223
I
нүктесін
(А-А
жəне
I-I
осьтерінің қиылысу нүктесі) жер
бетіне түсіру үшін теодолитті
құрылыс торының қосынына
орнатады да, оны абсцисса осі бойынша бағдарлап, ∆
х
1
шамасын
салады, сонда
М
нүктесі пайда болады. Осы
М
нүктесінен
перпендикуляр түсіріп, ордината осінің бағытын анықтайды.
М
–
I
бағытымен ∆
у
1
салып,
I
нүктесін табады.
Осыған ұқсас, жақын маңдағы құрылыс торы қосындарынан
II, III
жəне
IV
нүктелерін жер бетіне түсіруге болады.
Өлшеу нəтижелерін тексеру үшін,
ғимарат қабырғалары ның
жəне диагональдарының теңдігін өлшейді. Тексеру қорытын-
дысында жобалық ұзындық шамаларынан ±5
см
аспауы керек.
Тік бұрыштарында ±60
//
артық ауытқулары болмауы керек.
Алдыңғы параграфта айтылғандай, жоғары дəлдікті өлшеулерге
тұғырдан өлшеу арқылы қол жеткізуге болады.
§ 15.2 Тұғырды қадалау жəне оған осьтерді түсіру
Тұғырды қадалау
. Салынып жатқан
ғимараттың сыртқы кон-
туры бойымен салынған арнаулы қоршауды
тұғыр (обноска)
дейді. Тұғыр арқылы сызықтық өлшеу ыңғайлы болғандықтан,
жоғары дəлдікті өлшеуге қол жеткізуге болады,
яғни осьтерді
дəл салуға мүмкіндік береді (осьтер арасындағы алшақтық 1-2
мм
).
Тұғырды генпланның талаптарын ескере отырып, ғимараттың
немесе құрылыстың осьтеріне параллель етіп орналастырады.
Тұғыр сызықтарын ағаш діңгектермен бекітеді,
мұнда діңгек-
тер
дің ешқайсысы ғимарат осьтерінің үстінен шықпауы керек,
сонымен бірге жер қазу жұмыстарына кедергі болмағаны жөн.
Діңгектерді орнатып болған соң, олардың сыртына көлденең,
қалыңдығы 40-50
мм
тақтай қағады.
Тақтайлардың жоғары
жиектері бір деңгейде, бір жазық жазықтықта болуы үшін, гео-
метриялық нивелирлеу жұмысын жүргізеді
.
Тақтайдың жоғары
жақ биіктігін жер бедеріне қарап адам жүруге, ал биіктік шама-
ларын құрылыс та қолдануға ыңғайлы етіп таңдайды.
Автокөлік
жəне жер қазу механизмдеріне кедергі болмас үшін тұғырдың
үзік тұстары қарас тырылады. Көбінесе тұғыр сызығы үзілмеген,
төртбұрыш ретінде салынады. Күрделі пішінді ғимараттардың
төртбұрышты тұғырларына оның басқа да бөліктерін қоршап
жалғастырады (123-сурет).
224
Ғимараттардың типтеріне жəне
өндіріс шарттарына байла-
нысты,
қатар сызықты тұғырлар
құрылысы пайдаланылуы
мүмкін. Қатар сызықты тұғырлардың əр екеуі бір осьті бекітетін
жекеленген діңгектерден тұрады.
Егер жер бедерінің ыңғайсыз-
дығынан тақтай қағу мүмкін болмаса, онда тұғырды баспалдақ
ретінде құрады (124-сурет).
Тұғыр биіктігі сызықтық өлшемдер жүргізуге, керек кезінде
оның үстіне теодолит аспабын орнатуға ыңғайлы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: