63
бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді жəне жаңа түзілген
жас жасушалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының
көшірмесін алады. Соның нəтижесінде жасушаның барлық белгілері
немесе қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды.
Əртүрлі ағзалардағы геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид
негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мысалы,
жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы
5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы – 200, ішек
бактериясы – 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000-
500000 гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендель ағза
белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын жəне
будандастыру кезінде
ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Жасушадағы
белоктың синтезделуі жəне олардың қарым-қатынасы туралы
ақпарат тек гендерде болады, яғни əрбір ген белгілі бір белоктың
немесе полипептидті тізбектің синтезіне жауапты. Белок синтезін
бақылай отырып, ген ағзадағы барлық химиялық реакцияларды
басқарады, яғни оның белгілерін (мысалы, шаштың түсін,
қанның
тобын, өсуді жəне т.с.с.) анықтайды. Гендер өзінде болатын фер-
менттер құрылымы жəне басқа жасушалық белоктар туралы
ақпарат есебінен жасушалық метаболизмге бақылау жасайды. Ал
ферменттер тірі ағзаларда жүретін барлық химиялық реакциялар-
ды басқаратын биокатализатор рөлін атқарады. Геннің құрылымы
мен қызметін ген мен ферменттер арасындағы өзара байланысты
əрі қарай тереңдете зерттеудің нəтижесінде “бір ген – бір полипеп-
тид” деген ұғым тұжырымдалды. Геннің
қызметі туралы қазіргі
көзқарастың қалыптасуына Америка ғалымдары Д. Бидл, Э. Тейтем
(Татум) жəне С. Бензер жүргізген зерттеулердің əсері көп болды.
Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді
аллело-
морфты
жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын
аллеломорфизм
немесе
аллелизм
деп атайды. Əр ген екі түрлі жағдайда болады жəне
олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың əр мүшесі аллель деп аталады.
Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын
алфавитінің əріптерімен көрстеуді ұсынылады. Мысалы, А жəне а,
В жəне в т.с.с. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас
бөлімінде орналасады, ал олардың
орналасатын орнын
локус
деп
атайды. Гомологты жұп хромосоманы хромосомасыз көрсеткенде
АА, Аа
жəне
аа
деп жазылады.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота
деп атайтыны
белгілі. Егер зигота бірдей аллельдерді бар жыныс жасушаларының
64
қосылуынан түзілсе, онда зиготаны
гомозигота
АА, аа, ВВ деп,
ал əртүрлі аллельдері бар екі жыныс жасушасының қосылуынан
түзілсе, онда
гетерозигота
Аа, Вв, Сс дейді.
Достарыңызбен бөлісу: