Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет124/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

234
10. ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ГЕНЕТИКА
Популяциялық генетика – тұқым қуалаушылық құбылысын топ 
дарабастарында, яғни популяцияда зерттейтін генетиканың бөлімі. 
Генетик-популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын 
жəне осы құрылымның ұрпақтан-ұрпаққа өзгеруін зерттейді. 
Эволюция үдерісін зерттегенде, біз популяцияда жүретін 
генетикалық үдерістерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан 
эволюция дегеніміз – белгілі популяциядағы гендер жиілігінің 
өзгеруі. Сондықтан да популяциялық генетиканы эволюциялық 
генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ популяция-
лар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары 
болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе əр 
алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады. 
Жеке алынған дарабас эволюциялық үрдістің бірлігі бола ал-
майды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді жəне оның өмір 
сүру уақыты шектелген. Сонымен эволюциялық үрдістің қарапайым 
бірлігінің негізін жеке ағза емес популяция құрайды. 
Популяция
 
дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу 
қабілеті бар бір түр ішіндегі ағзалар тобы болып саналады. Популя-
циялар – үздіксіз ұрпақтардың қатары. Бұдан басқа, популяцияның 
генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни ұрпақтан ұрпакқа эво-
люция жолымен дами алады. 
Мал шаруашылығында популяция деп белгілі санымен жəне 
нақты ареалда таралумен сипатталатын мал тобын түсінеді. Мұндай 
популяция басқа популяциялардан генетикалық құрылымымен, 
өнімділік сапасымен тағы басқа белгілерімен айырмашылығы бар. 
Шаруашылық сол тұқыммен ғана айналысатын болса, популяция 
малдың белгілі бір тұқымынан ғана құралуы мүмкін, сонымен қатар 
популяцияның құрамына əртүрлі тұқымдар кіруі де мүмкін. Əдетте 
популяция – тұйықталған топ, себебі малды басқа популяция 
дан 
шеттен əкелу жəне шетке шығару шектелген, өйткені көпшілік 
жағдайда популяциядағы малдардың көбеюі, сол популяциядағы 
аналық жəне аталық малды жұптау арқылы іске асады. Белгілі бір 
популяцияның басқа популяциядан генетикалық құрамы бойынша 
айырмашылығы болады. Белгілі популяцияға дарабастардың барлық 
гендерінің жиынтығы 
генофонд 
деп аталады.


235
Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор – 
тұқым қуалаушылық, өзгергіштік жəне сұрыптау арқылы іске асады. 
Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық 
өзгерістер 
микроэволюция 
деп аталады.
Популяциялардың екі түрін ажыратады: табиғи жəне жасан-
ды. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи 
сұрыпталудың нəтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның 
қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске аса-
ды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында
өсірілетін малдар 
тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады.
Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы 
түсінік – 
таза линия. 
Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің 
ұрпақтары таза линия болып саналады. Мұндай будандастыру-
дан алынған дарабастар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан 
айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар 
популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипаттала-
ды. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақтың гомозиготалық 
дəрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру 
инбред-
ті депрессияға
соқтырады. Сондықтан мал шаруашылығы тəжі-
рибесінде таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылданды-
ру əр уақытта популяцияда жүреді. Ал зертханалық жануарлардың 
(тышқан, егеуқұйрық, т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың 
генетикалық тəжірибелер үшін маңызы зор. Мысалы, жаңадан 
алынған вакциналардың, мутагендердің жəне т.б. препараттардың 
ағзаға əсерін генетикалық біркелкі дарабастарға (линияларға) енгізу 
арқылы анықтау өте ыңғайлы.
Сонымен популяциялық генетика тұқым қуалаушылықтың 
кəдімгі механизмімен айналыспайды, бірақ ол осы механизмнің 
популяцияның эволюциясында атқаратын рөлін, Мендель 
заңдарының популяция деңгейінде іске асуын жəне қарапайым 
эволюциялық факторлардың популяцияның генетикалық құрылы-
мына əсерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет