске қосады, қондырғыға 
реагенттерді қабылдайды.
Мұнайды шикізат сораптарымен резервуарлардан алып, жылу 
алмастырғыштардан жəне электродегидраторлардан өткізіп, (8) 
бензинсіздендіру бағанасына береді. Бағанада деңгей тұрақтанғаннан 
кейін шикізат сорабын тоқтатады, кірер жердегі штуцерді ысырмамен 
жабады да, жылу алмастырғыштардың жұмыс істеу қысымынан 1,5 
есе артық қысымда тексереді. 
Содан соң осындай тəртіппен пештер мен бағаналар арасындағы 
пеш жəне құбыр желісін тексереді.
Қосудың келесі этапы – суық циркуляциялау. Бұл процесс кеміс-
тіктерді түпкілікті шешу үшін сораптар жұмысын реттеу жəне бақылау 
мен автоматтандыру приборларын үйлестіру үшін жүргізіледі. Суық 
циркуляцияда мұнай шикізаты сораптар мен негізгі аппараттар 
арқылы өткізіліп, шикізат сорабының сорушы бөлігіне келіп түседі.
Ыстық циркуляцияның мақсаты – аппараттар мен жабдықтарды 
бірқалыпты қыздыру, жүйеден суды шығару. Ыстық циркуляция 
алдында аппараттардағы шығын жəне деңгей реттегіштерді, пештен 
шы 
ғатын шикізат температурасын көрсететін потенциометрлерді 
іс ке қосады. Одан кейін су буымен жағу камерасын үрлейді жəне 
қауіп сіздік техникасы нормаларын сақтай отырып, пешті жағады. Ба-
ғананың жоғары жағындағы температура 85-100°С жеткеннен кейін 
жүйеден судың буға айналуы басталады. Жоғары температураны 
автоматты реттеу жүйесін қосады.


142
Ағынның мөлшерін реттей отырып, бағананың жоғары жа 
ғы-
ның белгіленген температурасын ұстайды, одан кейін қайта бе-
рі 
луші ағынның жұмысын реттейді. 8 жəне 16 төменгі жағының 
температурасы 200 жəне 300°С жеткенде қондырғыға жаңа шикізат 
береді, атмосфералы жəне буландырушы бағаналарының арасындағы 
ысырманы ашады.
Буландырушы бағаналарда сұйықтық деңгейі пайда бола бас-
тағанынан сорушы сораптарды қосады. Бірақ керосин жəне ди зельді 
фракциялары тауар резервуарларына бірден шығарылмайды, оны 
əуелі қондырғы шикізатына қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет