215 § 14.9 Тік жазықтықта тегістеу жұмыстары Тік жазықтықта тегістеу жұмыстарының кешенді жобалық
жұмыстарында алатын орны ерекше. Тік жазықтықта тегістеу
жұмыстары дегеніміз – жер бедерін (құрылыс алаңы рельефін),
ол жерде салынатын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға
ыңғайлы түрге келтіру.
Тік жазықтықта тегістеу кезінде жер бетіндегі (құрылыс
алаңында) жиналатын суларды, ең аз жұмыс шығынымен
басқа жаққа бұру болып саналады. Жұмыс көлемінің аз болу-
ын, биіктіктердің тиімді шамаларын таңдау, яғни құрылыс сы-
зық
тарының қызыл биіктіктері авто жəне темір жолдардың
қиылысқан тұсына дəл келуі, ғимарат еденінің биіктігін таңдау,
цехтарға кіру биіктіктері, жер асты коммуникацияларын қан-
дай тереңдікте орналастыру жұмыстарын сараптай отырып, қол
жеткізеді. Іс жүзінде тік жазықтықта тегістеу жұмыстарын жоба-
лауда негізінен барлық жерге бірдей, таңдамалы немесе аралас-
қан тегістеу жүйелерін қолданады.
Барлық жерге бірдей тегістеу жүйесі , егер құрылыс алаңы
тығыз, бірнеше жолдармен, жер асты коммуникацияларымен то-
лыққан жағдайда қолданылады. Алаңды құрылыспен толық тыру
коэффициенті 25%.
Таңдамалы тегістеу жүйесін , кейбір өндіріс жəне басқа
ғимараттар орналасқан участоктерде ғана қолданады, мұнда
алаңның құрылыс салынбаған тұстарының бұрынғы рельефі сол
бетінде қалады. Бұл жүйенің артықшылығы, мұнда жұмыс көлемі
аз, жиналмалы суды сыртқа ағызу құрылысына кететін шығын
азаяды. Алаңды құрылыспен толықтыру коэффициенті 15% дейін
кемиді.
Араласқан тегістеу жүйесінде құрылыс алаңының кейбір
участоктерінде барлық жерге бірдей тегістеу жүйесі, ал қалған
жерлерінде таңдамалы тегістеу жүйелері қолданылады. Аралас-
қан тегістеу жүйесі генпландарды (бас пландарды) жобалауда
кеңінен қолданылады.
Еркін тегістеу территорияларында жобалық көлбеулік 0,003
аз, 0,05 промильден көп болмауы керек.