289
Орындалған жұмысты түсіру планының ұзынабойлық жəне
көлденең профильдерінің құрылыс жұмыстарын геодезиялық
іспен қамтамасыз етудегі кеңінен қолданылатын масштабтары
3.5-кестеде көрсетілген.
Жер беті инженерлік тораптары топтарына – жер бетімен
жүр
гізілетін автомобиль жəне темір жолдар, əртүрлі каналдар,
құбырлар жатады.
Жер үсті инженерлік тораптарына арнаулы бағаналарда
(мұнараларда) орналасқан аспалы, канатты жəне рельсті жолдар,
электр желісі жəне байланыс тораптары жатады.
Жер асты инженерлік тораптарына жер бетінің деңгейінен
төмен салынатын су құбырлары (ауыз су, өндірістік, өрт сөндіруге
арналған техникалық), канализация (тұрмыстық, өндірістік,
жауын-шашын жəне басқалары), газ құбырлары, жылу торапта-
ры, электр жəне байланыс кабельдері, туннелдер жəне басқалары
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: