Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет125/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

10.1 Харди-Вайнберг заңы
Популяциялық генетиканың негізін Харди-Вайнберг заңы 
құрайды. Тұқым қуалаушылықтың корпускулалық теориясы жеке 
генетикалық факторлар ата-аналардан ұрпақтарға өзгеріссіз беріледі 
деп түсіндіреді. Осыны 1908 жылы ағылшын математигі Дж-Харди 


236
жəне неміс генетигі Г.Вайнберг бір-біріне тəуелсіз дəлелдеді. 
Хар-
ди-Вайнберг заңы 
бойынша қарапайым эволюциялық үдерістің фак-
торлары (мутация, сұрыптау, миграция жөне гендер дрейфі) жоқ кез-
де популяцияның гендер (аллельдер) жиілігі белгілі тепе-теңдікке 
тез жетіп, барлық келесі ұрпақтар аралығында өзгермейді.
Харди-Вайнберг заңы мынадай жағдайларды керек етеді: 
біріншіден, популяцияға кіретін ағзалар саны жеткілікті 
мөлшерде көп болуын; 
екіншіден, əртүрлі генотиптердің көбею қабілеттілігі бірдей бо-
луын;
үшіншіден, популяцияда кездейсоқ шағылысудың сақталуын.
Кездейсоқ шағылысу 
немесе 
панмиксия 
деп популяция құрамына 
енетін ағзалардың бір-бірімен еркін шағылысуын түсінеді, мұндағы 
шағылысудың барлық комбинацияларының жиілігі бірдей болады. 
Жеке алғанда, мысалы, генотипі 
АА аналық ағза
генотипі 
АА, Аа 
не-
месе 
аа 
аталықпен ешқандай артықшылықсыз кездейсоқ шағылыса 
алады. Панмиксия гаметалар деңгейінде сақталады деп түсіну керек. 
Əрбір аналық жыныс жасуша кез келген сперматозоидпен бірдей 
мүмкіндік жиілігімен ұрықтанады деп есептеледі.
Харди-Вайнберг заңы формула арқылы өрнектеледі. Айталық 
белгілі бір популяциядағы екі
А 
жəне 
а 
аллельдің жиілігі 
р 
жəне 
q-ге 
тең делік 
(p+q=I). А 
аллелі бар гаметалар 
р 
жиілікпен кездеседі, 
ал 
а 
аллелі бар гаметалардың жиілігі – 
q. 
Гаметалардың зиготаға 
қосылуы кездейсоқ өтетін болса, онда генотипі 
АА 
зиготаның 
жиілігі 
р
2
-қа, 
генотипі 
Аа 
зиготаның жиілігі 
2pq-ге 
жəне генотипі 
аа 
зиготаның жиілігі 
q
2
-қа, яғни биномдық формуланың жіктелу 
мүшелеріне 
(pA+qa)
2
= p
2
AA + 2pqAa + q
2
aa) 
тең болады.
Келесі ұрпаққа гомозиготалы генотиптер гаметаның бір типін 
ғана береді, ал гетерозиготалы генотиптер əртүрлі гаметалардың 
бірдей санын береді. Популяциядағы əрбір дарабас орта есеп-
пен гаметаның бірдей санын берсе, онда əрбір гаметаның үлесі 
популяцияның əртүрлі фенотиптерінің жиілігіне байланысты бола-
ды, сондықтан
А-гаметаның үлесі: 
p
2
1/2(2pq)=p(p+q)=p
а-гаметаның үлесі: 
p
2
+1/2(2pq)=q(p+q)=q
Демек сұрыптаудың не мутацияның əсері жоқ кезде бір ұрпақтан 
кейінгі еркін шағылысуда түзетілетін 
А 
жəне 
а 
гаметаларының 
жиілігі бұл популяцияның бастамасын беретін гаметалар жиілігіне 
тең болады. Бұдан генотиптер арақатынасы келесі ұрпақтарда да 
өзгермейді деуге болады.


237
Харди-Вайнберг заңынан мынадай қорытынды шығады: 
популяцияның бастапқы аталық жəне аналық дарабастарында ал-
лельдер жиілігі бірдей болса, онда кездейсоқ шағылысуда кез келген 
генотиптерінің тепе-теңдік жиілігі бір ұрпақ көлемінде іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет