241
факторлар
деп аталады. Эволюциялық факторлардың негізгі төрт
түрі белгілі:
мутациялық үдеріс, миграция, сұрыптау жəне гендер
дрейфі.
Қайсыбір популяцияның генефонды негізінен
А
1
аллелімен
құралған да,
А
2
аллелінің жиілігі шамалы ғана делік.
Осы бастапқы
гендер жиілігі жоғарыда аталған төрт эволюциялық факторлардың
əсерінен былайша өзгеруі мүмкін. Ең алдымен, А
1
аллелі
А
2
аллеліне
бір немесе бірнеше рет мутациялануы мүмкін нəтижесінде соңғы
аллельдің жиілігі арта түседі. Бұдан басқа жағдайда
А
2
аллелі бар
дарабастар басқа популяциядан қоныс аударуы мүмкін.
Мұндай ми-
грация немесе гендер ағыны да қабылдаушы популяцияның гендер
жиілігін күрт өзгертуі мүмкін. Популяциядағы
А
1
жəне
А
2
дарабастар
өздерінің тіршілік қабілеттілігімен бір-бірінен айырмашылығы бо-
луы мүмкін. Егер
А
2
аллелі бар дарабастардың өміршеңдігі
А,
аллелі
бар
дарабастардан артық болса, онда осы геннің жиілігі келесі
ұрпақта арта түседі, ал
А,
аллелінің жиілігі болса кемиді. Бұл ара-
да біз
табиғи сұрыпталудың
əсерін көреміз. Ол – табиғи популя-
цияның гендер жиілігін реттейтін ең басты фактор.
Гендер дрейфінің əсері шағын популяцияда байқалады.
Мұнда
A
1
жəне А
2
аллелдерінің өзгеруі кездейсоқ жүреді.
Енді негізгі эволюциялық факторларға жеке тоқталамыз.
Мутациялық үдеріс.
Ген мен хромосома мутациясы барлық
генетикалық өзгергіштіктің жалғыз шығу көзі болғанымен, олар өте
сирек өтеді. Мутация – тым баяу үдеріс, сондықтан олар өздігінен
популяцияның генетикалық құрылымын
өте аз жылдамдықпен
өзгертеді. Мутация популяцияның эволюциялық өзгерісін қамтама-
сыз ететін жалғыз үдеріс болса, онда эволюция тым ұзақ уақытқа
созылған болар еді.
Айтылған мəселені түсіну үшін қайсыбір локустың тек
А
1
аллелі
ғана бар дарабастардан құралған популяцияны карастырайық.
А,
аллелі
А
2
аллеллге тұрақты жиілікпен мутацияланады делік те, оның
жиілігін u арқылы белгілейік.
А
Достарыңызбен бөлісу: