24
түрлі мүшелерінің жасушаларының өздерінің көлемдері,
пішінде рі,
ішкі құрылыстары жөнінен бірінен-бірі өзгеше болып келеді, бірақ
ол жасушалардың бəрінің де бірқатар жалпы ерекшеліктері де бар.
Жасушаларды зерттеу үшін жарық микроскоптарының көмегімен кө-
руге болатын тұрақты немесе уақытша препараттар пайдаланылады.
Мұндағы жасушалар немесе олардың ұсақ құрылымдары арнау-
лы бояулармен боялады немесе олар боялмаған күйінде зерттеледі.
Жасушалардың өте ұсақ құрылымдарын зерттеу үшін
электрондық
микроскоп пайдаланылады.
Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар жасушаларының жал-
пы құрылысы негізінен бірдей.
Жасуша құрылысының жинақы сызбанұсқасында құрамында
хромосомалары бар ядросы жəне ішінде өзін-өзі ұдайы өндіретін ор-
ганоидтары – митохондриялары мен хлоропластары (өсімдіктерде)
бар цитоплазмасы болатыны көрсетіледі.
Олардан басқа, эукариоттар цитоплазмасында əр
уақытта тұ рақ-
ты түрде болатын, бірақ өзін-өзі өндіруге қаблетсіз органоидтар да
болады. Оларға Гольджи аппараты, вакуольдар, лизосомолар жата-
ды. Жануар, өсімдік жəне саңырауқұлақтардың
жасушаларының
принциптік құрылымы бірдей болып келеді. Эукариоттардың жасу-
шаларының жалпы құрылысын 1-суреттен көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: