194
жəне оларды реакциялық аймақта ұстап тұру үшін, біраз реакциялық
жазықтықтың көлемі қажет болады. Реакциялық көлемді кеміту
мақсаты жоғары қысымда крекинг-қондырғыларының кең таралуына
əкеледі.
Қысымды көтерумен крекинг шикізаты жəне өнімдері буларының
көлемі азаяды, ал бұл қондырғының өнімділігін көтеруге көмектеседі.
Бу фазалы крекингте қысым крекинг өнімдерінің құрамына əсер
етеді. Себебі қысымды көтергенде екіншілік реакциясының жүру
жылдамдығы өседі. Полимерлену, қанықпаған көмірсутектің гидр-
ленуі, ароматты көмірсутектің конденсациялануы жəне т.б.
Сұйық фазалы крекингтеуге (мазут, гудрон) қысымның əсері
айтарлықтай емес.
Аралас фазалы крекингте шикізат гомогенденуі қалыптасады – газ
сұйықта біртіндеп ериді. Оның қысымын азайтады. Ал газ фазасының
өзі тығыздалады. Нəтижесінде газ шығыны азаяды. Өндірісте төмен
қысымды бу фазалы крекингті қолдану қолайлы емес.
Термиялық крекингте бір мезгілде термиялық ыдырауы жəне
тығыздалу реакциясы бірге жүреді.
Бұл реакцияның біріншісі жылуды сіңіре, екіншісі жылуды бө-
ле жүреді. Процестің жылу эффектісінің жалпы мөлшері осы екі
реакцияның қайсысының басымдылығына байланысты.
Термиялық крекингтің жылу эффектісі көп жағдайда теріс,
сондықтан жылу сырттан енгізіледі.
Шикізат құрамы.
Төмен молекулалы көмірсутекке қарағанда
жоғары молекулалы жəне ароматты көмірсутектердің термиялық
тұрақтылығы нашар. Сондықтан крекингте соңынан айырылу
өнім
дері аз түзіледі. Қалыпты температурадан термиялық крекинг
жүрмейді. Қатты парафиндер крекингінде көбіне парафиндер жə-
не алкенді көмірсутектерден тұратын, циклді көмірсутегісі көп
газойльден крекинг кезінде нафтендерден жəне арендерден тұратын
бензин фракциясы түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: