183
жүйелерді дайындау кезінде оның құрамдас бөліктеріне қатысты
мәселелер ғана емес, жалпы объектінің функциялану заңнамалылығына
қатысты мәселерде пайда болады; жүйенің жалпықұрылымын анықтау,
жүйеастылар мен элементтерінің өзара әсерін, қоршаған орта әсерін
есептеу, функцияландыру режимінің оңтайлы шешімін таңдау, жүйені
оңтайлы басқару және т.б. жүйені күрделендіре түсу шамасына қарай
жалпы жүйелік сұрақтарға
маңызды орын бөлінеді, осы сұрақтар
жүйетехникасының негізгі мазмұнын құрайды. Жүйетехниканың
ғылыми математикалық базасы күрделі жүйелер теориясы болып сана-
лады.
Күрделі жүйелер үшін жобалауды екі кезеңмен ұйымдастыру сәйкес:
макрожобалау (сыртқы жобалау) жүйенің жалпы функционалдық
құрылымдық мәселелерін шешеді, микрожобалау (ішкі жобалау) жүйе
элементтерін физикалық объект ретінде қарастыру.
Макрожобалау негізінен үш басты бөлімінің мәселелерін
қалыптастырудан басталады: шешілетін
мәселелердің кеңістігі мен
жүйесін жасау мақсаттарын анықтау; жүйеге әсер ететін факторлар
мен олардың сипаттамаларын анықтау; жүйе тиімдлігінің көрсеткішін
таңдау.
Жүйенің мақсаты мен тапсырмасы оны тәжірибелік қолдану
қажеттілігінен анықталынады, ол техникалық прогресс ерекшеліктері
мен
тенденциясын есепке алу, сонымен қатар халықшаруашылық
мақсаттарға негізделінеді. Тиімділік көрсеткіштері ретінде олардың ал-
дына қойылған тапсырмаға жүйенің сәйкес келу дәрежесінен алынатын
сандық сипаттамалары алынады.
Синергетика әртүрлі потенциялармен әсерлесуде жүйедегі өзін-өзі
ұйымдастыру үдерістерін меңгеруге байланысты туындайтын әртүрлі
дисциплина аралық тапсырмалардың күрделі кешенін шешуге қажетті
жаңа ғылыми ойлау келбетінің маңызды бастамасы ретінде қызмет
атқарады.
Синергетиканы әртүрлі элементтермен коорпоративтік әдіспен
жүйе құрып, оны өзі ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жүйелерді
функцияландырудың жалпы принциптеріне
басты қызығушылық
көрсететін жүйелік анализ бөлігі ретінде қарастырады. Синергизм
себебі объектіде қасиеттердің бірігуі нәтижесінде, өзіндік сипатта-
маларын өзгерте отырып жаңа қасиеттер, жаңа әсер жүзеге асыры-
лады.