283
XVII тарау
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ МОНТАЖДАУ
КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
§ 17.1 Монтаждау алдындағы геодезиялық дайындық
жұмыстары
Технологиялық жабдықтарды алдын ала жерге кіретін бө-
лігіне металл анкерлі болт салып құйылған темірбетонды
фун
даментке орнатады. Болттардың өлшемдері жəне оларды
фундаментке қалай салып, бекітетіні
жабдықтардың жұмыс сыз-
баларында көрсетіледі, мұнда сонымен бірге монтаждау осьтері,
олардың ғимарат немесе құрылыстың бас осьтерімен байланысы
көрсетіледі.
164-сурет
. Кондуктор бойынша фундамент болттарын орнатудың тəсімі.
1 – швеллер; 2 – қалып; 3 – көлденең балка, 4 – гайка;5 – анкерлік болт;
6 – бағана; 7 – тесік
Фундаменттің биіктік жағдайын (биіктік орнын) ғимарат-
тың немесе құрылыстың маңында
орналасқан реперлерден
немесе жабдық фундаментінің бетондалған бөлігіне салынып,
бекітілген реперден бастап нивелирлеу арқылы анықталады.
Мұндай монтаждау реперлері, бас биіктік негіздеріне тірелген
(байланысқан) құрылыс алаңындағы нивелирлеу торын құрады.
284
Фундаменттің бетондалған төменгі бөлігіне салынып, бекітіл-
ген монтаждау жұмыс осьтері белгілерінің пландық орында-
рын теодолиттің көмегімен анықтайды.
Бұл белгілер арматура
кесіндісі, соғылған шегелер немесе əртүрлі құрылысты металл
құрсаулар болуы мүмкін. Белгілерді монтаждау жұмыстары
біткенше жəне істелген жұмыстарды қабылдағанша сақтайды.
Белгілер арқылы конструкцияларды жобалық орнына орнатады
жəне фундаменттің жазық жəне тік жазықтықтарда жылжуын
бақылайды.
Технологиялық жабдықтардың фундаменттерін монтаждау-
ға дайындаудың ең бір керекті жұмыстарының бірі – анкерлік
болттарды жобалық орнына бекіту болып саналады.
Оларды
орна тудың жоғарғы дəлдігі профильдік болаттан жасалған арнау-
лы кондукторлар арқылы іске асады. Прокатты станның жұмыс
клеттерін монтаждауда қолданылатын мұндай кондукторлардың
конструкциясы 164-суретте көрсетілген. Швеллер (
1)
кесіндісіне
екі көлденең балка (
3)
пісіріліп жалғанған, ол профильді металдан
жасалған тік бағанаға (
6)
тірелген. Анкерлі болттар (
5)
үлкен
диа метрлі болса, тік бағаналар (
6)
арматураны салмастан бұрын
тұрғызылады, ал кіші диаметрлі болттар
мен бағаналар бір уақыт-
та орнатылады. Монтаждау жұмыс осьтері арқылы кондук-
тор ды берілген жобалық биіктікке орнатады. Анкерлік болттар-
ды тесікке (
7)
кіргізіп, гайкаларға (
4)
іледі. Болттардың тіктігін,
араларына пісіріліп жалғасқан тіреулер арқылы қамтамасыз
етеді. Берік бекітілген фундамент қалыбының
(2)
ішіне барлық
кондуктор жүйесі орналасады.
Фундаментті бетондамас бұрын,
орындалған жұмыстың тəсімін жасайды да, мұнда фундамент
қаңқасының жобадан пландық жəне биіктік ауытқуларын көрсе-
теді. Ауытқу шамалары төменде келтірілген мəндерінен аспау-
лары керек:
1. Пландағы фундаменттің негізігі өлшемдері, ±30
мм;
2. Фундамент биіктігі бойынша,
қосымша сылақты қоспа-
ғанда, ±30
мм;
3. Пландағы кертпеш өлшемдерінен, ±20
мм;
4. Анкерлі ұя қимасының өлшемдерінен, ±20
мм;
5. Кертпеш биіктігімен шұңқыр жəне құдық һөлшемдері,
±20
мм;
6. Пландағы анкерлі болт осьтері бойынша өлшемдері, ±5
мм;
285
7. План бойынша бетонға салынбақшы құрылым осьтерінің
өлщемдері, ±10
мм;
8. Биіктік бойынша анкерлі бұранда ұшының өлшемдері,
±20
мм.
Қалыпқа бетон қоспаны құю кезінде, анкерлі болттың бұран-
да сызықтары (резбасы) бар бөлігін мүмкін
болатын бұзылудан
сақтау керек. Фундаменттің монтаждау жұмысына дайын бол-
ғанын, орындалған жұмыстың тəсімінде көрсетілетін, тексеру
өлшемдерінің нəтижелері арқылы жүргізіледі. Мұнда фундамент-
тің жобалық жəне нақтылы биіктік шамалары; фундамент осьтерін
байланыстыру; фундаменттің жерге салынатын
бөлігінің жоба лық
жəне нақтылы биіктік шамалары; осьтер жəне репер белгілері-
нің орындары көрсетіледі. Фундаменттің монтаждау жұмысына
дайындығын, тапсырма берушінің жəне монтаждау мекемесінің
қол қойылған акт арқылы құжат дайындалады да, əрқайсысына
бір-бір данасы табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: