Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет100/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
Ультракулгін сəулелер 
микроағзалар үшін күшті мутаген болып 
саналады. Олардың ұзын толқындары микроағзаның  ДНҚ молеку-
ласына жеңіл сіңіріледі. Ультракүлгін жарық əсерінен ДНҚ молеку-
ласында пиримидин негіздері (əсіресе, тимин) димерлері түзіледі. 
Сіңірілу дəрежесі ультракүлгін сəулесі толқынының ұзындығына 
байланысты. Адам жəне сүтқоректілердің жыныс жасушалары 
үшін ультракүлгін сəулелердің генетикалық кауіптілігі жоқ, өйткені 
олар эпидермиске оңай сіңіріліп, теріден ары өте алмайды. Деген-
мен ультракүлгін сəулелер тері жасушасында сомалық мутацияның 


166
түзілуіне себепкер болады, ал терісі ақшыл адамда рак ауруын 
қоздыра алады. Қара, коңыр теріде қара меланин пигменті түзіледі, 
олар ультракүлгін сəулелерді өздеріне сіңіріп, жасуша ДНҚ-сын 
қорғай алады. Сондықтан қара түсті адамда рак ауруы өте сирек 
кездеседі.
Химиялық мутагендер
. Мутагендердің бұл класы табиғатта кең 
таралған. Химиялық мутагендер адам ағзасына тамақ, су, ауа, дəрі-
дəрмектер арқылы енеді. Қоршаған ортаның ластануына байланыс-
ты мутагендердің ауадағы, судағы жəне топырақтағы мөлшері 
жыл сайын артатыны белгілі. Ортада органикалық  канцерогендер, 
тотықтырғыштар, мышьяк, қорғасын, фтор, хром, меркаптандар, пес-
тицидтер, т.б. химикаттардың мөлшері артуда. Өндірістік химиялық 
заттардың аз ғана бөлігі (0,1%) тексерілетініне қарамастан, біраз 
заттардың мутагенділігі анықталды. 
Өндірістік қосылыстардың 20-дан астамының (алкилдер, хи-
нондар, гидроксиламиндер, акридин бояулары, алкалоидтар, 
тотықтырғыштар, т.б.) мутагенділік əсері байқалды. 
Кейбір 
алкилдеуші қосылыстар 
(иприт, нитрозометилмочеви-
на, т.б.) мутация жиілігін 5-50 есе көбейтеді, сондықтан олар 
су-
пермутагендер 
деп аталады. 
Азотты негіздердің ұқсастары 
ДНҚ-
ның құрамына оның репликациясын бұзбай ене алады. Мысалы, 
5-бромдезоксиуридин тиминді алмастыра алады. Бұл аяғында ақуыз 
ерекшелігінің өзгеруіне əкеледі.
Ауыл шаруашылығында қолданылған 
пестицидтердің 
барлық 
түрлерінің (гербицидтер, фунгицидтер, инсектицидтер, т.б.) жəне 
нитраттардың 
мутагендік əсері бар екені дəлелденді. Өсімдіктерде 
жəне суда жиналған пестицидтер ағзаларда мутация деңгейін 
көтереді. Əртүрлі пестицидтер жиі қолданылған аймақтарда 
мекендейтін адамдарда хромосомалық мутация екі есе жиі 
кездесетіні байқалады. Нитраттардың шығу көзі болып минералды 
тыңайтқыштар саналады. Нитраттар бактериялардың əсерінен ни-
триттерге айналады. Нитриттер екінші аминдермен реакцияға түсіп, 
мутагендік қосылыс – нитрозо-аминге айналады. 
Көптеген 
дəрілік препараттардың 
(сульфаниламид, тиазин 
қатарының туындылары, нитрофурандар жəне т.б.), əсіресе олардың 
жоғары концентрациясының мутагендік əсері дəлелденді. Қазіргі 
кезде циклофосфамид, акрихин, митомицин С, нинкристин, хлоро-
пропазин, тренимон, мажетин сияқты препараттардың мутагенділігі 
белгілі болды. Мутагендік белсенділігі тексерілмеген жаңа дəрілік 
препараттарды қолданудың генетикалық аппарат үшін қауіптілігін 


167
гикантон мысалы көрсетеді. Оның балаларда кездесетін гельминт 
ауруы – шистосомиазға қарсы емділігі болғандықтан, онымен əр 
елде жүздеген мың бала емделді. Алайда оның гендік жəне 
хромосомалық мутациялардың түзілуіне əсері кейін белгілі болды.
Адамға əсер етуші жəне ең көп таралған химиялық заттың бірі – 
кофеин. 
Оның микроағзалар үшін мутагендік əсері бар екені белгілі. 
Ағзаға кофеин негізінен шай жəне кофе, кейде дəрілік препараттар-
мен бірге енеді. Ғалымдар ағзада кофеиннің шамадан тыс көбеюі 
салдарынан мутацияның түзілу мүмкіндігін талқылауда. 
Кейбір жағдайда ағза тағам арқылы химиялық мутагендер 
əсеріне душар болуы мүмкін. Жапонияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет