Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет132/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

158-сурет
. Кран асты рельстерін монтаждау үшін 
осьтерді қадалау тəсімі
Айталық, 
АВ
сызығы ғимарат ішіне құрылыс осьтерін қадалау 
кезінде бекітілген кран асты иінінің
симметрия осі (158-сурет). 
Алдымен көпірлік кран рельсінің осін, кран асты балкасына 
(Б)
шығарады. Ол үшін 
АВ
сызығына параллель 
l
қашықтықта 
ab
сызығын жүргізеді, мұнда 
ab 
сызығы арқылы өтетін тік 
жазықтық, кран асты балкасына бекітілген арматура кесіндісі 
үстіндегі 
a
/
, b
/
нүктелерін басып өтуі 
керек. 
d
қашықтығына тең, қатар сы-
зықты жоғарыға жеткенше шығарып, 
кран асты рельсі осінің жобалық орна-
ласу жағдайын анықтайды. Рельстің 
екінші жағын кран жолының жобалық 
арақашықтығына тең етіп, өлшеп табады. 
Мұнда температураға, өз салмағынан 
созылуға түзету шамаларын есепке алып 
отыру керек.
Рельстердің түзу сызықтылығына, 
159-сурет
. Кран асты 
рельстері осьтерінің 
арасын өлшеу тəсімі
18–589


274
түбін (астын) ығыстыра қазып түзету арқылы қол жеткізеді. 
Түзетілген рельсті балкаға арнаулы конструкциялы құрсау 
арқылы бекітеді. Рельстің биіктігін, оның астына салынатын 
салманың
қалыңдығын өзгерте отырып реттейді.
Егер рельстер осінің арасындағы қашықтық өлшегіш жабдық-
тан артық болса, онда тіктеуіштің көмегімен атқаруға болады. Ол 
үшін рельс осінің бағытына перпендикуляр тақтайларды бекітеді 
де, олардың шет жағына 
а
1
жəне 
а
2
нүктелеріне ауыр тіктеуіш 
іледі (159-сурет). Тіктеуіштерді жазық тақтай деңгейінен төмен 
түсіріп, қою сұйық құйылған ыдыс ішіне түсіреді. 
А
жəне 
В
арақашықтығын өлшейді. Толық рельстер арасын өлшеу үшін 
d
арақашықтығына миллиметрлік сызғышпен өлшенген, тіктеуіш 
жібінен кран асты балкаларына немесе рельстеріне дейінгі 
d
1
жəне 
d
2
кесінділерін қосады .
Кран асты балкаларын, рельстерін соңғы рет түзетіп жəне 
монтаждап болған соң, кран жабдықтарын пландық жəне биіктік 
орналасу жағдайларының тəсімін жасайды да, монтаждау 
жұмыс 
тарын тапсыруға дайындайды. Тəсім үлгісі 160-суретте 
берілген.
Фермаларды монтаждау кезіндегі қадалау жұмыстары
. Не-
гізгі жабу конструкциясы болып фермалар саналады, олардың 
жабу ұзындығы 12, 15, 18,...., 36 
м
болып келеді. Фермаларды 
үшбұрышты полигональды, параллель белдемелі етіп жасайды. 
Фермалардың ең көп тараған түрі – полигональды қаңқалы 
болып келеді. Фермаларды монтаждау жұмыстарын қадалау, 
бағаналар басына бағана қатарының осін салудан тұрады. Ол 
үшін бағаналардың бірінің үстіне теодолит орнатып, оны шеткі 
бағананың ортасына бағдарлайды да, осы ось сəулесін аралық- 
тағы барлық бағана қатарының басына проекциялайды. Бағана 
үстіне ферманы орнатып болған соң, ферманың төменгі бел-
демесінің жазықтығын жəне ферма жазықтығының тіктігін 
тексеріп түзетеді. Ферманың төменгі белдемелік жазықтығын, 
ферманың түйіндік (жалғасқан) нүктелерін нивелирлеу, ал түзу 
сызықтығын тірек түйіндері арасына сым керу арқылы түзетеді. 
Төменгі белдеменің төмен ойысуы (стрела прогиба) ферма 
ұзындығының 1/1500 қатынасындай шамадан кем, бірақ 10 
мм
артпауы керек.


275
Ферма жазықтығының, сонымен бірге ортаңғы түйіндері-
нің тіктігін, яғни тік жазықтықтан ауытқуын тіктеуіш арқылы 
тек 
середі. Ферманың тік жағдайынан ауытқу шамасы, ферма 
биіктігінің 1/250 қатынасындай шамадан аспауы керек.
Монтаждау жұмыстарының сапасы төменде келтірілген шек-
тік шамаларды сақтауға байланысты.
Кран асты балкалары жəне кран асты темір жолдары құрама 
темірбетондарының шектік шамалары: 
1. Іргелес бір қатардағы бағаналар үстіндегі кран асты рельс-
терінің айырмашылығы 
(l
– бағаналардың аралық қашық тығы), 
0.001
 l,
бірақ 10 
мм
көп емес;
2. Кран асты балкалары осьтерінің, бағананың тірелген қадалау 
осінен ауытқуы ±5 
мм;
3. Бір иіндегі кран асты рельс осьтерінің аралық қашық-
тықтарының ауытқуы ±10 
мм;
4. Кран асты рельс осінің, кран асты балкалар осіне қарағандағы 
ауытқуы, ±15 
мм;
5. Екі іргелес бағаналар қатарындағы жəне екі көлденең 
қималық бағаналарының, кран асты балкаларының жоғарғы жақ 
биіктік шамаларының ауытқуы ±15 
мм;
6. Бір ғимарат тұсындағы кран асты рельс бастарының биіктік 
шамаларының ауытқуы:
бір иінде, 15 
мм;

тіреулерде, 20 
мм
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет